Өздеріне қатысты экспорт пен импорттың сандық шектеулері белгіленген тауарлар тізбесінің 21.1-бөліміне өзгерістер енгізу туралы және ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты экспорттың уақытша сандық шектеулерін енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 194 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4, 13, 16 және 17-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. № 1 қосымшаға сәйкес өздеріне қатысты экспорт пен импорттың сандық шектеулері белгіленген тауарлар тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне 21-қосымша) 21.1-бөліміне өзгерістер енгізілсін.

      2. № 2 қосымшаға сәйкес ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты экспорттық квотаның көлемдері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында бөлінсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 194 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Өздеріне қатысты экспорт пен импорттың сандық шектеулері белгіленген тауарлар тізбесінің 21.1-бөліміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Бөрене, кесек отын, бұтақ, шөпшем байламдары түріндегі немесе соған ұқсас түрлердегі отын сүрегі**

4401 11 000 1
4401 11 000 9
4401 12 000 1
4401 12 000 9

Қабығы алынған немесе алынбаған немесе үстіңгі қабатымен немесе қомақты кесектелген немесе кесектелмеген өңделмеген орман материалдары**

4403 11 000 1
4403 11 000 9
4403 12 000 1
4403 12 000 2
4403 12 000 3
4403 21 120 0
4403 21 180 0
4403 21 920 0
4403 21 980 0
4403 22 200 0
4403 22 800 0
4403 23 120 0
4403 23 180 0
4403 23 920 0
4403 23 980 0
4403 24 200 0
4403 24 800 0
4403 25 100 0
4403 25 900 0
4403 26 000 0
4403 91 100 0
4403 91 900 0
4403 93 200 0
4403 93 800 0
4403 94 000 0
4403 99 000 1

Ұзыннан арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сургіленбеген немесе сүргіленген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалындығы 6 мм аспайтын ағаш материалдары**

4407 11 940 5
4407 11 990 5
4407 12 920 5
4407 12 990 5
4407 13 000 4
4407 14 000 4
4407 19 970 5
4407 91 900 5
4407 92 000 4
4407 95 990 5".

      2. Мынадай мазмұндағы "**" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:

      "** Тарифтік емес реттеу шарасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Өздеріне қатысты экспорт пен импорттың сандық шектеулері белгіленген тауарлар тізбесінің 21.1-бөліміне өзгерістер енгізу туралы және ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты экспорттың уақытша сандық шектеулерін енгізу туралы" 20 жылғы № шешіміне сәйкес қолданылады.".

      3. Бөлімге ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа алу қажет.

      2. Тарифтік емес реттеу шарасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы өткізілетін тауарларды әкетуге қолданылмайды.".

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 194 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты экспорттық квотаның КӨЛЕМІ

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН
коды

Экспорттық квотаның көлемі (мың тонна)

Армения Республикасы

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Қырғыз Республикасы

Ресей Федерациясы*

Бөрене, кесек отын, бұтақ, шөпшем байламдары түріндегі немесе соған ұқсас түрлердегі отын сүрегі

4401 11 000 1
4401 11 000 9
4401 12 000 1
4401 12 000 9

0

0

0

0

0

Қабығы алынған немесе алынбаған немесе үстіңгі қабатымен немесе қомақты кесектелген немесе кесектелмеген өңделмеген орман материалдары

4403 11 000 1
4403 11 000 9
4403 12 000 1
4403 12 000 2
4403 12 000 3
4403 21 120 0
4403 21 180 0
4403 21 920 0
4403 21 980 0
4403 22 200 0
4403 22 800 0
4403 23 120 0
4403 23 180 0
4403 23 920 0
4403 23 980 0
4403 24 200 0
4403 24 800 0
4403 25 100 0
4403 25 900 0
4403 26 000 0
4403 91 100 0
4403 91 900 0
4403 93 200 0
4403 93 800 0
4403 94 000 0
4403 99 000 1

0

0

0

0

0

Ұзыннан арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сургіленбеген немесе сүргіленген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалындығы 6 мм аспайтын ағаш материалдары

4407 11 940 5
4407 11 990 5
4407 12 920 5
4407 12 990 5
4407 13 000 4
4407 14 000 4
4407 19 970 5
4407 91 900 5
4407 92 000 4
4407 95 990 5

0

0

0

0

0

      ____________________

      * Тарифтік емес реттеу шарасы Ресей Федерациясына қатысты шараны қолдану тәртібін белгілейтін Ресей Федерациясының актісі күшіне енген күннен бастап қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады