2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;
б) №2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.
2. Жоғары Еуразиялық экономикаалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу баждары ставкаларын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 1101 00 150 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:
"1101 00 150 1 | – – – | В1 витаминін және оның 1,2 мг/кг кем емес, бірақ 2,8 мг/кг артық емес туындыларын, В2 витаминін және оның 2,1 мг/кг кем емес, бірақ 3,9 мг/кг артық емес туындыларын, В3 витаминін және оның 9 мг/кг кем емес, бірақ 11 мг/кг артық емес туындыларын, В9 витаминін және оның 0,5 мг/кг кем емес, бірақ 1,5 мг/кг артық емес туындыларын, 12 мг/кг кем емес, бірақ 18 мг/кг артық емес темірді (NaFeEDTA нысанында), 24 мг/кг кем емес, бірақ 36 мг/кг артық емес мырышты (ZnO нысанында) қамтитын |
1101 00 150 9 | – – – | өзгелері". |
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 121 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосалқы өлшем бірлігі |
1101 00 110 0 | – – қатты бидайдан алынған ұн | – |
1101 00 150 0 | – – жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған ұн | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 121 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосалқы өлшем бірлігі |
1101 00 110 | – – қатты бидайдан алынған ұн: | |
1101 00 110 1 | – – – В1 витаминін және оның 1,2 мг/кг кем емес, бірақ 2,8 мг/кг артық емес туындыларын, В2 витаминін және оның 2,1 мг/кг кем емес, бірақ 3,9 мг/кг артық емес туындыларын, В3 витаминін және оның 9 мг/кг кем емес, бірақ 11 мг/кг артық емес туындыларын, В9 витаминін және оның 0,5 мг/кг кем емес, бірақ 1,5 мг/кг артық емес туындыларын, 12 мг/кг кем емес, бірақ 18 мг/кг артық емес темірді (NaFeEDTA нысанында), 24 мг/кг кем емес, бірақ 36 мг/кг артық емес мырышты (ZnO нысанында) қамтитын | – |
1101 00 110 9 | – – – өзгелері | – |
1101 00 150 | – – жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған ұн: | |
1101 00 150 1 | – – – В1 витаминін және оның 1,2 мг/кг кем емес, бірақ 2,8 мг/кг артық емес туындыларын, В2 витаминін және оның 2,1 мг/кг кем емес, бірақ 3,9 мг/кг артық емес туындыларын, В3 витаминін және оның 9 мг/кг кем емес, бірақ 11 мг/кг артық емес туындыларын, В9 витаминін және оның 0,5 мг/кг кем емес, бірақ 1,5 мг/кг артық емес туындыларын, 12 мг/кг кем емес, бірақ 18 мг/кг артық емес темірді (NaFeEDTA нысанында), 24 мг/кг кем емес, бірақ 36 мг/кг артық емес мырышты (ZnO нысанында) қамтитын | – |
1101 00 150 9 | – – – өзгелері | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 121 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құнның пайызымен не евромен, не АҚШ долларымен) |
1101 00 110 1 | – – – В1 витаминін және оның 1,2 мг/кг кем емес, бірақ 2,8 мг/кг артық емес туындыларын, В2 витаминін және оның 2,1 мг/кг кем емес, бірақ 3,9 мг/кг артық емес туындыларын, В3 витаминін және оның 9 мг/кг кем емес, бірақ 11 мг/кг артық емес туындыларын, В9 витаминін және оның 0,5 мг/кг кем емес, бірақ 1,5 мг/кг артық емес туындыларын, 12 мг/кг кем емес, бірақ 18 мг/кг артық емес темірді (NaFeEDTA нысанында), 24 мг/кг кем емес, бірақ 36 мг/кг артық емес мырышты (ZnO нысанында) қамтитын | 10 |
1101 00 110 9 | – – – өзгелері | 10 |
1101 00 150 1 | – – – В1 витаминін және оның 1,2 мг/кг кем емес, бірақ 2,8 мг/кг артық емес туындыларын, В2 витаминін және оның 2,1 мг/кг кем емес, бірақ 3,9 мг/кг артық емес туындыларын, В3 витаминін және оның 9 мг/кг кем емес, бірақ 11 мг/кг артық емес туындыларын, В9 витаминін және оның 0,5 мг/кг кем емес, бірақ 1,5 мг/кг артық емес туындыларын, 12 мг/кг кем емес, бірақ 18 мг/кг артық емес темірді (NaFeEDTA нысанында), 24 мг/кг кем емес, бірақ 36 мг/кг артық емес мырышты (ZnO нысанында) қамтитын | 7,5 |
1101 00 150 9 | – – – өзгелері | 7,5 |