Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын тәуліктік балапандарға, күркетауықтарға, үйректерге, қаздарға, түйеқұстарға және құстардың осы түрлерінің инкубациялық жұмыртқаларына ветеринариялық сертификат нысанының 3-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 186 шешімі

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын тәуліктік балапандарға, күркетауықтарға, үйректерге, қаздарға, түйеқұстарға және құстардың осы түрлерінің инкубациялық жұмыртқаларына ветеринариялық сертификат нысанының (№ 14 нысан) 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өнімнің шығарылған жері

      Кәсіпорнының аты, мекенжайы, әкімшілік-аумақтық бірлік:

      инкубатор: ______________________________________________

      асыл тұқымды зауыт: _____________________________________

      шаруашылық*:

Шаруашылықтың

Шаруашылықтың аты

Шаруашылықтың мекенжайы

Әкімшілік-аумақтық бірлік


























      _________________

      * Жеткізілім тікелей шаруашылықтан жүзеге асырылатын не тауар шаруашылықтардан шығарылып, ал жөнелтуші кәсіпорыннан тиелетін жағдайларда толтырылады. Жеткізілімдер көп дегенде 5 шаруашылықтан жүзеге асырылатын кезде шаруашылықтардың тізімі жасалады, оған экспорттаушы елдің мемлекеттік/ ресми ветеринариялық дәрігері қол қояды және осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылады. "Шаруашылықтың №" графасында экспорттаушы елдің құзыретті органы берген (бар болған кезде) нөмірі көрсетіледі.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес әзірленген, №14 нысан бойынша шығарылған ветеринариялық сертификаттың бланктері осы Шешім күшіне енгенге дейін, 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін пайдаланылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады