Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын тәуліктік балапандарға, күркетауықтарға, үйректерге, қаздарға, түйеқұстарға және құстардың осы түрлерінің инкубациялық жұмыртқаларына ветеринариялық сертификат нысанының (№ 14 нысан) 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өнімнің шығарылған жері
Кәсіпорнының аты, мекенжайы, әкімшілік-аумақтық бірлік:
инкубатор: ______________________________________________
асыл тұқымды зауыт: _____________________________________
шаруашылық*:
№ | Шаруашылықтың № | Шаруашылықтың аты | Шаруашылықтың мекенжайы | Әкімшілік-аумақтық бірлік |
_________________
* Жеткізілім тікелей шаруашылықтан жүзеге асырылатын не тауар шаруашылықтардан шығарылып, ал жөнелтуші кәсіпорыннан тиелетін жағдайларда толтырылады. Жеткізілімдер көп дегенде 5 шаруашылықтан жүзеге асырылатын кезде шаруашылықтардың тізімі жасалады, оған экспорттаушы елдің мемлекеттік/ ресми ветеринариялық дәрігері қол қояды және осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылады. "Шаруашылықтың №" графасында экспорттаушы елдің құзыретті органы берген (бар болған кезде) нөмірі көрсетіледі.".
2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес әзірленген, №14 нысан бойынша шығарылған ветеринариялық сертификаттың бланктері осы Шешім күшіне енгенге дейін, 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін пайдаланылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |