Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 9 шешімімен бекітілген жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясының, жедеғабыл-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясының құрылымы мен форматына, жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуге және жедеғабыл-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясын түзетуге өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2022 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 172 шешіміне ҚОСЫМША |
Жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясының, жедеғабыл-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясының құрылымы мен форматына, жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуге және жедеғабыл-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясын түзетуге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 10-кестеде:
а) 14.3.6.7 позициясында 7-графада "Тауардың реттік нөмірі (casdo:ConsignmentItemOrdinal)" деген сөздер "Жеке жүкқұжат бойынша тауардың реттік нөмірі" (casdo: HMConsignment Item Number)" деген сөздермен ауыстырылсын.
б) 14.3.8 позициясының "б" тармақшасы 7-графада мынадай редакцияда жазылсын:
"Кедендік құн (casdo: Customs Value Amount)" деректемесінің "анықтамалығының (сыныптауышының) сәйкестендіргіші" төлбелгісі" (currency Code List Id төлбелгісі)" "2022" мәнін қамтуға тиіс;
в) 14.3.10.8 позициясының "б" тармақшасы 7-графада "(сыныптауышы)" деген сөзден кейін "(currency Code List Id төлбелгісі)" сөздерімен толықтырылсын;
г) 14.6 позициясының "б" тармақшасы 7-графада "(currency Code List Id төлбелгісі)" сөздерінен кейін "Кедендік құн (casdo: Customs Value Amount)" деректемесінің" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 14.3.6.7 позициядағы 11-кестеде 7-графада "Тауардың реттік нөмірі (casdo:ConsignmentItemOrdinal)" деген сөздер "Жеке жүкқұжат бойынша тауардың реттік нөмірі" (casdo: HMConsignment Item Number)" деген сөздермен ауыстырылсын.