Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5 және 6-тармақтарына, 106-бабының 2-тармағына және 107-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 2 мамырдағы "2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарларды кедендік декларациялау және тауарларды алып өтудің ерекшеліктері сыныптауышына өзгерістер енгізу туралы" № 43 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы "Өздеріне қатысты арнаулы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санатына өзгерістер енгізу және оларды осындай кедендік рәсімге орналастыру жағдайлары туралы және 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасын ұйымдастыру мен өткізу мақсатында тауарлар әкелудің (әкетудің) кейбір мәселелері туралы" № 147 шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 195 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 43 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауы, 1-тармақтың екінші және үшінші абзацтары "2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын, 2020 жылғы футбол бойынша UEFA Еуропа чемпионатын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарларға декларация ретінде және шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларация ретінде пайдалану тәртібінде:
а) атауы, 1 және 22-тармақтары "2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын;
б) көрсетілген Тәртіпке қосымшада:
"2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейінгі нөмірлік бастақырып ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын;
атауы "2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын;
2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем чемпионатын және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын, 2020 жылғы футбол бойынша UEFA Еуропа чемпионатын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарлар туралы өтініш нысанының негізгі және қосымша парақтарының атауы:
"2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын;
"Championship 2020" деген сөздерден кейін "2021/2022 UEFA Champions League" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Көрсетілген Шешіммен бекітілген 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын, 2020 жылғы футбол бойынша UEFA Еуропа чемпионатын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарларға декларацияны және шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларацияны толтыру тәртібінің атауы және 1-тармағы "2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын.