Былғары аяқ киім өнеркәсібіне арналған бояуларға, лактар мен үстіңгі жағының белсенді заттарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу және Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан ерекше кедендік әкелу баждары ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 112 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 6 өкімінің 1.8-тармақшасын орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 3210 00 900 1 кодымен сыныпталатын былғары аяқ киім өнеркәсібіне арналған бояулар мен лактерге және ЕАЭО СЭҚ ТН 3402 90 100 2 кодымен сыныпталатын үстіңгі жағының белсенді заттарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 қазанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін.

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3210 00 900 1 және ЕАЭО СЭҚ ТН 3402 90 100 2 кодтары бар позициялардағы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертудегі "10С" және "11С" сілтемелер тиісінше "77С" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 11С ескертудің күші жойылды деп танылсын;

      в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 77С ескертумен толықтырылсын:

      "77С Кедендік құнның 0 пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 112 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 қазанға дейін қолданылады.".

      3. Еуразиялық экономикалық комисия Алқасының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 62 шешімімен бекітілген Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі ставкаларынан ерекше кедендік әкелу баждары ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалар тізбесіндегі ЕАЭО СЭҚ ТН 3402 90 100 2 коды бар позиция алып тасталсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады