1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тауарларды транзиттік тасымалдарды қадағалау жүйесі негізінде тауарлардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары ("жол картасы") бекітілсін.
2. Осы Өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 4 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тауарларды транзиттік тасымалдарды қадағалау жүйесі негізінде тауарлардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары ("жол картасы")
Іс-шараның атауы | Күтілетін нәтиже | Жауапты орындаушы | Іске асыру мерзімі |
---|---|---|---|
1. Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай транзит жүйесі туралы келісімнің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, Келісім) жобасы бойынша келіспеушіліктерді реттеу, мынадай мәселелерді қоса алғанда: | келіспеушіліктерді реттеу қорытындылары бойынша Келісім жобасын пысықтау |
Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), |
2020 ж. |
Келісім жобасына мемлекетішілік келісуді жүргізу және қажет болған жағдайда оны пысықтау |
2020 ж. | ||
Келісімге қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу және Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу |
2021 ж. | ||
2. Мүше мемлекеттердегі қадағалау жүйесінің ұлттық операторларын (бұдан әрі – ұлттық операторлар) айқындау |
мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері | мүше мемлекеттер |
2020 ж. |
3. Тауарлардың кедендік транзиті кезінде мүше мемлекеттердің бірыңғай тәсілдемелерін әзірлеу көзделетін қадағалау жүйесін қолдану моделін мына бөліктерде: |
Комиссияға | мүше мемлекеттер |
2020 ж. |
Комиссия |
Комиссия, |
2020 ж. | |
4. Навигациялық пломбаларға қойылатын типтік талаптарды айқындау (Комиссия Алқасының тиісті шешімімен көзделген бірыңғай талаптар айқындалғанға дейін) | Комиссия Алқасының ұсынымдары |
Комиссия, |
2020 ж. |
5. Мүше мемлекеттерде тауарларды тасымалдау кезінде навигациялық пломбалардың пайдаланылуын тестілеу бойынша (біржақты және бірлескен) эксперименттер жүргізу, олардың нәтижелері қадағалау жүйесіне қатысты бөліктегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде ескерілетін болады | эксперименттерге қатысушылардың оларды өткізу нәтижелері туралы ақпараты |
мүше мемлекеттер |
2019 ж. IV тоқсаны – |
6. Тауарлардың кедендік транзиті кезіндегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған шараларды қолдануға арналған тәсілдемелерді бірдейлендіру жөніндегі мәселелерді пысықтау |
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері бірлескен алқасының шешімі | Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы | 2020 ж. I тоқсаны |
7. Кедендік трназиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімнің жобасын оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберу |
Комиссия |
Комиссия, мүше мемлекеттер |
2020 ж. |
8. 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа Келісімді және қадағалау жүйесін қолдануды қамтамасыз ету үшін қажетті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындау (бұдан әрі – Өзгерістер енгізу туралы хаттама) | Өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасын әзірлеу |
Комиссия, |
2020 ж. |
Өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасына мемлекетішілік келісуді жүргізу және қажет болған жағдайда оны пысықтау |
2020 ж. | ||
Өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу және Өзгерістер енгізу туралы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу |
2021 ж. | ||
9. Өзгерістер енгізу туралы хаттамамен берілген құзыреттің шегінде навигациялық пломбаларға қойылатын типтік талаптарды және навигациялық пломбалардан әртүрлі сигналдар келіп түскен (қажетті сигналдар келіп түспеген) жағдайда кеден органдарының және процеске басқа да қатысушылардың әрекет ету тәртібін айқындауды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде айқындалған өкілеттіктерге сәйкес тауарлардың кедендік транзиті кезінде қадағалау жүйесін қолдануды қамтамасыз ететін Комиссия актілерін және мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және қабылдау |
Комиссия актілері, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері |
Комиссия, | Өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жарты жыл ішінде |
10. Қадағалау жүйесінің Одақтың басқа да цифрлық жобаларымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу (тауарлардың қадағалануы, цифрлық көлік дәліздері, электрондық ілеспе құжаттар және т.б.) | Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобалардың жалпы функционалдық инфрақұрылым моделі |
Комиссия, |
2020 ж. |
|
мүше мемлекеттердің баяндамасы |
мүше мемлекеттер |
2020 ж. |