2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 6 өкімінің 1.8-тармақшасын орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 3210 00 900 1 кодымен сыныпталатын былғары аяқ киім өнеркәсібіне арналған бояулар мен лактерге және ЕАЭО СЭҚ ТН 3402 90 100 2 кодымен сыныпталатын үстіңгі жағының белсенді заттарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 қазанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін.
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3210 00 900 1 және ЕАЭО СЭҚ ТН 3402 90 100 2 кодтары бар позициялардағы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертудегі "10С" және "11С" сілтемелер тиісінше "77С" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 11С ескертудің күші жойылды деп танылсын;
в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 77С ескертумен толықтырылсын:
"77С Кедендік құнның 0 пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 112 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 қазанға дейін қолданылады.".
3. Еуразиялық экономикалық комисия Алқасының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 62 шешімімен бекітілген Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі ставкаларынан ерекше кедендік әкелу баждары ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалар тізбесіндегі ЕАЭО СЭҚ ТН 3402 90 100 2 коды бар позиция алып тасталсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |