Өздігінен жүретін көтергішті Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номекклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 154 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде адамдарды және жұмыс платформасында (аспалы бесікте) орналасқан құралдар мен материалдарды бірге көтеруге арналған, өздігінен жүретін доңғалақты шассиден (арбадан), іштен жану қозғалтқышынан, телескопты, топсалы-қайшылы немесе иінді типтегі жебе түріндегі көтергіш жабдықтан және жұмыс платформасынан (аспалы бесіктен) тұратын жүк көтергіш машинаны білдіретін өздігінен жүретін көтергіш сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8427 20 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады