2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4, 13, 16 және 17-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. № 1 қосымшаға сәйкес өздеріне қатысты экспорт пен импорттың сандық шектеулері белгіленген тауарлар тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне 21-қосымша) 21.1-бөліміне өзгерістер енгізілсін.
2. № 2 қосымшаға сәйкес ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты экспорттық квотаның көлемдері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында бөлінсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 194 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Өздеріне қатысты экспорт пен импорттың сандық шектеулері белгіленген тауарлар тізбесінің 21.1-бөліміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Бөрене, кесек отын, бұтақ, шөпшем байламдары түріндегі немесе соған ұқсас түрлердегі отын сүрегі** |
4401 11 000 1 |
Қабығы алынған немесе алынбаған немесе үстіңгі қабатымен немесе қомақты кесектелген немесе кесектелмеген өңделмеген орман материалдары** |
4403 11 000 1 |
Ұзыннан арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сургіленбеген немесе сүргіленген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалындығы 6 мм аспайтын ағаш материалдары** |
4407 11 940 5 |
2. Мынадай мазмұндағы "**" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:
"** Тарифтік емес реттеу шарасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Өздеріне қатысты экспорт пен импорттың сандық шектеулері белгіленген тауарлар тізбесінің 21.1-бөліміне өзгерістер енгізу туралы және ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты экспорттың уақытша сандық шектеулерін енгізу туралы" 20 жылғы № шешіміне сәйкес қолданылады.".
3. Бөлімге ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа алу қажет.
2. Тарифтік емес реттеу шарасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы өткізілетін тауарларды әкетуге қолданылмайды.".
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 194 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты экспорттық квотаның КӨЛЕМІ
Тауардың атауы |
ЕАЭО СЭҚ ТН | Экспорттық квотаның көлемі (мың тонна) | ||||
Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Қырғыз Республикасы | Ресей Федерациясы* | ||
Бөрене, кесек отын, бұтақ, шөпшем байламдары түріндегі немесе соған ұқсас түрлердегі отын сүрегі |
4401 11 000 1 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Қабығы алынған немесе алынбаған немесе үстіңгі қабатымен немесе қомақты кесектелген немесе кесектелмеген өңделмеген орман материалдары |
4403 11 000 1 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Ұзыннан арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сургіленбеген немесе сүргіленген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалындығы 6 мм аспайтын ағаш материалдары |
4407 11 940 5 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
____________________
* Тарифтік емес реттеу шарасы Ресей Федерациясына қатысты шараны қолдану тәртібін белгілейтін Ресей Федерациясының актісі күшіне енген күннен бастап қолданылады.