Метрологиялық сипаттамалардың сыныптауышы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 189 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған метрологиялық сипаттамалардың сыныптауышы (бұдан әрі – сыныптауыш) бекітілсін.

      2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      сыныптауыш осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезінде сыныптауыштың кодтық белгілерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 189 Шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Метрологиялық сипаттамалардың СЫНЫПТАУЫШЫ

І. Сыныптауыштен егжей-тегжейленген мәліметтер

Метрологиялық сипаттамалар тобының коды

Топтың атауы, метрологиялық сипаттамалар түрінің коды

Түрдің атауы, метрологиялық сипаттаманың коды

Метрологиялық сипаттаманың атауы

01

Өлшеу нәтижесін анықтайтын сипаттамалар

0101

өлшеу диапазоны (мәндер)

0101010

бірлік жаңғыртылатын шама мәндерінің диапазоны

0101020

өлшеу диапазоны

0101030

сертификатталған (аттестатталған) мәндердің рұқсат етілген диапазоны

0101040

көрсеткіштер аралығы

0101050

көрсеткіштердің номиналды диапазоны (номиналды диапазон)

0101060

көрсеткіштердің номиналды аралығы (номиналды аралық)

0101999

басқа өлшеу диапазондары (мәндері)

0102

өлшемнің мәні (көрсетілім)

0102010

бір мәнді өлшемнің мәні

0102020

көп мәнді өлшемнің мәні

0102030

шаманың номиналды мәні (номиналды мән)

0102040

бірлік жаңғыртылатын шаманың номиналды мәні

0102050

көрсеткіш

0102060

стандартты үлгінің сертификатталған (аттестатталған) мәні

0102070

эталонмен жаңғыртылатын шаманың шартты шын мәні(лері)

0102080

фондық көрсеткіш

0102999

шаралардың (көрсеткіштердің) өзге де мәндері

0103

түрлендіру функциясы

0103010

өлшеу түрлендіргішінің түрлендіру функциясы

0103020

өлшем құралының түрлендіру функциясы

0103030

кіріс шамасының бірліктерінен басқа бірліктермен градуирленген шкаласы бар өлшем құралының түрлендіру функциясы

0103999

түрлендіру функциясының өзге де сипаттамалары

0104

цифрлық кодта нәтижелерді беруге арналған өлшем құралдарының сипаттамалары

0104010

шығыс кодының түрі

0104020

код разрядтарының саны

0104030

кодтың ең аз разряды бірлігінің бағасы

0104999

цифрлық кодта нәтижелерді беруге арналған өлшем құралдарының өзге де сипаттамалары

0105

өлшем құралдарының немесе көп мәнді шара шкаласының сипаттамалары

0105010

өлшем құралдарын немесе көп мәнді шара шкаласын бөлу бағасы

0105999

өлшем құралдарының немесе көп мәнді шара шкаласының өзге де сипаттамалары

0199

өлшеу нәтижесін анықтайтын басқа сипаттамалар

02

Қателіктің сипаттамасы

0201

қателіктің жалпы сипаттамалары

0201010

өлшеу қателігі берілген ықтималдылықпен болатын шекаралар

0201020

қателіктің рұқсат етілген мәні

0201030

әртектіліктен қателік сипаттамасының рұқсат етілген мәні

0201040

жіберілетін қателіктің шегі

0201050

орташа квадраттық ауытқу (стандартты ауытқу)

0201060

стандартты үлгінің аттестатталған мәнін белгілеу тәсілінен стандартты ауытқу

0201070

қателіктің әртектіліктен стандартты ауытқуы

0201080

қателіктің тұрақсыздықтан стандартты ауытқуы

0201999

қателіктің өзге де жалпы сипаттамалары

0202

жүйелік қателіктің құрамдас бөлігінің сипаттамалары

0202010

жүйелік қатенің шекаралары

0202020

алып тасталмаған жүйелік құрамдас бөлігі берілген ықтималдылықпен болатын шекаралар

0202030

жүйелік қатенің сенімділік шекаралары

0202040

жүйелік қателіктің алып тасталмаған құрамдас бөлігінің сенімгерлік шекаралары

0202050

жүйелік қателіктің құрамдас бөлігінің мәні

0202060

жүйелік қателіктің құрамдас бөлігін математикалық күту

0202070

жүйелік қателіктің құрамдас бөлігінің орташа квадраттық ауытқуы

0202080

жүйелік қателіктің алып тасталмаған құрамдас бөлігінің орташа квадраттық ауытқуы

0202999

жүйелік қателіктің құрамдас бөлігінің өзге де сипаттамалары

0203

кездейсоқ қателіктің құрамдас бөлігінің сипаттамасы

0203010

кездейсоқ қателіктің құрамдас бөлігінің сенімгерлік шекаралары

0203020

қалыпқа келтірілген автокорреляциялық функцияның корреляция интервалы

0203030

орташа квадраттық ауытқудың мүмкін болатын ең үлкен мәні

0203040

қалыпқа келтірілген автокорреляциялық функция

0203050

өлшеу нәтижесінің орташа квадраттық ауытқуы

0203060

кездейсоқ қателіктің құрамдас бөлігінің орташа квадраттық ауытқуы

0203070

кездейсоқ қателіктің құрамдас бөлігінің спектрлік тығыздығының функциясы

0203080

гистерезис кездейсоқ қателігінің құрамдас бөлігінің сипаттамасы

0203999

кездейсоқ қателіктің құрамдас бөлігінің өзге сипаттамалары

0204

жиынтық қателіктің сипаттамалары

0204010

өлшемдердің жиынтық қателігінің шекаралары

0204020

жиынтық қателіктің сенімгерлік шекаралары

0204030

жиынтық орташа квадраттық ауытқу

0204999

жиынтық қателіктің өзге сипаттамалары

0299

қателіктің басқа сипаттамалары

0299010

өлшем құралының абсолютті қателігі

0299011

абсолютті қателіктің шекаралары

0299020

өлшем құралының динамикалық қателігі

0299030

өлшем құралының қосымша қателігі

0299040

аспаптық ығысу

0299050

қателіктің нормасы

0299060

өлшем құралының негізгі қателігі

0299070

өлшем құралының салыстырмалы қателігі

0299071

салыстырмалы қателіктің шекаралары

0299080

бақылау нүктесіндегі қателік

0299090

нөлдің қателігі

0299100

шара қателігі

0299110

өлшем құралының келтірілген қателігі

0299120

өлшеу қателігінің тіркелінді сипаттамалары

0299130

өлшем құралының статикалық қателігі

0299140

өлшем құралдары қателігінің статистикалық сипаттамалары (ықтималдық сипаттамаларын бағалау)

0299150

жүйелі және кездейсоқ қателіктің құрамдас бөліктерінің ықтималдық таралу функциясы немесе тығыздығы

0299160

өлшем құралдарының қателігінің сипаттамасы – қателіктің мәні

0299170

әсер етуші шаманың интервалындағы өлшем құралдарының қателігінің сипаттамасы – қателіктің мәні

0299999

қателіктің өзге де сипаттамалары

03

Белгісіздік сипаттамалары

0301

стандартты белгісіздік сипаттамалары

0301010

өлшеудің салыстырмалы стандартты белгісіздігі

0301020

стандартты үлгінің аттестатталған мәнін белгілеу тәсілінен стандартты белгісіздік

0301030

әртектіліктен стандартты белгісіздік

0301040

тұрақсыздықтан стандартты белгісіздік

0301050

А типі бойынша бағаланатын стандартты белгісіздік

0301060

B типі бойынша бағаланатын стандартты белгісіздік

0301999

стандартты белгісіздіктің өзге сипаттамалары

0302

жиынтық стандартты белгісіздіктің сипаттамалары

0302010

жиынтық стандартты белгісіздік

0302020

А типі бойынша бағаланатын жиынтық стандартты белгісіздік

0302030

B типі бойынша бағаланатын жиынтық стандартты белгісіздік

0302999

жиынтық стандарттық белгісіздіктің өзге де сипаттамалары

0303

кеңейтілген белгісіздіктің сипаттамалары

0303010

кеңейтілген белгісіздіктің жол берілетін мәндерінің шекаралары

0303020

кеңейтілген белгісіздік

0303030

Р сенім деңгейі үшін кеңейтілген белгісіздік

0303999

кеңейтілген белгісіздіктің өзге де сипаттамалары

0399

белгісіздіктің басқа сипаттамалары

0399010

дефинициалды белгісіздік

0399020

өлшемдердің жол берілетін белгісіздігі

0399030

аспаптық белгісіздік

0399040

нөлді өлшеудің белгісіздігі

0399050

тағайындалған өлшем белгісіздігі

0399050

мақсатты белгісіздік

0399999

белгісіздіктің өзге де сипаттамалары

04

Дәлдіктің басқа сипаттамалары

0401

қателік және (немесе) белгісіздік сипаттамаларының құрамында айқындалмаған дәлдіктің сипаттамалары

0401010

дәлдіктің класы

0401020

эталонның жыл ішіндегі тұрақсыздығы

0401999

дәлдіктің өзге де сипаттамалары

05

Сезімталдықтың сипаттамалары

0501

әсер етуші шамаларға сезімталдық

0501010

абсолютті сезімталдық

0501020

сезімталсыздық аймағы

0501030

белгіленген шектердегі әсер етуші шамалардың өзгеруінен туындаған өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары мәндерінің өзгеруі

0501040

салыстырмалы сезімталдық

0501050

сезімталдық шегі

0501060

әсер ету функциялары

0501999

сезімталдықтың өзге де сипаттамалары

06

Динамикалық метрологиялық қасиеттердің сипаттамалары

0601

толық динамикалық сипаттамалары

0601010

амплитудалық-фазалық сипаттамасы

0601020

амплитудалық-жиіліктік сипаттамасы

0601030

импульстің өтпелі сипаттамасы

0601040

табыстама функциясы

0601050

өтпелі сипаттамасы

0601060

амплитудалық-жиіліктік және фазалық-жиіліктік сипаттамалардың жиынтығы

0601999

өзге де толық динамикалық сипаттамалар

0602

жеке динамикалық сипаттамалары

0602010

реакция уақыты

0602020

резонанстық жиіліктегі амплитудалық-жиіліктік сипаттаманың мәні

0602030

резонанстық меншікті шеңберлік жиіліктің мәні

0602040

демпфирлеу коэффициенті

0602050

өлшеулердің ең жоғары жиілігі (жылдамдығы)

0602060

есептеуді даталаудың қателігі

0602070

уақыт тұрақтысы

0602999

өзге де жеке динамикалық сипаттамалар

0603

реакция уақытының немесе есептеуді даталаудың қателігінің жеке құрамдас бөліктері

0603010

нәтижені беруді кідірту уақыты

0603020

іске қосуды кешіктіру уақыты

0603030

күту уақыты

0603040

түрлендіру уақыты

0603999

реакция уақытының немесе есептеуді даталаудың қателігінің өзге де құрамдас бөліктері

0604

осы өлшем құралдарының ақпарат алмасу құрылғылары орындалған интерфейсте қарастырылған қызмет көрсету операцияларының орындалу уақытын ескере отырып, динамикалық сипаттамалары

0699

өзге де динамикалық сипаттамалар

99

Басқа метрологиялық сипаттамалар

9901

өлшем қателігінің аспаптық құрамдас бөлігіне әсер ету қабілетін көрсететін өлшем құралдарының сипаттамалары

9901010

сызықтық өлшеуіш түрлендіргіштің кіріс импедансы

9901020

сызықтық өлшеуіш түрлендіргіштің шығыс импедансы

9901999

қателіктің аспаптық құрамдас бөлігіне әсер ету қабілетін көрсететін өзге де сипаттамалар

9999

өлшем құралдарының басқа сипаттамалары

9999010

әсер етуші шамадан туындаған вариация

9999020

Жаңғыртылуы

9999030

жауап беру уақыты (секірмелі әсер ету кезінде)

9999040

Таңдаушылық

9999050

аспаптық дрейф

9999060

сызықтылық

9999070

өлшем құралының шығу сигналының ақпараттық емес параметрлері

9999080

қайталанушылық

9999090

жедел жауап қату шегі

9999100

анықтау шегі

9999110

рұқсат беру

9999120

рұқсат беру қабілеттілігі

9999130

дрейф жылдамдығы

9999140

ығысуы

9999150

тұрақтылық

9999160

біртектіліктің сипаттамасы

9999999

өзге де метрологиялық сипаттамалар

II. Сыныптауыштың паспорты

Р/с №

Элементтің белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

___

2

Типі

2 – сыныптауыш

3

Атауы

метрологиялық сипаттамалардың сыныптауышы

4

Аббревиатурасы

КМХ

5

Белгіленімі

ЕК 066 - 2021 (1-ред.)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекітілгені) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 ж. № Шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күні

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 ж. № Шешімі күшіне енген күннен бастап

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Арналымы

шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының және өлшеу әдістемелерінің (әдістерінің) метрологиялық сипаттамаларын сыныптауға және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолданылу саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде қолданылатын электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде пайдаланылады

13

Түйін сөз

метрологиялық сипаттама, шама бірліктерінің эталоны, стандартты үлгі, өлшем құралы, өлшеулерді орындау әдістемесі, өлшеу әдісі (әдістемесі)

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

техникалық реттеу

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштарды пайдалану

2-сыныптауыштың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы

2-сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ

17

Жүйелеу әдісі (сыныптау)

2-иерархиялық, қосымша бойынша тәртіпке сәйкес сыныптау сатыларының (деңгейлерінің) саны 2

18

Жүргізу әдістемесі

1-жүргізудің орталықтандырылған рәсімі, сыныптауыш қосымша бойынша тәртіпке сәйкес электрондық түрде жүргізіледі

19

Құрылымы

сыныптауыштың құрылымы туралы ақпарат (өрістер құрамы, олардың мәндерінің аясы және қалыптастыру қағидалары) осы құжаттың III бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

сыныптауыштың мәліметтері ашық қолжетімді ақпаратқа жатады

21

Қайта қарау кезеңділігін белгілеу

22

Өзгертулер

23

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) егжей-тегжейленген мәліметтеріне сілтеме

сыныптауыштың егжей-тегжейленген мәліметтері осы құжаттың I бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Сыныптауыш құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы мынадай жолдар (бағандар)қалыптастырылатын кестеде келтірілген:

      "деректеменің атауы" – деректеменің реттік нөмірі және бекітілген немесе ресми ауызша белгіленуі;

      "деректеме мағынасының аймағы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары" – элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерін сөзбен сипаттау;

      "көпт." - деректеменің көптігі (міндеттілік (опционалдылық) және деректеменің ықтимал қайталануының саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      1..* – реквизит міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен көп емес қайталануы тиіс (n > 1, m > n ) ;

      0..1 –  реквизит опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* –  реквизит опциональды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m –  реквизит опциональды, m реттен көп емес қайталануы мүмкін (m > 1).

      Кесте

Сыныптауыштың құрылымы және деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Метрологиялық сипаттамалар тобы туралы мәлімет

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Метрологиялық сипаттамалар тобының коды

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \D{2}

кодтық белгілеу дәйекті кодтау әдісін қолдану арқылы қалыптасады

1

1.2. Метрологиялық сипаттамалар тобының атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 1000

атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады

1

1.3. Метрологиялық сипаттамалардың түрі туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.3.1. Метрологиялық сипаттамалар түрінің коды

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \D{4}

кодтық белгілеу дәйекті кодтау әдісін қолдану арқылы қалыптасады

1

1.3.2. Метрологиялық сипаттамалар түрінің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 1000

атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады

1

1.3.3. Метрологиялық сипаттама туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.3.3.1. Метрологиялық сипаттаманың коды

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \d{7}

кодтық белгілеу дәйекті кодтау әдісін қолдану арқылы қалыптасады

1

1.3.3.2. Метрологиялық сипаттаманың атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 1000

атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады

1

1.3.3.3. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*.1. Іс-қимылдың басталу күні

МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың басталу күніне сәйкес келеді

1

*.2. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасының әрекет етуінің басталуын регламенттейтін акті туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*.2.1. Актінің түрі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \D{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленуі

1

*.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.2.3. Актінің күні

МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

*.3. Іс-қимылдың аяқталу күні

МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың басталу күніне сәйкес келеді

0..1

*.4. Анықтамалықтың (сыныптауыштың)жазбасы әрекетінің аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

*.4.1. Актінің түрі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \D{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленімі

1

*.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.4.3. Актінің күні

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

  Метрологиялық сипаттамалардың
сыныптауышына ҚОСЫМША

Метрологиялық сипаттамалардың сыныптауышын жүргізу ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай актілерге сәйкес әзірленді:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт (бұдан әрі – Одақ туралы шарт);

      "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 Шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратының жүйесінің ресурстары құрамына кіретін анықтамалықтар және сыныптауыштарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 121 Шешімі (бұдан әрі – Әдіснама).

II. Қолдану саласы

      2. Осы Тәртіп метрологиялық сипаттамалар сыныптауышын (бұдан әрі – сыныптауыш) қалыптастыру, жүргізу және қолдану қағидаларын айқындайды.

      3. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сыныптауышты қалыптастыру және жүргізу кезінде, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында өкілеттіктер берілген Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі – мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) өз қызметінде сыныптауыштан мәліметтерді жүргізу және пайдалану кезінде қолданылады.

III. Негізгі ұғымдар

      4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін "метрологиялық сипаттама" ұғымы деп өлшем нәтижесіне әсер ететін сипаттама түсініледі.

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге де ұғымдар, Одақ туралы Шартта және Одақ органдарының Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру және дамыту мәселелеріне қатысты актілерінде айқындалған мағыналарда қолданылады.

IV. Сыныптауышты жүргізу қағидаттары

      5. Сыныптауышты қалыптастыру және жүргізу шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының және өлшеу әдістерінің (әдістемелерінің) метрологиялық сипаттамалары туралы мәліметтерді жүйелеу (сыныптау) және кодтау мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Жүйелеу (сыныптау) объектілері болып шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының және өлшем әдістерінің (әдістемелерінің) метрологиялық сипаттамалары табылады.

      7. Сыныптауышты қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын Комиссия сыныптауыштың операторы болып табылады.

      8. Жүйелеу (сыныптау) объектілерін жүйелеу (сыныптау) мақсатында сыныптау сатыларының (деңгейлерінің) 2 санымен сыныптаудың иерархиялық әдісі қолданылады.

      9. Жүйелеудің (сыныптаудың) бірінші деңгейінде жүйелеу (сыныптау) объектілері МемСТ 8.009-84 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ) мемлекетаралық стандарты шеңберінде өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының номенклатурасымен айқындалған сипаттамалар топтарына сәйкес бөлінген метрологиялық сипаттамалардың мынадай топтары бойынша бөлінген. Өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары":

      өлшем нәтижесін анықтайтын сипаттамалар;

      қателіктің сипаттамалары;

      белгісіздік сипаттамары;

      дәлдіктің басқа сипаттамалары;

      сезімталдықтың сипаттамалары;

      динамикалық метрологиялық қасиеттердің сипаттамалары;

      басқа метрологиялық сипаттамалар.

      10. Жүйелеудің (сыныптаудың) екінші деңгейінде жүйелеу (сыныптау) объектілері кестеге сәйкес әрбір топтың құрамында айқындалған метрологиялық сипаттамалардың негізгі түрлері бойынша бөлінеді.

Сыныптауыштың сыныптау топтамаларының тізбесі, олардың кодтары және атауы

Метрологиялық сипаттамалар тобының коды

Метрологиялық сипаттамалар тобының атауы, метрологиялық сипаттамалар түрінің коды және атауы

01

Өлшеу нәтижесін анықтайтын сипаттамалар

0101

өлшеу диапазоны (мәндер)

0102

өлшем мәні (көрсетілім)

0103

түрлендіру функциясы

0104

цифрлық кодта нәтижелерді беруге арналған өлшем құралдарының сипаттамалары

0105

өлшем құралдары шкаласының немесе көп мәнді өлшемнің сипаттамалары

0199

өлшеу нәтижесін анықтайтын басқа сипаттамалар

02

Қателіктің сипаттамалары

0201

қателіктің жалпы сипаттамалары

0202

жүйелік қателіктің құрамдас бөлігінің сипаттамалары

0203

қателіктің кездейсоқ құрамдас бөлігінің сипаттамасы

0204

жиынтық қателіктің сипаттамалары

0299

қателіктің басқа сипаттамалары

03

Белгісіздіктің сипаттамасы

0301

стандартты белгісіздіктің сипаттамалары

0302

жиынтық стандартты белгісіздіктің сипаттамалары

0303

кеңейтілген белгісіздіктің сипаттамалары

0399

белгісіздіктің басқа сипаттамалары

04

Дәлдіктің басқа сипаттамалары

0401

қателіктің және (немесе) белгісіздіктің сипаттамаларының құрамында айқындалмаған дәлдіктің сипаттамалары

05

Сезімталдықтың сипаттамалары

0501

әсер етуші шамаларға сезімталдық

06

Динамикалық метрологиялық қасиеттердің сипаттамалары

0601

толық динамикалық сипаттамалары

0602

жеке динамикалық сипаттамалары

0603

реакция уақытының немесе есептеуді даталаудың қателігінің жеке құрамдас бөліктері

0604

осы өлшем құралдарының ақпарат алмасу құрылғылары орындалған интерфейсте қарастырылған қызмет көрсету операцияларының орындалу уақытын ескере отырып, динамикалық сипаттамалары

0699

өзге де динамикалық сипаттамалар

99

Басқа метрологиялық сипаттамалар

9901

өлшеу қателігінің аспаптық құрамдас бөлігіне әсер ету қабілетін көрсететін өлшем құралдарының сипаттамалары

9999

өлшем құралдарының басқа сипаттамалары

      11. Метрологиялық сипаттамалар метрологиялық сипаттамалардың топтары мен негізгі түрлері бойынша сыныпталады және сыныптауышта жеке позиция түрінде ұсынылады.

      12. Метрологиялық сипаттамалардың әрбір түрінің құрамындағы метрологиялық сипаттамалар әліпбилік тәртіппен жүйеленеді. Бұл ретте, егер бір метрологиялық сипаттама басқа метрологиялық сипаттаманы нақтыласа (кеңейтсе), сыныптауыштың осындай позицияларын дәйекті түрде орналастыруға жол беріледі.

      13. Метрологиялық сипаттамалар топтарын кодтау үшін араб цифрларынан тұратын және қажет болған жағдайда жетекші нөлмен толықтырылатын 2 таңбалы код пайдаланылады.

      14. Метрологиялық сипаттамалардың түрлері араб цифрларынан тұратын 4 таңбалы кодты пайдалана отырып, дәйекті әдіспен кодталады. Метрологиялық сипаттамалар түрінің коды метрологиялық сипаттамалар тобының кодына 2 разрядты қосу жолымен құрылады, бұл ретте метрологиялық сипаттамалардың әрбір түріне қажет болған кезде жетекші нөлмен екі мәнді реттік нөмір (1-ден бастап) беріледі.

      15. Кодтың форматы XXYYZZZ, мұнда:

      XX – метрологиялық сипаттамалар тобының коды;

      XXYY – метрологиялық сипаттамалар түрінің коды;

      ZZZ – қажет болған жағдайда жетекші нөлдерді қоса отырып, метрологиялық сипаттамалардың белгілі бір түрі шеңберіндегі метрологиялық сипаттаманың реттік нөмірі.

      16. Кодтарды қайта пайдалануға, оның ішінде сыныптауыштан жекелеген позицияларды алып тастағаннан кейін жол берілмейді.

      17. Сыныптауыштан алынған егжей-тегжейленген мәліметтерге өзгерістер енгізу Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүргізу туралы хаттаманың (одақ туралы шартқа № 10 қосымша) 8-тармағына және осы Тәртіптің V бөліміне сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылады.

V. Сыныптауышты жүргізу

      18. Комиссия немесе мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары қажеттілік болған жағдайда тізбесі осы Тәртіпке қосымшада келтірілген өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық стандарттар мен ұсынымдардың ережелеріне олар туралы мәліметтерді Сыныптауышқа енгізу мақсатында сыныптаудың жаңа объектілерін анықтау тұрғысынан талдау жүргізеді (осындай стандарттардың немесе ұсынымдардың мәліметтеріне өзгерістер енгізілген жағдайда немесе өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жаңа стандарттар немесе ұсынымдар қабылданған жағдайда, сондай-ақ мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындаған өзге де жағдайларда).

      19. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы сыныптауыштан егжей-тегжейленген мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігін анықтаған жағдайда, мүше мемлекеттің уәкілетті органы Сыныптауышқа енгізуге ұсынылатын өзгерістер тізбесін, сондай-ақ осындай өзгерістердің негіздемесін қамтитын өтінімді (бұдан әрі – өтінім) ресімдейді және оны сыныптауыштың операторына жібереді.

      20. Сыныптауыштың операторы сыныптауыштан егжей-тегжейленген мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігін анықтаған жағдайда, жаңа позицияларды қосуға немесе сыныптауыштан мәліметтерге өзгерістер енгізуге өтінімді Комиссия ресімдейді.

      21. Комиссия келіп түскен өтінімдерді ескере отырып, Әдіснаманың № 3 қосымшасында қарастырылған нысанға сәйкес сыныптауыштан егжей-тегжейленген мәліметтерді өзгерту жобасын (бұдан әрі – өзгерістер жобасы) дайындауды, сондай-ақ өзгерістер Жобасын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, оның ішінде Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды құру және жүргізуге байланысты жұмыстарды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы шеңберінде қарауын қамтамасыз етеді.

      22. Сыныптауышқа өзгерістер енгізудің орындылығын бағалау мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының және Комиссияның өзгерістер жобасын одан әрі қарауы Әдіснаманың 86-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Осы Тәртіптің 21 және 22-тармақтарында қарастырылған іс-шараларды орындау нәтижесі болып Одақтың ақпараттық порталында жарияланған өзектендірілген сыныптауыш немесе сыныптауышқа өзгерістер енгізудің орынсыздығы туралы қорытынды табылады.

  Метрологиялық сипаттамалардың
сыныптауышын жүргізудің Тәртібіне
ҚОСЫМША

Метрологиялық сипаттамалар сыныптауышын жүргізу кезінде есепке алуға ұсынылатын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық стандарттар мен ұсынымдардың ТІЗБЕСІ

      Метрология жөніндегі халықаралық сөздік (International Vocabulary of Metrology – basic and General Concepts and Associated Terms, VIM);

      халықаралық заңнамалық метрология ұйымының D8 құжаты "Эталондар. Таңдау, тану, қолдану, сақтау және құжаттама" (OIML D8 "Measurement standards. Choice, recognition, use, conservation and documentation");

      ISO 10012:2003 стандарты "Өлшеу менеджментінің жүйелері. Өлшеу процестеріне және өлшеу жабдығына қойылатын талаптар" (ISO 10012:2003 Measurement management systems – requirements for measurement process and measuring equipment);

      МемСТ 8.009-84 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ). Өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары";

      МемСТ 8.010-2013 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ). Өлшемдерді орындау әдістемелері. Негізгі ережелер";

      МемСТ 8.315-2019 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ). Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері. Негізгі ережелер";

      МемСТ 8.381-2009 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ). Эталондар. Дәлдікті білдіру жолдары";

      РМГ 29-2013 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Метрология. Негізгі терминдер мен анықтамалар";

      РМГ 53-2002 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Стандартты үлгілер. Эталондар мен үлгілі өлшем құралдарын пайдалана отырып, метрологиялық сипаттамаларды бағалау";

      МИ 1317-2004 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшеу қателігінің нәтижелері мен сипаттамалары. Ұсыну формалары. Өнім үлгілерін сынау және олардың параметрлерін бақылау кезінде пайдалану тәсілдері".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады