Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған метрологиялық сипаттамалардың сыныптауышы (бұдан әрі – сыныптауыш) бекітілсін.
2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Мынадай:
сыныптауыш осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезінде сыныптауыштың кодтық белгілерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 189 Шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Метрологиялық сипаттамалардың СЫНЫПТАУЫШЫ
І. Сыныптауыштен егжей-тегжейленген мәліметтер
Метрологиялық сипаттамалар тобының коды | Топтың атауы, метрологиялық сипаттамалар түрінің коды | Түрдің атауы, метрологиялық сипаттаманың коды | Метрологиялық сипаттаманың атауы |
01 | Өлшеу нәтижесін анықтайтын сипаттамалар | ||
0101 | өлшеу диапазоны (мәндер) | ||
0101010 | бірлік жаңғыртылатын шама мәндерінің диапазоны | ||
0101020 | өлшеу диапазоны | ||
0101030 | сертификатталған (аттестатталған) мәндердің рұқсат етілген диапазоны | ||
0101040 | көрсеткіштер аралығы | ||
0101050 | көрсеткіштердің номиналды диапазоны (номиналды диапазон) | ||
0101060 | көрсеткіштердің номиналды аралығы (номиналды аралық) | ||
0101999 | басқа өлшеу диапазондары (мәндері) | ||
0102 | өлшемнің мәні (көрсетілім) | ||
0102010 | бір мәнді өлшемнің мәні | ||
0102020 | көп мәнді өлшемнің мәні | ||
0102030 | шаманың номиналды мәні (номиналды мән) | ||
0102040 | бірлік жаңғыртылатын шаманың номиналды мәні | ||
0102050 | көрсеткіш | ||
0102060 | стандартты үлгінің сертификатталған (аттестатталған) мәні | ||
0102070 | эталонмен жаңғыртылатын шаманың шартты шын мәні(лері) | ||
0102080 | фондық көрсеткіш | ||
0102999 | шаралардың (көрсеткіштердің) өзге де мәндері | ||
0103 | түрлендіру функциясы | ||
0103010 | өлшеу түрлендіргішінің түрлендіру функциясы | ||
0103020 | өлшем құралының түрлендіру функциясы | ||
0103030 | кіріс шамасының бірліктерінен басқа бірліктермен градуирленген шкаласы бар өлшем құралының түрлендіру функциясы | ||
0103999 | түрлендіру функциясының өзге де сипаттамалары | ||
0104 | цифрлық кодта нәтижелерді беруге арналған өлшем құралдарының сипаттамалары | ||
0104010 | шығыс кодының түрі | ||
0104020 | код разрядтарының саны | ||
0104030 | кодтың ең аз разряды бірлігінің бағасы | ||
0104999 | цифрлық кодта нәтижелерді беруге арналған өлшем құралдарының өзге де сипаттамалары | ||
0105 | өлшем құралдарының немесе көп мәнді шара шкаласының сипаттамалары | ||
0105010 | өлшем құралдарын немесе көп мәнді шара шкаласын бөлу бағасы | ||
0105999 | өлшем құралдарының немесе көп мәнді шара шкаласының өзге де сипаттамалары | ||
0199 | өлшеу нәтижесін анықтайтын басқа сипаттамалар | ||
02 | Қателіктің сипаттамасы | ||
0201 | қателіктің жалпы сипаттамалары | ||
0201010 | өлшеу қателігі берілген ықтималдылықпен болатын шекаралар | ||
0201020 | қателіктің рұқсат етілген мәні | ||
0201030 | әртектіліктен қателік сипаттамасының рұқсат етілген мәні | ||
0201040 | жіберілетін қателіктің шегі | ||
0201050 | орташа квадраттық ауытқу (стандартты ауытқу) | ||
0201060 | стандартты үлгінің аттестатталған мәнін белгілеу тәсілінен стандартты ауытқу | ||
0201070 | қателіктің әртектіліктен стандартты ауытқуы | ||
0201080 | қателіктің тұрақсыздықтан стандартты ауытқуы | ||
0201999 | қателіктің өзге де жалпы сипаттамалары | ||
0202 | жүйелік қателіктің құрамдас бөлігінің сипаттамалары | ||
0202010 | жүйелік қатенің шекаралары | ||
0202020 | алып тасталмаған жүйелік құрамдас бөлігі берілген ықтималдылықпен болатын шекаралар | ||
0202030 | жүйелік қатенің сенімділік шекаралары | ||
0202040 | жүйелік қателіктің алып тасталмаған құрамдас бөлігінің сенімгерлік шекаралары | ||
0202050 | жүйелік қателіктің құрамдас бөлігінің мәні | ||
0202060 | жүйелік қателіктің құрамдас бөлігін математикалық күту | ||
0202070 | жүйелік қателіктің құрамдас бөлігінің орташа квадраттық ауытқуы | ||
0202080 | жүйелік қателіктің алып тасталмаған құрамдас бөлігінің орташа квадраттық ауытқуы | ||
0202999 | жүйелік қателіктің құрамдас бөлігінің өзге де сипаттамалары | ||
0203 | кездейсоқ қателіктің құрамдас бөлігінің сипаттамасы | ||
0203010 | кездейсоқ қателіктің құрамдас бөлігінің сенімгерлік шекаралары | ||
0203020 | қалыпқа келтірілген автокорреляциялық функцияның корреляция интервалы | ||
0203030 | орташа квадраттық ауытқудың мүмкін болатын ең үлкен мәні | ||
0203040 | қалыпқа келтірілген автокорреляциялық функция | ||
0203050 | өлшеу нәтижесінің орташа квадраттық ауытқуы | ||
0203060 | кездейсоқ қателіктің құрамдас бөлігінің орташа квадраттық ауытқуы | ||
0203070 | кездейсоқ қателіктің құрамдас бөлігінің спектрлік тығыздығының функциясы | ||
0203080 | гистерезис кездейсоқ қателігінің құрамдас бөлігінің сипаттамасы | ||
0203999 | кездейсоқ қателіктің құрамдас бөлігінің өзге сипаттамалары | ||
0204 | жиынтық қателіктің сипаттамалары | ||
0204010 | өлшемдердің жиынтық қателігінің шекаралары | ||
0204020 | жиынтық қателіктің сенімгерлік шекаралары | ||
0204030 | жиынтық орташа квадраттық ауытқу | ||
0204999 | жиынтық қателіктің өзге сипаттамалары | ||
0299 | қателіктің басқа сипаттамалары | ||
0299010 | өлшем құралының абсолютті қателігі | ||
0299011 | абсолютті қателіктің шекаралары | ||
0299020 | өлшем құралының динамикалық қателігі | ||
0299030 | өлшем құралының қосымша қателігі | ||
0299040 | аспаптық ығысу | ||
0299050 | қателіктің нормасы | ||
0299060 | өлшем құралының негізгі қателігі | ||
0299070 | өлшем құралының салыстырмалы қателігі | ||
0299071 | салыстырмалы қателіктің шекаралары | ||
0299080 | бақылау нүктесіндегі қателік | ||
0299090 | нөлдің қателігі | ||
0299100 | шара қателігі | ||
0299110 | өлшем құралының келтірілген қателігі | ||
0299120 | өлшеу қателігінің тіркелінді сипаттамалары | ||
0299130 | өлшем құралының статикалық қателігі | ||
0299140 | өлшем құралдары қателігінің статистикалық сипаттамалары (ықтималдық сипаттамаларын бағалау) | ||
0299150 | жүйелі және кездейсоқ қателіктің құрамдас бөліктерінің ықтималдық таралу функциясы немесе тығыздығы | ||
0299160 | өлшем құралдарының қателігінің сипаттамасы – қателіктің мәні | ||
0299170 | әсер етуші шаманың интервалындағы өлшем құралдарының қателігінің сипаттамасы – қателіктің мәні | ||
0299999 | қателіктің өзге де сипаттамалары | ||
03 | Белгісіздік сипаттамалары | ||
0301 | стандартты белгісіздік сипаттамалары | ||
0301010 | өлшеудің салыстырмалы стандартты белгісіздігі | ||
0301020 | стандартты үлгінің аттестатталған мәнін белгілеу тәсілінен стандартты белгісіздік | ||
0301030 | әртектіліктен стандартты белгісіздік | ||
0301040 | тұрақсыздықтан стандартты белгісіздік | ||
0301050 | А типі бойынша бағаланатын стандартты белгісіздік | ||
0301060 | B типі бойынша бағаланатын стандартты белгісіздік | ||
0301999 | стандартты белгісіздіктің өзге сипаттамалары | ||
0302 | жиынтық стандартты белгісіздіктің сипаттамалары | ||
0302010 | жиынтық стандартты белгісіздік | ||
0302020 | А типі бойынша бағаланатын жиынтық стандартты белгісіздік | ||
0302030 | B типі бойынша бағаланатын жиынтық стандартты белгісіздік | ||
0302999 | жиынтық стандарттық белгісіздіктің өзге де сипаттамалары | ||
0303 | кеңейтілген белгісіздіктің сипаттамалары | ||
0303010 | кеңейтілген белгісіздіктің жол берілетін мәндерінің шекаралары | ||
0303020 | кеңейтілген белгісіздік | ||
0303030 | Р сенім деңгейі үшін кеңейтілген белгісіздік | ||
0303999 | кеңейтілген белгісіздіктің өзге де сипаттамалары | ||
0399 | белгісіздіктің басқа сипаттамалары | ||
0399010 | дефинициалды белгісіздік | ||
0399020 | өлшемдердің жол берілетін белгісіздігі | ||
0399030 | аспаптық белгісіздік | ||
0399040 | нөлді өлшеудің белгісіздігі | ||
0399050 | тағайындалған өлшем белгісіздігі | ||
0399050 | мақсатты белгісіздік | ||
0399999 | белгісіздіктің өзге де сипаттамалары | ||
04 | Дәлдіктің басқа сипаттамалары | ||
0401 | қателік және (немесе) белгісіздік сипаттамаларының құрамында айқындалмаған дәлдіктің сипаттамалары | ||
0401010 | дәлдіктің класы | ||
0401020 | эталонның жыл ішіндегі тұрақсыздығы | ||
0401999 | дәлдіктің өзге де сипаттамалары | ||
05 | Сезімталдықтың сипаттамалары | ||
0501 | әсер етуші шамаларға сезімталдық | ||
0501010 | абсолютті сезімталдық | ||
0501020 | сезімталсыздық аймағы | ||
0501030 | белгіленген шектердегі әсер етуші шамалардың өзгеруінен туындаған өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары мәндерінің өзгеруі | ||
0501040 | салыстырмалы сезімталдық | ||
0501050 | сезімталдық шегі | ||
0501060 | әсер ету функциялары | ||
0501999 | сезімталдықтың өзге де сипаттамалары | ||
06 | Динамикалық метрологиялық қасиеттердің сипаттамалары | ||
0601 | толық динамикалық сипаттамалары | ||
0601010 | амплитудалық-фазалық сипаттамасы | ||
0601020 | амплитудалық-жиіліктік сипаттамасы | ||
0601030 | импульстің өтпелі сипаттамасы | ||
0601040 | табыстама функциясы | ||
0601050 | өтпелі сипаттамасы | ||
0601060 | амплитудалық-жиіліктік және фазалық-жиіліктік сипаттамалардың жиынтығы | ||
0601999 | өзге де толық динамикалық сипаттамалар | ||
0602 | жеке динамикалық сипаттамалары | ||
0602010 | реакция уақыты | ||
0602020 | резонанстық жиіліктегі амплитудалық-жиіліктік сипаттаманың мәні | ||
0602030 | резонанстық меншікті шеңберлік жиіліктің мәні | ||
0602040 | демпфирлеу коэффициенті | ||
0602050 | өлшеулердің ең жоғары жиілігі (жылдамдығы) | ||
0602060 | есептеуді даталаудың қателігі | ||
0602070 | уақыт тұрақтысы | ||
0602999 | өзге де жеке динамикалық сипаттамалар | ||
0603 | реакция уақытының немесе есептеуді даталаудың қателігінің жеке құрамдас бөліктері | ||
0603010 | нәтижені беруді кідірту уақыты | ||
0603020 | іске қосуды кешіктіру уақыты | ||
0603030 | күту уақыты | ||
0603040 | түрлендіру уақыты | ||
0603999 | реакция уақытының немесе есептеуді даталаудың қателігінің өзге де құрамдас бөліктері | ||
0604 | осы өлшем құралдарының ақпарат алмасу құрылғылары орындалған интерфейсте қарастырылған қызмет көрсету операцияларының орындалу уақытын ескере отырып, динамикалық сипаттамалары | ||
0699 | өзге де динамикалық сипаттамалар | ||
99 | Басқа метрологиялық сипаттамалар | ||
9901 | өлшем қателігінің аспаптық құрамдас бөлігіне әсер ету қабілетін көрсететін өлшем құралдарының сипаттамалары | ||
9901010 | сызықтық өлшеуіш түрлендіргіштің кіріс импедансы | ||
9901020 | сызықтық өлшеуіш түрлендіргіштің шығыс импедансы | ||
9901999 | қателіктің аспаптық құрамдас бөлігіне әсер ету қабілетін көрсететін өзге де сипаттамалар | ||
9999 | өлшем құралдарының басқа сипаттамалары | ||
9999010 | әсер етуші шамадан туындаған вариация | ||
9999020 | Жаңғыртылуы | ||
9999030 | жауап беру уақыты (секірмелі әсер ету кезінде) | ||
9999040 | Таңдаушылық | ||
9999050 | аспаптық дрейф | ||
9999060 | сызықтылық | ||
9999070 | өлшем құралының шығу сигналының ақпараттық емес параметрлері | ||
9999080 | қайталанушылық | ||
9999090 | жедел жауап қату шегі | ||
9999100 | анықтау шегі | ||
9999110 | рұқсат беру | ||
9999120 | рұқсат беру қабілеттілігі | ||
9999130 | дрейф жылдамдығы | ||
9999140 | ығысуы | ||
9999150 | тұрақтылық | ||
9999160 | біртектіліктің сипаттамасы | ||
9999999 | өзге де метрологиялық сипаттамалар |
II. Сыныптауыштың паспорты
Р/с № | Элементтің белгіленімі | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Коды | ___ |
2 | Типі | 2 – сыныптауыш |
3 | Атауы | метрологиялық сипаттамалардың сыныптауышы |
4 | Аббревиатурасы | КМХ |
5 | Белгіленімі | ЕК 066 - 2021 (1-ред.) |
6 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекітілгені) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 ж. № Шешімі |
7 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күні | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 ж. № Шешімі күшіне енген күннен бастап |
8 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері | – |
9 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні | – |
10 | Оператор (операторлар) | Еуразиялық экономикалық комиссия |
11 | Арналымы | шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының және өлшеу әдістемелерінің (әдістерінің) метрологиялық сипаттамаларын сыныптауға және кодтауға арналған |
12 | Аннотация (қолданылу саласы) | Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде қолданылатын электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде пайдаланылады |
13 | Түйін сөз | метрологиялық сипаттама, шама бірліктерінің эталоны, стандартты үлгі, өлшем құралы, өлшеулерді орындау әдістемесі, өлшеу әдісі (әдістемесі) |
14 | Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала | техникалық реттеу |
15 | Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштарды пайдалану | 2-сыныптауыштың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы | 2-сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ |
17 | Жүйелеу әдісі (сыныптау) | 2-иерархиялық, қосымша бойынша тәртіпке сәйкес сыныптау сатыларының (деңгейлерінің) саны 2 |
18 | Жүргізу әдістемесі | 1-жүргізудің орталықтандырылған рәсімі, сыныптауыш қосымша бойынша тәртіпке сәйкес электрондық түрде жүргізіледі |
19 | Құрылымы | сыныптауыштың құрылымы туралы ақпарат (өрістер құрамы, олардың мәндерінің аясы және қалыптастыру қағидалары) осы құжаттың III бөлімінде келтірілген |
20 | Деректердің құпиялылық дәрежесі | сыныптауыштың мәліметтері ашық қолжетімді ақпаратқа жатады |
21 | Қайта қарау кезеңділігін белгілеу | – |
22 | Өзгертулер | – |
23 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) егжей-тегжейленген мәліметтеріне сілтеме | сыныптауыштың егжей-тегжейленген мәліметтері осы құжаттың I бөлімінде келтірілген |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі | Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау |
III. Сыныптауыш құрылымының сипаттамасы
1. Осы бөлім сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.
2. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы мынадай жолдар (бағандар)қалыптастырылатын кестеде келтірілген:
"деректеменің атауы" – деректеменің реттік нөмірі және бекітілген немесе ресми ауызша белгіленуі;
"деректеме мағынасының аймағы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары" – элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерін сөзбен сипаттау;
"көпт." - деректеменің көптігі (міндеттілік (опционалдылық) және деректеменің ықтимал қайталануының саны).
3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n > 1);
1..* – реквизит міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n > 1);
n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен көп емес қайталануы тиіс (n > 1, m > n ) ;
0..1 – реквизит опционалды, қайталауға жол берілмейді;
0..* – реквизит опциональды, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..m – реквизит опциональды, m реттен көп емес қайталануы мүмкін (m > 1).
Кесте
Сыныптауыштың құрылымы және деректемелік құрамы
Деректеменің атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары | Көпт. |
1. Метрологиялық сипаттамалар тобы туралы мәлімет | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.1. Метрологиялық сипаттамалар тобының коды |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | кодтық белгілеу дәйекті кодтау әдісін қолдану арқылы қалыптасады | 1 |
1.2. Метрологиялық сипаттамалар тобының атауы |
символдар жолы. | атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады | 1 |
1.3. Метрологиялық сипаттамалардың түрі туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.3.1. Метрологиялық сипаттамалар түрінің коды |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | кодтық белгілеу дәйекті кодтау әдісін қолдану арқылы қалыптасады | 1 |
1.3.2. Метрологиялық сипаттамалар түрінің атауы |
символдар жолы. | атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады | 1 |
1.3.3. Метрологиялық сипаттама туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.3.3.1. Метрологиялық сипаттаманың коды |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | кодтық белгілеу дәйекті кодтау әдісін қолдану арқылы қалыптасады | 1 |
1.3.3.2. Метрологиялық сипаттаманың атауы |
символдар жолы. | атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады | 1 |
1.3.3.3. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
*.1. Іс-қимылдың басталу күні | МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың басталу күніне сәйкес келеді | 1 |
*.2. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасының әрекет етуінің басталуын регламенттейтін акті туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
*.2.1. Актінің түрі |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленуі | 1 |
*.2.2. Актінің нөмірі |
символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.2.3. Актінің күні | МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді | 1 |
*.3. Іс-қимылдың аяқталу күні | МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың басталу күніне сәйкес келеді | 0..1 |
*.4. Анықтамалықтың (сыныптауыштың)жазбасы әрекетінің аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 |
*.4.1. Актінің түрі |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленімі | 1 |
*.4.2. Актінің нөмірі |
символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.4.3. Актінің күні | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді | 1 |
Метрологиялық сипаттамалардың сыныптауышына ҚОСЫМША |
Метрологиялық сипаттамалардың сыныптауышын жүргізу ТӘРТІБІ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай актілерге сәйкес әзірленді:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт (бұдан әрі – Одақ туралы шарт);
"Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 Шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратының жүйесінің ресурстары құрамына кіретін анықтамалықтар және сыныптауыштарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 121 Шешімі (бұдан әрі – Әдіснама).
II. Қолдану саласы
2. Осы Тәртіп метрологиялық сипаттамалар сыныптауышын (бұдан әрі – сыныптауыш) қалыптастыру, жүргізу және қолдану қағидаларын айқындайды.
3. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сыныптауышты қалыптастыру және жүргізу кезінде, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында өкілеттіктер берілген Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі – мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) өз қызметінде сыныптауыштан мәліметтерді жүргізу және пайдалану кезінде қолданылады.
III. Негізгі ұғымдар
4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін "метрологиялық сипаттама" ұғымы деп өлшем нәтижесіне әсер ететін сипаттама түсініледі.
Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге де ұғымдар, Одақ туралы Шартта және Одақ органдарының Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру және дамыту мәселелеріне қатысты актілерінде айқындалған мағыналарда қолданылады.
IV. Сыныптауышты жүргізу қағидаттары
5. Сыныптауышты қалыптастыру және жүргізу шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының және өлшеу әдістерінің (әдістемелерінің) метрологиялық сипаттамалары туралы мәліметтерді жүйелеу (сыныптау) және кодтау мақсатында жүзеге асырылады.
6. Жүйелеу (сыныптау) объектілері болып шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының және өлшем әдістерінің (әдістемелерінің) метрологиялық сипаттамалары табылады.
7. Сыныптауышты қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын Комиссия сыныптауыштың операторы болып табылады.
8. Жүйелеу (сыныптау) объектілерін жүйелеу (сыныптау) мақсатында сыныптау сатыларының (деңгейлерінің) 2 санымен сыныптаудың иерархиялық әдісі қолданылады.
9. Жүйелеудің (сыныптаудың) бірінші деңгейінде жүйелеу (сыныптау) объектілері МемСТ 8.009-84 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ) мемлекетаралық стандарты шеңберінде өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының номенклатурасымен айқындалған сипаттамалар топтарына сәйкес бөлінген метрологиялық сипаттамалардың мынадай топтары бойынша бөлінген. Өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары":
өлшем нәтижесін анықтайтын сипаттамалар;
қателіктің сипаттамалары;
белгісіздік сипаттамары;
дәлдіктің басқа сипаттамалары;
сезімталдықтың сипаттамалары;
динамикалық метрологиялық қасиеттердің сипаттамалары;
басқа метрологиялық сипаттамалар.
10. Жүйелеудің (сыныптаудың) екінші деңгейінде жүйелеу (сыныптау) объектілері кестеге сәйкес әрбір топтың құрамында айқындалған метрологиялық сипаттамалардың негізгі түрлері бойынша бөлінеді.
Сыныптауыштың сыныптау топтамаларының тізбесі, олардың кодтары және атауы
Метрологиялық сипаттамалар тобының коды | Метрологиялық сипаттамалар тобының атауы, метрологиялық сипаттамалар түрінің коды және атауы | |
01 | Өлшеу нәтижесін анықтайтын сипаттамалар | |
0101 | өлшеу диапазоны (мәндер) | |
0102 | өлшем мәні (көрсетілім) | |
0103 | түрлендіру функциясы | |
0104 | цифрлық кодта нәтижелерді беруге арналған өлшем құралдарының сипаттамалары | |
0105 | өлшем құралдары шкаласының немесе көп мәнді өлшемнің сипаттамалары | |
0199 | өлшеу нәтижесін анықтайтын басқа сипаттамалар | |
02 | Қателіктің сипаттамалары | |
0201 | қателіктің жалпы сипаттамалары | |
0202 | жүйелік қателіктің құрамдас бөлігінің сипаттамалары | |
0203 | қателіктің кездейсоқ құрамдас бөлігінің сипаттамасы | |
0204 | жиынтық қателіктің сипаттамалары | |
0299 | қателіктің басқа сипаттамалары | |
03 | Белгісіздіктің сипаттамасы | |
0301 | стандартты белгісіздіктің сипаттамалары | |
0302 | жиынтық стандартты белгісіздіктің сипаттамалары | |
0303 | кеңейтілген белгісіздіктің сипаттамалары | |
0399 | белгісіздіктің басқа сипаттамалары | |
04 | Дәлдіктің басқа сипаттамалары | |
0401 | қателіктің және (немесе) белгісіздіктің сипаттамаларының құрамында айқындалмаған дәлдіктің сипаттамалары | |
05 | Сезімталдықтың сипаттамалары | |
0501 | әсер етуші шамаларға сезімталдық | |
06 | Динамикалық метрологиялық қасиеттердің сипаттамалары | |
0601 | толық динамикалық сипаттамалары | |
0602 | жеке динамикалық сипаттамалары | |
0603 | реакция уақытының немесе есептеуді даталаудың қателігінің жеке құрамдас бөліктері | |
0604 | осы өлшем құралдарының ақпарат алмасу құрылғылары орындалған интерфейсте қарастырылған қызмет көрсету операцияларының орындалу уақытын ескере отырып, динамикалық сипаттамалары | |
0699 | өзге де динамикалық сипаттамалар | |
99 | Басқа метрологиялық сипаттамалар | |
9901 | өлшеу қателігінің аспаптық құрамдас бөлігіне әсер ету қабілетін көрсететін өлшем құралдарының сипаттамалары | |
9999 | өлшем құралдарының басқа сипаттамалары |
11. Метрологиялық сипаттамалар метрологиялық сипаттамалардың топтары мен негізгі түрлері бойынша сыныпталады және сыныптауышта жеке позиция түрінде ұсынылады.
12. Метрологиялық сипаттамалардың әрбір түрінің құрамындағы метрологиялық сипаттамалар әліпбилік тәртіппен жүйеленеді. Бұл ретте, егер бір метрологиялық сипаттама басқа метрологиялық сипаттаманы нақтыласа (кеңейтсе), сыныптауыштың осындай позицияларын дәйекті түрде орналастыруға жол беріледі.
13. Метрологиялық сипаттамалар топтарын кодтау үшін араб цифрларынан тұратын және қажет болған жағдайда жетекші нөлмен толықтырылатын 2 таңбалы код пайдаланылады.
14. Метрологиялық сипаттамалардың түрлері араб цифрларынан тұратын 4 таңбалы кодты пайдалана отырып, дәйекті әдіспен кодталады. Метрологиялық сипаттамалар түрінің коды метрологиялық сипаттамалар тобының кодына 2 разрядты қосу жолымен құрылады, бұл ретте метрологиялық сипаттамалардың әрбір түріне қажет болған кезде жетекші нөлмен екі мәнді реттік нөмір (1-ден бастап) беріледі.
15. Кодтың форматы XXYYZZZ, мұнда:
XX – метрологиялық сипаттамалар тобының коды;
XXYY – метрологиялық сипаттамалар түрінің коды;
ZZZ – қажет болған жағдайда жетекші нөлдерді қоса отырып, метрологиялық сипаттамалардың белгілі бір түрі шеңберіндегі метрологиялық сипаттаманың реттік нөмірі.
16. Кодтарды қайта пайдалануға, оның ішінде сыныптауыштан жекелеген позицияларды алып тастағаннан кейін жол берілмейді.
17. Сыныптауыштан алынған егжей-тегжейленген мәліметтерге өзгерістер енгізу Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүргізу туралы хаттаманың (одақ туралы шартқа № 10 қосымша) 8-тармағына және осы Тәртіптің V бөліміне сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылады.
V. Сыныптауышты жүргізу
18. Комиссия немесе мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары қажеттілік болған жағдайда тізбесі осы Тәртіпке қосымшада келтірілген өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық стандарттар мен ұсынымдардың ережелеріне олар туралы мәліметтерді Сыныптауышқа енгізу мақсатында сыныптаудың жаңа объектілерін анықтау тұрғысынан талдау жүргізеді (осындай стандарттардың немесе ұсынымдардың мәліметтеріне өзгерістер енгізілген жағдайда немесе өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жаңа стандарттар немесе ұсынымдар қабылданған жағдайда, сондай-ақ мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындаған өзге де жағдайларда).
19. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы сыныптауыштан егжей-тегжейленген мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігін анықтаған жағдайда, мүше мемлекеттің уәкілетті органы Сыныптауышқа енгізуге ұсынылатын өзгерістер тізбесін, сондай-ақ осындай өзгерістердің негіздемесін қамтитын өтінімді (бұдан әрі – өтінім) ресімдейді және оны сыныптауыштың операторына жібереді.
20. Сыныптауыштың операторы сыныптауыштан егжей-тегжейленген мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігін анықтаған жағдайда, жаңа позицияларды қосуға немесе сыныптауыштан мәліметтерге өзгерістер енгізуге өтінімді Комиссия ресімдейді.
21. Комиссия келіп түскен өтінімдерді ескере отырып, Әдіснаманың № 3 қосымшасында қарастырылған нысанға сәйкес сыныптауыштан егжей-тегжейленген мәліметтерді өзгерту жобасын (бұдан әрі – өзгерістер жобасы) дайындауды, сондай-ақ өзгерістер Жобасын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, оның ішінде Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды құру және жүргізуге байланысты жұмыстарды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы шеңберінде қарауын қамтамасыз етеді.
22. Сыныптауышқа өзгерістер енгізудің орындылығын бағалау мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының және Комиссияның өзгерістер жобасын одан әрі қарауы Әдіснаманың 86-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Осы Тәртіптің 21 және 22-тармақтарында қарастырылған іс-шараларды орындау нәтижесі болып Одақтың ақпараттық порталында жарияланған өзектендірілген сыныптауыш немесе сыныптауышқа өзгерістер енгізудің орынсыздығы туралы қорытынды табылады.
Метрологиялық сипаттамалардың сыныптауышын жүргізудің Тәртібіне ҚОСЫМША |
Метрологиялық сипаттамалар сыныптауышын жүргізу кезінде есепке алуға ұсынылатын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық стандарттар мен ұсынымдардың ТІЗБЕСІ
Метрология жөніндегі халықаралық сөздік (International Vocabulary of Metrology – basic and General Concepts and Associated Terms, VIM);
халықаралық заңнамалық метрология ұйымының D8 құжаты "Эталондар. Таңдау, тану, қолдану, сақтау және құжаттама" (OIML D8 "Measurement standards. Choice, recognition, use, conservation and documentation");
ISO 10012:2003 стандарты "Өлшеу менеджментінің жүйелері. Өлшеу процестеріне және өлшеу жабдығына қойылатын талаптар" (ISO 10012:2003 Measurement management systems – requirements for measurement process and measuring equipment);
МемСТ 8.009-84 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ). Өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары";
МемСТ 8.010-2013 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ). Өлшемдерді орындау әдістемелері. Негізгі ережелер";
МемСТ 8.315-2019 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ). Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері. Негізгі ережелер";
МемСТ 8.381-2009 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ). Эталондар. Дәлдікті білдіру жолдары";
РМГ 29-2013 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Метрология. Негізгі терминдер мен анықтамалар";
РМГ 53-2002 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Стандартты үлгілер. Эталондар мен үлгілі өлшем құралдарын пайдалана отырып, метрологиялық сипаттамаларды бағалау";
МИ 1317-2004 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшеу қателігінің нәтижелері мен сипаттамалары. Ұсыну формалары. Өнім үлгілерін сынау және олардың параметрлерін бақылау кезінде пайдалану тәсілдері".