Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау үшін:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру мақсатында іске асырылатын сервистер мен цифрлық инфрақұрылымның тізбесі бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, осы Өкіммен бекітілген тізбені өзектілендіруге бағытталған жұмысты жыл сайын өткізіп отырсын.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов А.Новиков А.Оверчук
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы | |
№ 29 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру мақсатында іске асырылатын сервистер мен цифрлық инфрақұрылымның ТІЗБЕСІ
Сервистер мен цифрлық инфрақұрылымның атауы | Сервистер мен цифрлық инфрақұрылымның қысқаша сипаттамасы | Іске асыру мерзімдері |
---|---|---|
1. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) цифрлық көлік дәліздері экожүйесінің ұлттық сервистерінің ақпараттық-коммуникациялық "көрмесі" * | Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) цифрлық сервистерінің ұлттық элементтерінің пайдаланушылармен коммуникациялық және сервистік өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, сондай-ақ Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Одақтың цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін іске асыру үшін цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыруға (деректер тұрғысынан) арналған ұлттық қызметтердің "көрмесін" білдіреді | 2020 ж. IV тоқсан 2021 ж. – IV тоқсан |
2. Мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерінің магистральдық жолдары мен инфрақұрылымдық объектілерінің цифрлық картасы және дерекқоры | сервис халықаралық автомобиль тасымалдарын жоспарлау және оларды басқару үшін ресми, шынайы және жедел картографиялық ақпарат алу мүмкіндігін ұсынады | 2021 ж .IV тоқсан |
3. Жол бойындағы инфрақұрылымды брондау сервисі |
сервис автотұрақтар, рұқсат етілген техникалық қызмет көрсету станциялары, жанармай құю бекеттері, логистикалық орталықтар, тамақтану объектілері және жол бойындағы қонақ үйлер туралы сенімді ақпарат алу мүмкіндігін ұсынады, | IV тоқсан 2021 г. |
4. Мүше мемлекеттің автомобильдерді өткізу бекетінде кезекті брондау сервисі | сервис мүше мемлекеттердің көпжақты автомобильдік бақылау бекеттерінен өту уақытын брондау мүмкіндігін (автомобильдік бақылау бекеттеріндегі электронды кезек) және нәтижесінде тасымалдау процесінің жай-күйі туралы жедел және сенімді ақпарат алуды қамтамасыз етеді | 2021 ж .IV тоқсан |
5. Көлік жүргізушілерді қашықтықтан медициналық тексеру сервисі (соның ішінде COVID-19 коронавирус инфекциясының профилактикасы және алдын алу) | сервис медициналық тексерістен бұрын медициналық қызметкерлердің қатысуынсыз телемедицина технологияларын пайдалана отырып, сапарға дейінгі, ауысым алдындағы, сапардан кейінгі және ауысымнан кейінгі тексерулерден өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді | 2022 ж. II тоқсан |
6. Электрондық халықаралық жүкқұжатын қолдану бойынша сервис (теміржол көлігі үшін) | Сервис барлық мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы теміржол көлігімен жүк тасымалдау үшін құжаттардың электрондық нысандарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді | 2022 ж. II тоқсан |
7. Электрондық халықаралық жүкқұжатын қолдану бойынша сервис (автомобиль көлігі үшін) | сервис құжаттардың электронды нысанын (халықаралық жүкқұжаттарды) оларды тасымалдау аумақтары арқылы жүзеге асырылатын мүше мемлекеттердің реттеуші органдарының тексеруі үшін қағаз түрінде ұсынудың қажеттілігінсіз пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді | 2022 ж. II – III тоқсандары |
8. Электрондық жол жүру қағазын қолдану бойынша сервис | сервис бақылау-қадағалау және фискалдық функцияларды жүзеге асыру үшін жүкқұжаттардың электрондық нысанын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттердің бақылау органдарының тексеруі үшін осы құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді | 2022 ж. III – IV тоқсандары |
9. Салмақтық және өлшемдік бақылау үшін электрондық хаттаманы қолдану сервисі | сервис өздеріне қатысты салмақ пен өлшемді бақылау нәтижелері туралы салмақтық және өлшемдік бақылау рәсімі жүргізілген мүше мемлекеттердің көліктік бақылау органдары арасындағы көлік құралы маршруты бойынша қауіпсіз байланыс арналары арқылы жүргізілген салмақты және өлшемді бақылау нәтижелері туралы ақпарат алмасу мүмкіндігін, сондай-ақ көлік иесіне бұзушылық фактілері туралы хабарлауды қамтамасыз етеді (соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 80 шешімімен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйенің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын ескере отырып) | 2022 ж .IV тоқсан |
10. Тасымалдауларды электрондық навигациялық пломбаларды пайдалана отырып қадағалау сервисі (көліктің келісілген түрлері үшін) | сервис тауарларды тасымалдауды жедел және кедергісіз тасымалдаған кезде электрондық навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың кедендік транзитін навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тауарлардың тасымалын қадағалау жүйесі негізінде тауарлардың транзиттік бірыңғай жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын ("жол картасы") ескере отырып, жеткізілімдерді қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді | |
11. Одақтың цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін үшінші елдердің жүйелерімен ақпарат алмасу қызметі * | сервис жүктерді автомобильмен және темір жол көлігімен тасымалдау деректерімен алмасуды, соның ішінде Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып алмасуды қамтамасыз етеді. | 2022 ж. IV тоқсан |
_______________
* G2G сервистерін қолдау Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалануды, ұлтүсті жүйемен және ұлттық деңгейдегі басқа жүйелермен интеграцияны, соның ішінде Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуды ескере отырып, Одақ шеңберіндегі бұрыннан пайдалануға берілгендерін жетілдіруді және (немесе) қосымша жалпы процестерді жүзеге асыру арқылы интеграциялауды көздейді.