Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 79 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 153 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйелеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы "Кедендік кіріс ордері туралы" № 79 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 21-тармақпен толықтырылсын:

      "21. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі "Кедендік кіріс ордерінің электрондық түрін ұсыну кезіндегі электрондық өзара іс-қимыл туралы" № 9 ұсынымы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолдануға жатпайды.";

      б) 3-тармақа "2022 жылғы 1 ақпан" деген сөздер "2022 жылғы 1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады