Фистуль инелерін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 9 қарашадағы № 148 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1 тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қан тазарту, гемосүзгіден өткізу, гемодиасүзгіден өткізу емшараларын не экстракорпоральды қан айналысының басқа да әдістерін жүргізуге арналған, түтікшелі металл инеден, рельефті пластмасса қанатшалардан, силикон түтікшеден, қысқыштан және луер-лок коннектордан тұратын тұратын фистуль инелер Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 3 (б) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9018 32 100 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады