Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына және 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 152 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімі:
а) 1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"- кедендік құнды кедендік бақылаудың нәтижелерінің сыныптауышы (5-қосымша);";
б) кедендік құн жөніндегі шешімдер сыныптауышы (5-қосымша) мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне № 5 ҚОСЫМША |
|
(Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 152 шешімінің редакциясында) |
Кедендік құнды кедендік бақылаудың нәтижелерінің СЫНЫПТАУЫШЫ
Коды | Атауы |
0 | Тауар декларациясында мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер, өзгертілген жоқ (толықтырылған жоқ) |
1 | Тауар декларациясында мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер, өзгертілді (толықтырылды) |
2 | Тауар шығарылғанға дейін басталған кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізіледі, тауар декларациялары берілгенге дейін шығарылуы жүзеге асырылған тауарларға қатысты - кеден органы декларантқа электрондық құжатты жібергенге дейін басталған не қағаз жеткізгіште және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120-бабының 17-тармағына сәйкес коммерциялық, көліктік (тасымалдық) құжаттарда берілген тауар декларациясына тиісті белгілер қою". |
2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауар декларацияларын толтыру тәртібінің 43-тармағының 2-тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Графаның екінші кіші бөлігінде кедендік құнның кедендік бақылау нәтижелерінің сыныптауышына сәйкес коды көрсетіледі.".