Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде адамдарды және жұмыс платформасында (аспалы бесікте) орналасқан құралдар мен материалдарды бірге көтеруге арналған, өздігінен жүретін доңғалақты шассиден (арбадан), іштен жану қозғалтқышынан, телескопты, топсалы-қайшылы немесе иінді типтегі жебе түріндегі көтергіш жабдықтан және жұмыс платформасынан (аспалы бесіктен) тұратын жүк көтергіш машинаны білдіретін өздігінен жүретін көтергіш сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8427 20 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |