Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйелеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы "Кедендік кіріс ордері туралы" № 79 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 21-тармақпен толықтырылсын:
"21. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі "Кедендік кіріс ордерінің электрондық түрін ұсыну кезіндегі электрондық өзара іс-қимыл туралы" № 9 ұсынымы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолдануға жатпайды.";
б) 3-тармақа "2022 жылғы 1 ақпан" деген сөздер "2022 жылғы 1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |