Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тауарларды транзиттік тасымалдарды қадағалау жүйесі негізінде тауарлардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары ("жол картасы") туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 4 өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тауарларды транзиттік тасымалдарды қадағалау жүйесі негізінде тауарлардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары ("жол картасы") бекітілсін.

      2. Осы Өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук


  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 4 өкімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тауарларды транзиттік тасымалдарды қадағалау жүйесі негізінде тауарлардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары ("жол картасы")

Іс-шараның атауы Күтілетін нәтиже Жауапты орындаушы

Іске асыру мерзімі

1. Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай транзит жүйесі туралы келісімнің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, Келісім) жобасы бойынша келіспеушіліктерді реттеу, мынадай мәселелерді қоса алғанда:
 
атасымалдау кезінде техникалық (технологиялық) құралдар (электрондық навигациялық пломбалар) (бұдан әрінавигациялық пломбалар) пайдаланылатын көлік түрлері
 
бнавигациялық пломбалар пайдаланыла отырып аумақтық қағидат бойынша, оның ішінде тауарларды мүше мемлекеттердің арасында үшінші елдердің аумақтары арқылы тасымалдау кезінде транзиттік тауарлар тасымалдарын қадағалау жүйесін (бұдан әрі – қадағалау жүйесі) қолдануды қамту
 
вқадағалау жүйесі қолданылатын жағдайлар және тауарлар санаттары

келіспеушіліктерді реттеу қорытындылары бойынша Келісім жобасын пысықтау

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия),
Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер)

2020 ж.
I – II тоқсандары
 
 

Келісім жобасына мемлекетішілік келісуді жүргізу және қажет болған жағдайда оны пысықтау

2020 ж.
III – IV тоқсандары
 
 

Келісімге қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу және Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу

2021 ж.
I – II тоқсандары
 
 
 

2. Мүше мемлекеттердегі қадағалау жүйесінің ұлттық операторларын (бұдан әрі – ұлттық операторлар) айқындау
 

мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері
 

мүше мемлекеттер

2020 ж.
I – II тоқсандары
 

3. Тауарлардың кедендік транзиті кезінде мүше мемлекеттердің бірыңғай тәсілдемелерін әзірлеу көзделетін қадағалау жүйесін қолдану моделін мына бөліктерде:
 
анавигациялық пломбаны қамтуға тиіс мәліметтердің құрамын
бұлттық операторлардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын (тікелей өздерінің арасында және (немесе) Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып)
внавигациялық пломбаларды салуды және алуды жүзеге асыратын адамдарды (кеден органдарының қызметкерлері, уәкілетті ұйымдардың өкілдері, өзге де адамдар), сондай-ақ оларды салу және алу орындарын (Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлер, Одақтың кедендік аумағында, жүру жолында)
гнавигациялық пломбаларды көлік құралын екі және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалдау кезінде пайдалануды (1 пломба бүкіл жол жүру бойында немесе әрбір мүше мемлекетте жеке пломба)
д) ұлттық операторлар мен кеден органдарының арасында алмасуға жататын ақпараттың құрамын
екеден органдарының ұлттық операторлардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу (кеден органдарының өз мүше мемлекетінің ұлттық операторының ақпараттық жүйесіне немесе басқа мүше мемлекеттердің ұлттық операторларының ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу) режимін
жнавигациялық пломбалардан әртүрлі сигналдар келіп түскен (қажетті сигналдар келіп түспеген) жағдайда кеден органдарының және процеске басқа да қатысушылардың әрекеттерін
зкедендік және өзге де бақылау түрлерін қолдануды оңайлату жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, навигациялық пломбаларды пайдалану кезінде мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына берілуі мүмкін ықтимал артықшылықтарды (кедендік биресмиліктерді, кедендік транзит, көлік, карантиндік фитосанитариялық, ветеринариялық бақылауды (қадағалауды))
и) ұлттық оператордың кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар төлеу жөніндегі декларантпен ынтымақты міндеттерін, оның ішінде көрсетілген міндеттерді бір ұлттық оператордан екінші ұлттық операторға ауыстыруды (аражігін ажыратуды) айқындау

Комиссияға
ұсыныстар беру
 

мүше мемлекеттер

2020 ж.
I тоқсаны

Комиссия
Кеңесінің өкімі
 

Комиссия,
мүше мемлекеттер
 

2020 ж.
II тоқсаны
 

4. Навигациялық пломбаларға қойылатын типтік талаптарды айқындау (Комиссия Алқасының тиісті шешімімен көзделген бірыңғай талаптар айқындалғанға дейін)

Комиссия Алқасының ұсынымдары

Комиссия,
мүше мемлекеттер
 

2020 ж.
II тоқсаны

5. Мүше мемлекеттерде тауарларды тасымалдау кезінде навигациялық пломбалардың пайдаланылуын тестілеу бойынша (біржақты және бірлескен) эксперименттер жүргізу, олардың нәтижелері қадағалау жүйесіне қатысты бөліктегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде ескерілетін болады
 

эксперименттерге қатысушылардың оларды өткізу нәтижелері туралы ақпараты

мүше мемлекеттер
 

2019 ж. IV тоқсаны –
2020 ж II тоқсаны.
(Қырғыз Республикасы үшін −
2019 ж. IV тоқсаны −
2020 ж. III тоқсаны)

6. Тауарлардың кедендік транзиті кезіндегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған шараларды қолдануға арналған тәсілдемелерді бірдейлендіру жөніндегі мәселелерді пысықтау
 

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері бірлескен алқасының шешімі
 

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы

2020 ж. I тоқсаны

7. Кедендік трназиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімнің жобасын оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберу

Комиссия
Кеңесінің өкімі

Комиссия, мүше мемлекеттер
 

2020 ж.
I – II тоқсандары
 

8. 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа Келісімді және қадағалау жүйесін қолдануды қамтамасыз ету үшін қажетті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындау (бұдан әрі – Өзгерістер енгізу туралы хаттама)
 

Өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасын әзірлеу

Комиссия,
мүше мемлекеттер
 

2020 ж.
I – II тоқсандары

Өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасына мемлекетішілік келісуді жүргізу және қажет болған жағдайда оны пысықтау

2020 ж.
III – IV тоқсандары
 

Өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу және Өзгерістер енгізу туралы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу

2021 ж.
I – II тоқсандары
 
 

9. Өзгерістер енгізу туралы хаттамамен берілген құзыреттің шегінде навигациялық пломбаларға қойылатын типтік талаптарды және навигациялық пломбалардан әртүрлі сигналдар келіп түскен (қажетті сигналдар келіп түспеген) жағдайда кеден органдарының және процеске басқа да қатысушылардың әрекет ету тәртібін айқындауды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде айқындалған өкілеттіктерге сәйкес тауарлардың кедендік транзиті кезінде қадағалау жүйесін қолдануды қамтамасыз ететін Комиссия актілерін және мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және қабылдау

Комиссия актілері, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері
 

Комиссия,
мүше мемлекеттер
 

Өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жарты жыл ішінде

10. Қадағалау жүйесінің Одақтың басқа да цифрлық жобаларымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу (тауарлардың қадағалануы, цифрлық көлік дәліздері, электрондық ілеспе құжаттар және т.б.)

Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобалардың жалпы функционалдық инфрақұрылым моделі

Комиссия,
мүше мемлекеттер
 

2020 ж.
I – II тоқсандары


11. 
Навигациялық пломбаларды пайдаланумен байланысты кедендік қағидаларды бұзғандық үшін белгіленген санкциялардың мөлшерлестігін қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттердің әкімшілік заңнамасында көзделген нормаларды жақындастыру бойынша жұмыстар жүргізу және Комиссия Кеңесіне есеп беру

мүше мемлекеттердің баяндамасы
 
 

мүше мемлекеттер
 

2020 ж.
IV тоқсаны
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады