Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1 тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қан тазарту, гемосүзгіден өткізу, гемодиасүзгіден өткізу емшараларын не экстракорпоральды қан айналысының басқа да әдістерін жүргізуге арналған, түтікшелі металл инеден, рельефті пластмасса қанатшалардан, силикон түтікшеден, қысқыштан және луер-лок коннектордан тұратын тұратын фистуль инелер Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 3 (б) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9018 32 100 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |