Жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясының, жедеғабыл-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясының құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу, жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзету және жедеғабыл-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясын түзету туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 172 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 9 шешімімен бекітілген жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясының, жедеғабыл-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясының құрылымы мен форматына, жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуге және жедеғабыл-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясын түзетуге өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2022 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 172 шешіміне
ҚОСЫМША

Жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясының, жедеғабыл-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясының құрылымы мен форматына, жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуге және жедеғабыл-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясын түзетуге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 10-кестеде:

      а) 14.3.6.7 позициясында 7-графада "Тауардың реттік нөмірі (casdo:ConsignmentItemOrdinal)" деген сөздер "Жеке жүкқұжат бойынша тауардың реттік нөмірі" (casdo: HMConsignment Item Number)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      б) 14.3.8 позициясының "б" тармақшасы 7-графада мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кедендік құн (casdo: Customs Value Amount)" деректемесінің "анықтамалығының (сыныптауышының) сәйкестендіргіші" төлбелгісі" (currency Code List Id төлбелгісі)" "2022" мәнін қамтуға тиіс;

      в) 14.3.10.8 позициясының "б" тармақшасы 7-графада "(сыныптауышы)" деген сөзден кейін "(currency Code List Id төлбелгісі)" сөздерімен толықтырылсын;

      г) 14.6 позициясының "б" тармақшасы 7-графада "(currency Code List Id төлбелгісі)" сөздерінен кейін "Кедендік құн (casdo: Customs Value Amount)" деректемесінің" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 14.3.6.7 позициядағы 11-кестеде 7-графада "Тауардың реттік нөмірі (casdo:ConsignmentItemOrdinal)" деген сөздер "Жеке жүкқұжат бойынша тауардың реттік нөмірі" (casdo: HMConsignment Item Number)" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады