Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 4 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздерінің экожүйесін қалыптастырудағы тәсілдемелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын назарға ала отырып (ақпараттық материал ретінде қоса беріліп отыр):

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздерінің экожүйесін қалыптастырудағы тәсілдемелері туралы ақпараттық материалдарды Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырсын.

      2. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      3. Мүше мемлекеттердің цифрлық платформаларының бір-бірімен (тікелей немесе Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы) өзара іс-қимыл жасасуын көздейтін, Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздері экожүйесінің цифрлық платформаларын жобалау, құру, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1 - 3-іс-шаралары іске асырылғаннан кейін жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы осы Өкіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша орындалу барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне баяндасын.

      5. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің 2020 жылғы
31 қаңтардағы № 4 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Осы жоспар Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы № 12 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарында айқындалған "Цифрлық көліктік дәліздер" басымдығын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық бастаманы пысықтау (зерттеуді орындау) нәтижелері бойынша әзірленді.


Негізгі іс-шараның
(негізгі бақылау нүктесінің) атауы

Күтілетін нәтиже

Орындалу мерзімі

Жауапты
орындаушы

I. Ұйымдастыру іс-шаралары

1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) осы жоспардың іске асырылуы үшін жауапты уәкілетті органдарды (ұйымдарды) (бұдан әрі – уәкілетті органдар (ұйымдар)) айқындауы

уәкілетті органдарды (ұйымдарды) айқындау

2020ж. ІІ тоқсаны

мүше мемлекеттер

II. Ұлттық деңгейден жоғары тұратын іс-шаралар

2. Одақтың цифрлық көліктік дәліздерінің экожүйесін қалыптастырудың әр кезеңінде іске асырылатын сервистер мен қажетті цифрлық инфрақұрылым тізбесі мен оларды іске асыру мерзімдерін айқындау

Комиссия актісі

2020ж. ІІ тоқсаны

мүше мемлекеттер, уәкілетті органдар (ұйымдар), Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия)

3. Одақтың цифрлық көліктік дәліздері экожүйесінің сервистері мен қажетті цифрлық инфрақұрылымын іске асыру тетіктерін (тәсілдерін, нысандарын) айқындау

Одақ органының актісі

2020ж. IІІ тоқсаны

мүше мемлекеттер, уәкілетті органдар (ұйымдар), Комиссия

4. Одақтың цифрлық көліктік дәліздері экожүйесінің сервистері мен қажетті цифрлық инфрақұрылымын іске асыру мақсатында Одақтың интеграцияландырылған ақпараттық жүйесін пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындау

Комиссия актілері, мемлекетаралық сынақтар хаттамалары

осы жоспардың
2-тармағына сәйкес айқындалған мерзімдерге сәйкес

Комиссия,
уәкілетті органдар (ұйымдар)

5. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы
9 тамыздағы № 7 Шешімімен бекітілген Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл тұжырымдамасына сәйкес G2B және B2G сервистеріне арналған стандарттарды, деректер форматтар мен құрылымын, B2B және B2С сервистері деректерінің форматтары мен құрылымдарына арналған талаптар (ұсынымдар) әзірлеу және бекіту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру, сондай-ақ қажет болған кезде трансшекаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу

Одақ органдарының актісі

осы жоспардың
2-тармағына сәйкес айқындалған мерзімдерге сәйкес

осы жоспардың
3-тармағында көзделген тетіктерге (тәсілдерге, нысандарға) сәйкес айқындалады
 

6. Одақ құқығын құрайтын, цифрлық көліктік дәліздер саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің жобаларын әзірлеу

халықаралық шарттар мен актілер

осы жоспардың
2-тармағына сәйкес айқындалған мерзімдерге сәйкес

осы жоспардың
3-тармағында көзделген тетіктерге (тәсілдерге, нысандарға) сәйкес айқындалады,
мүше мемлекеттер
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады