1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Тауарларды навигациялық пломбаларды пайдалана отырып транзиттік тасымалдауды қадағалау жүйесі негізінде Еуразиялық экономикалық одақта тауралардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту жөніндегі іс-шаралардың ("жол картасы") жоспары туралы" 2020 жылғы 21 ақпандағы № 4 өкіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Автомобильмен транзиттік тасымалдар мониторингі бойынша эксперименттің нәтижелері туралы" 2019 жылғы 28 мамырдағы № 19 өкімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 19 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 21 ақпандағы № 5 өкімі.
3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов А.Новиков А.Оверчук
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Кеңесінің 2020 жылғы 30 қазандағы | |
№ 24 өкіміне | |
ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 4 өкіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-тармақтың атауындағы "транзиттік" деген сөз алып тасталсын.
2. Көрсетілген өкіммен бекітілген Тауарларды навигациялық пломбаларды пайдалана отырып транзиттік тасымалдауды қадағалау жүйесі негізінде Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту жөніндегі іс-шаралардың ("жол картасы") жоспарында:
а) атауындағы "транзиттік" деген сөз алып тасталсын;
б) 1-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
1. Еуразиялық экономикалық одақта (бұдан әрі - Одақ) тауарлардың бірыңғай кедендік транзиті жүйесі туралы келісім жобасын әзірлеу, онда мына мәселелерді қамту: |
Келісімнің жобасын | Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия), Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) |
2021 жылғы |
б) тауарлардың Одақта кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі аясында халықаралық интеграциялық бірлестіктермен және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен өзара іс-қимылы мүмкіндігін анықтау | Келісімге қол үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу |
2021 жылғы | |
2. Мүше мемлекеттерде навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тауарлар тасымалын қадағалау жүйесінің (бұдан әрі – қадағалау жүйесі) ұлттық операторларын айқындау | мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері | мүше мемлекеттер |
2021 жылғы |
3. Одақта тауарлар тасымалын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану мәселелері жөнінде Одақ шеңберінде халықаралық шарттың жобасын әзірлеу |
халықаралық шарттың жобасын әзірлеу | Комиссия, мүше мемлекеттер |
2020 жылғы |
в) 4-тармақтағы "2020 жылғы ІІ тоқсан" деген сөздер "2020 жылғы ІҮ тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) 5-тармақтағы "2019 жылғы ІҮ тоқсан" деген сөздер "2020 жылғы ІІ тоқсан (Қырғыз Республикасы үшін – 2019 жылғы ІҮ тоқсан- 2020 жылғы ІІІ тоқсан)" деген сөздер "2021 жылғы ІІ тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) 6-тармақтағы "2020 жылғы І тоқсан" деген сөздер "2020 жылғы ІҮ" тоқсан деген сөздермен ауыстырылсын;
е) 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылғы 11 сәуірдегі Кеден кодексі туралы шартына осы жоспардың 1 және | Хаттаманың жобасын әзірлеу | Комиссия, мүше мемлекеттер |
2021 жылғы І – ІІ |
9. Комиссияның осы жоспардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық шарттарда айқындалған өкілеттіктерге сәйкес қадағалау жүйесінің қолданылуын қамтамасыз ететін актілері мен мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және қабылдау | Комиссия актілері, мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық актілері | Комиссия, мүше мемлекеттер | осы жоспардың 3-тарма-ғында көрсетілген халықаралық шарт күшіне енген күннен бастап жарты жыл ішінде"; |
ж) 10-тармақтағы "2020 жылғы І – ІІ тоқсандар" деген сөздер "2021 жылғы ІҮ тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
з) 11-тармақтағы "2020 жылғы ІҮ тоқсан" деген сөздер "2021 жылғы ІҮ тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.