2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиция алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік әкелу тарифінің ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 75С ескертумен толықтырылсын:
"75С) кедендік құнның 6,5 % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 84 шешімі күшіне енген күннен бастапқоса алғанда 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін қолданылады;
д) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 39-тобына қосымша ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертулері:
1. 3901 40 000 1 кіші қосалқы тауар позициясына меншікті салмағы 0,94-тен төмен этилен-альфа-олефин сополимерлері енгізіледі, егер олар келесі сипаттамалардың біріне немесе бірнешеуіне ие болса:
- құрамында октен-1 болса;
- меншікті салмағы 0,916-дан төмен болса;
- балқу температурасы 120 ° C-тан төмен болса.
2. 3904 10 000 1 кіші қосалқы позицияда:
"поливинилхлоридті эмульсиялық шайырлар" термині бастапқы бөліктерінің мөлшері 0,1-3 мкм болатын, поливинилхлоридті эмульсиялық шайырларды полимерлеу кезінде алынған поливинилхлоридті шайырларды білдіреді;
"поливинилхлоридті микросуспенсиялы шайырлар" термині бастапқы бөліктерінің мөлшері 0,1-3 мкм болатын, поливинилхлоридті шайырларды микросуспензиялап полимерлеу кезінде алынған поливинилхлоридті білдіреді;
"поливинилхлоридэкстендер шайырлары" термині бөліктерінің мөлшері 20 – 50 мкм болатын поливинилхлоридті шайырларды суспезиялық полимерлеу кезінде алынған поливинилхлоридэкстендер шайырларды білдіреді.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтьн сезімтал тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ 3901 40 000 0 коды бар позиция мынадай позициялармен ауыстырылсын.
"3901 40 000 1 |
– – Еуразиялық экономикалық одақтың осы топқа |
3901 40 000 9 | – – өзгелері". |
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 84 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасынан алып тасталатын ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшеу бірлігі |
3901 40 000 0 | – меншікті салмағы 0,94-тен төмен этилен-альфа-олефин сополимерлері | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 84 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына енгізілетін ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшеу бірлігі |
3901 40 000 | – меншікті салмағы 0,94-тен төмен этилен-альфа-олефин сополимерлері | |
3901 40 000 1 |
– – Еуразиялық экономикалық одақтың осы топқа қосымша | – |
3901 40 000 9 | – – өзгелері | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 84 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Брыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН | Позицияның атауы | Кедендік баж салығының ставкасы (кедендік құннан пайызбен, евромен немесе АҚШ долларымен) |
3901 40 000 1 | – – Еуразиялық экономикалық одақтың осы топқа қосымша 1-ескертуінде көрсетілген сополимерлер | 0 |
3901 40 000 9 | – – өзгелері | 075С) |