Құнарландырылған ұнға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу баждары ставкаларын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 121 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;

      б) №2 қосымшаға сәйкес  Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар енгізілсін;

      в)  № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.

      2.  Жоғары Еуразиялық экономикаалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу баждары ставкаларын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 1101 00 150 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

"1101 00 150 1

– – – 

В1 витаминін және оның 1,2 мг/кг кем емес, бірақ 2,8 мг/кг артық емес туындыларын, В2 витаминін және оның 2,1 мг/кг кем емес, бірақ 3,9 мг/кг артық емес туындыларын, В3 витаминін және оның 9 мг/кг кем емес, бірақ 11 мг/кг артық емес туындыларын, В9 витаминін және оның 0,5 мг/кг кем емес, бірақ 1,5 мг/кг артық емес туындыларын, 12 мг/кг кем емес, бірақ 18 мг/кг артық емес темірді (NaFeEDTA нысанында), 24 мг/кг кем емес, бірақ 36 мг/кг артық емес мырышты (ZnO нысанында) қамтитын

1101 00 150 9

– – – 

өзгелері".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 121 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосалқы өлшем бірлігі

1101 00 110 0

– – қатты бидайдан алынған ұн

1101 00 150 0

– – жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған ұн

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 121 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосалқы өлшем бірлігі

1101 00 110

– – қатты бидайдан алынған ұн:

1101 00 110 1

– – – В1 витаминін және оның 1,2 мг/кг кем емес, бірақ 2,8 мг/кг артық емес туындыларын, В2 витаминін және оның 2,1 мг/кг кем емес, бірақ 3,9 мг/кг артық емес туындыларын, В3 витаминін және оның 9 мг/кг кем емес, бірақ 11 мг/кг артық емес туындыларын, В9 витаминін және оның 0,5 мг/кг кем емес, бірақ 1,5 мг/кг артық емес туындыларын, 12 мг/кг кем емес, бірақ 18 мг/кг артық емес темірді (NaFeEDTA нысанында), 24 мг/кг кем емес, бірақ 36 мг/кг артық емес мырышты (ZnO нысанында) қамтитын

1101 00 110 9

– – – өзгелері

1101 00 150

– – жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған ұн:

1101 00 150 1

– – – В1 витаминін және оның 1,2 мг/кг кем емес, бірақ 2,8 мг/кг артық емес туындыларын, В2 витаминін және оның 2,1 мг/кг кем емес, бірақ 3,9 мг/кг артық емес туындыларын, В3 витаминін және оның 9 мг/кг кем емес, бірақ 11 мг/кг артық емес туындыларын, В9 витаминін және оның 0,5 мг/кг кем емес, бірақ 1,5 мг/кг артық емес туындыларын, 12 мг/кг кем емес, бірақ 18 мг/кг артық емес темірді (NaFeEDTA нысанында), 24 мг/кг кем емес, бірақ 36 мг/кг артық емес мырышты (ZnO нысанында) қамтитын

1101 00 150 9

– – – өзгелері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 121 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құнның пайызымен не евромен, не АҚШ долларымен)

1101 00 110 1

– – – В1 витаминін және оның 1,2 мг/кг кем емес, бірақ 2,8 мг/кг артық емес туындыларын, В2 витаминін және оның 2,1 мг/кг кем емес, бірақ 3,9 мг/кг артық емес туындыларын, В3 витаминін және оның 9 мг/кг кем емес, бірақ 11 мг/кг артық емес туындыларын, В9 витаминін және оның 0,5 мг/кг кем емес, бірақ 1,5 мг/кг артық емес туындыларын, 12 мг/кг кем емес, бірақ 18 мг/кг артық емес темірді (NaFeEDTA нысанында), 24 мг/кг кем емес, бірақ 36 мг/кг артық емес мырышты (ZnO нысанында) қамтитын

10

7,5

1101 00 150 9

– – – өзгелері

7,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады