Кеден одағының "Төменгі вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 004/2011), "Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 010/2011) және "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімдігі туралы" (КО ТР 020/2011) техникалық регламенттерінің күшіне енуіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағында санитариялық шараларды қолдану туралы" 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімінің 2-1-тармағы он алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- Кеден одағының "Төменгі вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 004/2011), "Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 010/2011) және "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімдігі туралы" (КО ТР 020/2011) техникалық регламенттерінің күшіне енуіне байланысты осы регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қойылатын талаптар бөлігінде "Машина жасау, прибор жасау және электр техникасы өнімдеріне қойылатын талаптардың" 7-бөлімінің 3-кіші бөлімінің екінші, үшінші, бесінші, он екінші, он үшінші және 5-кіші бөлімінің бірінші-оныншы, он сегізінші абзацтары бойынша - 2020 жылғы 15 қазанға дейін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |