2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарларды декларациялау және тауарларды өткізу ерекшеліктерінің сыныптауышына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 43 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 180-бабының 1, 3, 4 және 6-тармақтарына, 183-бабының 2-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарларға декларация ретінде және шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларация ретінде пайдалану тәртібі;

      2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарларға декларацияны және шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларацияны толтыру тәртібі бекітілсін.

      2. Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің сыныптауышы (Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне 2-қосымша) 098 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"099

2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалану үшін өтетін тауарлар

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2017 жылғы 5 мамырдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 43 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарларға декларация ретінде және шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларация ретінде пайдалану ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және (немесе) 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу (бұдан әрі тиісінше – тауарлар, спорттық іс-шаралар) кезінде пайдалануға арналған тауарларға декларация ретінде (бұдан әрі – ТД) және шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларация ретінде (бұдан әрі – ТД) пайдалану кезінде қолданылады.

      2. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар:

      а) оларға қатысты арнайы кедендік рәсім және Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешімімен бекітілген оларды осындай кедендік рәсіммен орналастырудың шарттары белгіленуі мүмкін тауарлар категорияларының тізбесіне енгізілген тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастырған кезде – ТД;

      б) тауарларды:

      Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан спорттық іс-шаралар өткізілетін Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) ішкі кеден органына дейін;

      спорттық іс-шаралар өткізілетін мүше мемлекеттің ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған кезде – ТД ретінде пайдаланылуы мүмкін.

ІІ. Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды өткізу кезінде
көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды
ТД ретінде пайдалану

      3. Осы Тәртіптің 2-тармағының "а" тармақшасына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде олардың ТД ретінде көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып арнайы кедендік рәсіммен орналастырылуы үшін осындай құжаттармен не декларант немесе кеден өкілі куәландырған олардың көшірмесімен бірге:

      қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған (жазбаша нысанда) өтініш;

      өтініш берген адамның өкілеттігін растайтын құжаттар не декларант немесе кеден өкілі куәландырған олардың көшірмесі;

      егер декларацияланатын тауарларға қатысты ондай мәміле жасалған болса, оның негізінде тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (өткізілген), спорттық іс-шара өткізіліп жатқан мүше мемлекеттің тұлғасы не осы тұлғаның атынан мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не декларант немесе кеден өкілі куәландырған олардың көшірмесі;

      егер тауарларды арнайы кеден рәсіміне орналстырған кезде осындай құжаттарды беру талап етілсе, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар ұсынылады.

      Бұл ретте өзге құжаттарды, сондай-ақ ТД электрондық көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

      4. Өтініш негізгі және қосымша парақтардан тұрады және А4 форматындағы қағаз парағында толтырылады.

      Өтініштің негізгі парағының 1 - 5-бағандарын, сондай-ақ қосымша парақтың 1 – 4 және бағандарын декларант немесе кеден өкілі толтырады.

      5. Өтініштің қосымша парағының орнына декларант немесе кеден өкілі растаған және арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың атауы, саны және құны туралы мәліметтерді қамтитын көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар не олардың көшірмелері пайдаланылуы мүмкін.

      6. Декларанттың таңдауы бойынша өтініштегі мәліметтер орыс немесе ағылшын тілдерінде көрсетіледі.

      Егер шетелдік тұлғаның, тауарлардың және өзге де мәліметтердің атауларында құжаттарға сәйкес латын әріптері пайдаланылса, өтініште бұл мәліметтер латын әліпбиінің әріптері пайдаланыла отырып көрсетіледі.

      7. Өтінішке оны жасаған адам қол қояды. Өтінішті мүше мемлекеттің адамы жасаған жағдайда мұндай өтініш, егер осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес ондай адамның мөрі болуға тиіс болса, мөрмен бекемделеді.

      8. Осы Тәртіптің 3-тармағының бірінші абзацында көрсетілген өтініш пен құжаттар, егер осындай құжаттар осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылса, спорттық іс-шара өткізілетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай тауарларға қатысты ТД тіркеуге құқығы бар, осындай мүше мемлекеттің кеден органына тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру үшін декларант немесе кеден өкілі 4 данада ұсынады.

      Өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылмайтын осы Тәртіптің 3-тармағының бірінші абзацында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Осы Тәртіптің 3-тармағының үшінші – бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар 1 данада ұсынылады.

      9. Осы Тәртіптің 8-тармағының бірінші абзацында аталған кеден органының лауазымды адамы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 98 шешімімен бекітілген Тауарларға декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулыққа сәйкес өтінішті беру күні мен уақытын тіркейді және ТД-ны тіркеуге бас тартуға негіздер болмаған кезде өтінішті оған тіркеу нөмірін беру арқылы тіркейді, ол әрбір дананың тиісті жолында және оң жағындағы жоғарғы бұрышында немесе осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылатын құжаттардың ұсынылған әрбір данасының кез-келген бос орнында көрсетіледі.

      10. Арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару туралы немесе осындай шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде осы Тәртіптің 8-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органының лауазымды адамы өтініштің әрбір данасындағы негізгі парақтың 5а-бағанына және қосымша парақтың 7-бағанына не осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылатын құжаттардың әрбір ұсынылған данасындағы кез-келген бос орынға тауарларды шығару туралы немесе осындай шығарудан бас тарту туралы тиісті белгі қояды және шешім қабылданған күнді көрсетеді, қол қоюмен және жеке нөмірлі мөрмен куәландырады.

      Көрсетілген шешімдердің бірін қабылдағаннан кейін мұндай даналар мынадай тәртіппен бөлінеді:

      1 данасы осы Тәртіптің 8-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органында қалады;

      3 данасын көрсетілген кеден органының лауазымды адамы декларантқа немесе кеден өкіліне, соның ішінде арнайы кедендік рәсім аяқталған кезде көрсетілген рәсіммен орналастырылған тауарлармен операцияларды жасау үшін қайтарады.

      Осы Тәртіптің 8-тармағының екінші абзацына сәйкес ұсынылған құжаттар осы Тәртіптің 8-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органында қалады.

ІІІ. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімдердің қолданысы аяқталған кезде көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалану

      11. Арнайы кедендік рәсімдермен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты осы кедендік рәсімдерді аяқтау үшін декларант немесе кеден өкілі спорттық іс-шара өткізіліп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай тауарлармен кедендік операцияларды жасауға құқығы бар осы мемлекеттің кеден органына мынадай құжаттарды:

      а) Егер тауарларды шығару туралы кеден органының белгісі бар өтініштің қосымша парағының орнына құжаттар пайдаланылған жағдайда, осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген оларды қоса алғанда, оған сәйкес осындай тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған өтінішті;

      б) Одақтың кедендік аумағынан әкету үшін жасалған көліктік (тасымалдаушы) құжаттарды не декларант немесе кеден өкілі куәландырған олардың көшірмелерін;

      в) өтініш берген адамның өкілеттігін растайтын құжаттарды не декларант немесе кеден өкілі куәландырған олардың көшірмелерін ұсынады.

      12. Осы Тәртіптің 11-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылған, осы Тәртіптің 11-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген өтініште, егер қосымша парақ осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған кезде пайдаланылған жағдайда, декларант немесе кеден өкілі негізгі парақтың 4 және 9-бағандарын және қосымша парақтың 5-бағанын толтырады.

      13. Осы Тәртіптің 2-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген өтініштер мен құжаттардың орнына осы Тәртіптің 11-тармақшасында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету үшін жасалған жаңа өтініш, коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар не мынадай:

      а) осындай тауарлардың партияларының бөлігіне қатысты арнайы кедендік рәсімдердің қолданысы аяқталған;

      б) осындай тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру үшін оларды кедендік декларациялау кезінде осы Тәртіп қолданылмаған;

      в) осындай тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімдердің аяқталуымен байланысты кедендік операцияларды оларды көрсетілген кедендік рәсіммен орналастыру кезінде декларант болып табылмаған адам жасаған жағдайлардың бірінде декларант немесе кеден өкілі куәландырған олардың көшірмелері ұсынылуы мүмкін.

      14. Осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылған жаңа өтініште декларант немесе кеден өкілі негізгі парақтың әрбір данасындағы 1 – 5 және 9-бағандарды және қосымша парақтың әрбір данасындағы 1 – 5 және 6-бағандарды толтырады.

      Бұл ретте жаңа өтініштің әрбір данасындағы қосымша парақтың 6-бағанында осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған кезде осы Тәртіптің 8-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органы тағайындаған өтініштің (өтініштердің) немесе ТД-ның тіркеу нөмірі (тіркеу нөмірлері) көрсетіледі.

      15. Осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылатын жаңа өтініштің қосымша парағының орнына осы Тәртіптің 11-тармағының "б" тармақшасында және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген, осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген тауарлардың атауы, саны және құны туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар пайдаланылуы мүмкін.

      Бұл ретте жаңа өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылатын құжаттардың әрбір данасындағы кез-келген бос орынға осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған кезде осы Тәртіптің 8-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органы тағайындаған өтініштің (өтініштердің) немесе ТД-ның тіркеу нөмірі (тіркеу нөмірлері) көрсетіледі.

      16. Осы Тәртіптің 11-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген өтініш пен құжаттар, осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылатын жаңа өтініш, сондай-ақ осы Тәртіптің 11-тармағының "б" тармақшасында және 13-тармағында көрсетілген құжаттар, егер олар осы Тәртіптің 11-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін осы Тәртіптің 15-тармақшасына сәйкес жаңа өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылса, декларант немесе кеден өкілі осы Тәртіптің 11-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органына 3 данасын ұсынады.

      Жаңа өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылмайтын, осы Тәртіптің 11-тармағының "б" тармақшасында және 13-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ осы Тәртіптің "в" тармақшасында көрсетілген құжаттар 1 данада ұсынылады.

      17. Осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау туралы шешім қабылдаған кезде осы Тәртіптің 11-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органының лауазымды адамы осы Тәртіптің 11-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген өтініштің немесе осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген жаңа өтініштің әрбір данасындағы негізгі парақтың 9а-бағанына және қосымша парақтың 7-бағанына не осы Тәртіптің 5, 13 және 15-тармақтарына сәйкес өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылатын құжаттардың әрбір ұсынылған данасындағы кез-келген бос орынға осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданысының аяқталғаны туралы тиісті белгі қояды және қойылған қолмен және жеке нөмірлі мөрмен куәландырылатын шешім қабылданған күнді көрсетеді.

      Көрсетілген шешім қабылдағаннан кейін мұндай даналар мынадай тәртіппен бөлінеді:

      1 данасы осы Тәртіптің 11-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органында қалады;

      2 данасын көрсетілген кеден органының лауазымды адамы декларантқа немесе кеден өкіліне қайтарады. Бұл даналардың бірі не оның көшірмесі осы Тәртіптің 18-тармағында көрсетілген жағдайда Одақтың кедендік аумағынан кету орнында Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат берген құжат ретінде кеден органына ұсынылады.

      Осы Тәртіптің 16-тармағының екінші абзацына сәйкес ұсынылған құжаттар осы Тәртіптің 11-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органында қалады.

      18. Осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген тауарлар Одақтың кедендік аумағынан жекелеген партиялармен әкетілген жағдайда Осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген кеден органының лауазымды адамы осы Тәртіптің 11-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген өтініштің немесе осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген жаңа өтініштің әрбір данасына не осы Тәртіптің 5, 13 және 15-тармақтарына сәйкес өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылатын құжаттардың әрбір ұсынылған данасындағы кез-келген бос орынға әкетілетін тауарлар партиясына қатысты қойылған қолмен және жеке нөмірлі мөрмен куәландыратын арнайы кедендік рәсімнің қолданысының аяқталғаны туралы тиісті белгі (жекелеген партиялармен әкетілетін тауарларды көрсете отырып) қояды, сондай-ақ қойылған қолмен және жеке нөмірлі мөрмен куәландыратын көрсетілген құжаттардың 2 көшірмесін дайындайды.

      Көрсетілген құжаттардың куәландырылған көшірмелерінің бірі осы Тәртіптің 11-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органында қалады.

      Декларантқа немесе кеден өкіліне мыналар:

      осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген құжаттардың 3 данасы – арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлармен кедендік операцияларды жүргізу үшін және осындай кедендік рәсімдердің қолданысы аяқталмаған тауарларға қатысты оның қолданысын аяқтау үшін;

      осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген құжаттардың куәландырылған екінші көшірмесі Одақтың кедендік аумағынан кету орнында Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат берген құжат ретінде кеден органына ұсыну үшін қайтарылады.

      19. Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар спорттық іс-шара өткізіліп жатқан мүше мемлекеттің бір әкімшілік-аумақтық құрылымының бірлігінің аумағынан осы мүше мемлекеттің Одақтың мүшесі болып табылмайтын екінші аумақтық-құрылымдық бірлігінің аумағына өткізген кезде, осы Тәртіптің 11-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген құжаттар Одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беретін құжаттар ретінде, сондай-ақ тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келгендігі туралы хабарлама ретінде пайдаланылады.

      Бұл ретте тауарлар Одақтың кедендік аумағынан кеткен және олар Одақтың кедендік аумағына келген кезде, кеден өкілі немесе тасымалдаушы Одақтың кедендік аумағынан тауарлар кеткен орында және тиісінше Одақтың кедендік аумағына тауарлар келген орында орналасқан, спорттық іс-шара өткізіліп жатқан мүше мемлекеттің кеден органына қосымша осы тауарларды Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы өткізу ниеті туралы еркін нысандағы өтінішті және осындай тауарлар туралы мәліметтерді береді.

      Тиісті кеден органының лауазымды адамы өтініштің әрбір данасындағы 8а және 8b бағандарда және осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылатын құжаттардың әрбір данасындағы кез-келген бос орынға қойылған қолмен және жеке нөмірлі мөрмен куәландыратын тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кеткені және тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келгені туралы тиісті белгі қояды, сондай-ақ қойылған қолмен және жеке нөмірлі мөрмен куәландыратын көрсетілген құжаттардың 1 көшірмесін дайындайды.

      Тауарлар жекелеген партиялармен өткізілген жағдайда осындай кеден органының лауазымды адамы жеке партиялармен өткізілген тауарларды көрсете отырып, тиісті белгі қояды.

      Осы Тәртіптің 11-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген құжаттардың куәландырылған көшірмелері тиісті кеден органдарында қалады, ал осы құжаттардың 3 данасы декларантқа, кеден өкіліне немесе тасымалдаушыға қайтарылады.

IV. ТД-да қамтылған мәліметтердің құрамы және көліктік (тасымалдаушы),
коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды ТД ретінде
пайдалану

      20. Осы Тәртіптің 2-тармағының "б" тармақшасына сәйкес құжаттарды ТД ретінде көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау кезінде оларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру үшін (соның ішінде осы Тәртіптің 2-тармағының "б" тармақшасының үшінші абзацына сәйкес осындай тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімдердің қолданысы аяқталған кезде) осындай құжаттар мынадай:

      а) олардың бірі арнайы кедендік рәсімді қолдануға құқығы бар тауарларды жөнелтуші және алушы туралы;

      б) егер осындай тауарларды декларациялауды тасымалдаушы жүзеге асырмаса, кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты және олардың тасымалдаушылары туралы;

      в) тауарлар тасымалданатын халықаралық тасымалдаулардың көлік құралы туралы;

      г) тауарлардың атауы мен саны туралы;

      д) тауарлардың жалпы құны туралы;

      е) тауарлардың салмағының бруттосы туралы;

      ж) жүк орындарының саны туралы;

      з) тауарлардың жеткізілу орны туралы;

      и) тауарлардың спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде пайдалануға арналғандығы туралы;

      к) тауарларға қатысты кедендік транзитті сақтауды қамтамасыз ету шарасының қолданылғаны және ондай шараларды қолданудың талап етілмейтінін, оның ішінде спорттық іс-шара өткізіліп жатқан, кедендік алымдарды, салықтарды қамтамасыз етуді ұсынбай тауарларды шығару, олардың қолданылу мақсаты (мұндай құжат болған кезде) туралы ұсыным жасайтын мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік органының растауы болуына байланысты талап етілмейтінін растайтын құжаттың нөмірі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      21. ТД ретінде пайдаланылатын көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарда осы Тәртіптің 20-тармағында көрсетілген мәліметтер болмаған кезде мұндай жетіспейтін мәліметтер декларанттың немесе кеден өкілінің қосымша ұсынуына жатады.

      22. Көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар ТД ретінде пайдаланылған кезде ТД-ның электрондық көшірмесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 254 шешімімен бекітілген тауарларға декларацияның және транзиттік декларацияның электрондық көшірмелерінің құрылымына және форматына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 02 мамырдағы № 43 шешімімен бекітілген 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарларға декларацияларды және шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларацияларды толтыру тәртібінің 6 және 7-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле ала отырып ұсынылады және осы Тәртіптің 20-тармағында көрсетілген деректерді қамтуы тиіс.

      23. Кедендік транзит рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Тәртіптің 20-тармағында көрсетілген алдын ала ақпарат ұсынылған жағдайда және бұл мәліметтер ТД ретінде пайдаланылатын көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерге сәйкес келген кезде осындай тауарларға қатысты ТД электрондық көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

V. Қорытынды ережелер

      24. Қажет болған жағдайда өтінішке және көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарға, соның ішінде егер осындай құжаттар өтініштің қосымша парағының орнына пайдаланылған жағдайда осы Тәртіпте көзделмеген қызметтік белгі қойылуы мүмкін. Мұндай белгілер осы құжаттардағы кез-келген бос орынға немесе белгі қою күні көрсетіле отырып артқы жағына қойылады, спорттық іс-шара өткізіліп жатқан мүше мемлекеттің кеден органының лауазымды адамының қолымен және оның жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.

  Көліктік (тасымалдаушы),
коммерциялық және (немесе)
өзге де құжаттарды
2018 жылғы футбол
бойынша FIFA әлем
біріншілігін және 2017 жылғы
FIFA Конфедерация кубогын
ұйымдастыру және өткізу
кезінде немесе оларға
дайындық бойынша
жаттықтыру іс-шараларын
өткізу кезінде пайдалануға
арналған тауарларға
декларация ретінде және
шетелдік тауарларға қатысты
транзиттік декларация ретінде
пайдалану тәртібіне
ҚОСЫМША

2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарлар туралы өтініштің НЫСАНЫ

      Негізгі парақ (мұқаба беті) / Основной лист (титульная сторона) / Main sheet (title page)


2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық жөніндегі жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарлар туралы өтініштің НЫСАНЫ / ЗАЯВЛЕНИЕ ОБ ИНОСТРАННЫХ ТОВАРАХ, ПРЕДНАЗНАЧЕННЫХ ДЛЯ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ПРИ ОРГАНИЗАЦИИ И ПРОВЕДЕНИИ ЧЕМПИОНАТА МИРА ПО ФУТБОЛУ FIFA 2018 ГОДА И КУБКА КОНФЕДЕРАЦИЙ FIFA 2017 ГОДА ИЛИ ПРИ ПРОВЕДЕНИИ ТРЕНИРОВОЧНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ ПО ПОДГОТОВКЕ К НИМ /
APPLICATION WITH RESPECT ТО FOREIGN GOODS INTENDED FOR PREPARING AND STAGING
THE 2018 FIFA WORLD CUP RUSSIA AND THE FIFA CONFEDERATIONS CUP RUSSIA 2017 OR FOR TEST EVENTS













/






/














      Тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру кезіндегі тіркеу нөмірі /

      Регистрационный номер при помещении товаров под специальную таможенную процедуру/
Registration number upon placement of goods under the special customs procedure


      1. Тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыратын ұйымның атауы. Егер тауарларды жеке тұлға арнайы кедендік рәсіммен орналастырса, жеке тұлғаның аты, тегі / Наименование организации, помещающей товары под специальную таможенную процедуру. Имя, фамилия физического лица, если под специальную таможенную процедуру товары помещаются физическим лицом / Name of the entity applying for the special customs procedure. First name and surname of the individual if the goods are placed under the special customs procedure by an individual

































      2. Егер өтінішті кеден өкілі берсе, кеден өкілі туралы мәліметтер / Сведения о таможенном представителе, если заявление подается таможенным представителем / Details of the customs broker if the application is filed by a customs broker
































      Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгендігі туралы куәліктің нөмірі / Номер свидетельства о внесении в реестр таможенных представителей / Number of customs broker's authorization (licence)

      3. Арнайы кедендік рәсімнің қолданысының аяқталу мерзімі / Срок завершения действия специальной таможенной процедуры / Finalization date of the special customs procedure


Аяқталу күні / Дата завершения/ Finalization date



/



/






      күні/день/day айы/месяц/month жылы/год/уеаr


      4. Өтінішке қоса берілетін құжаттар / Документы, прилагаемые к заявлению / Documents enclosed with the application


Құжаттың атауы / Наименование документа / Document title

Құжаттың нөмірі мен күні / Номер и дата документа / Document number and date











Егер өтініштің қосымша парағының орнына көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылса көрсетіңіз / Укажите, если вместо добавочного листа заявления используются транспортные (перевозочные), коммерческие и (или) иные документы / Tick the box if shipping, commercial and (or) other documents are used instead of the supplementary sheet to the application


      5. Тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру туралы ақпарат / Информация о помещении товаров под специальную таможенную процедуру / Information about placement of goods under the special customs procedure




/



/






күні/день/day айы/месяц/month жылы/год/уеаr

Өтінішті ұсыну күні / Дата представления заявления / Application date

__________________________________________________________________________


Өтінішті жасаған адамның қолы, аты, тегі, лауазымы / Подпись лица, составившего заявление, имя, фамилия, должность / Applicant's signature, name, job title


5а Кеден органының белгісі / Отметки таможенного органа / Customs office remarks


      Негізгі парақ (аударылған беті) / Основной лист (оборотная сторона) / Main sheet (reverse page)

      6. Егер арнайы кедендік рәсімді аяқтау үшін қажетті іс-әрекетті осы тұлға жасайтын болса, тауарлар берілетін тұлғаның атауы / Наименование лица, которому передаются товары, в случае если действия, необходимые для завершения специальной таможенной процедуры, будут совершаться этим лицом / Name of the entity accepting the goods in case the actions required to finalize the special customs procedure are performed by that entity




































/



/






күні/день/day айы/месяц/ month жылы/год/уеаr


Тауарларды беру күні / Дата представления заявления / Application date


__________________________________________________________________________

Тауарларды берген адамның қолы, аты, тегі, лауазымы / Подпись лица, передающего товары, имя, фамилия, должность / Applicant's signature, name, of the person accepting goods

__________________________________________________________________________

Тауарларды берген адамның қолы, аты, тегі, лауазымы / Подпись лица, передающего товары, имя, фамилия, должность / Applicant's signature, name, of the person accepting goods

6а. Кеден органының белгісі / Отметки таможенного органа / Customs office remarks


      7. Арнайы кедендік рәсімнің қолданысын ұзарту туралы кеден органының белгісі / Отметки таможенного органа о продлении действия специальной таможенной процедуры / Remarks of the customs office about extension of the special customs procedure period


дейін ұзартылды

Продлено до

Extended till



/



/





күні/день/day айы/месяц/month жылы/год/уеаr


дейін ұзартылды

Продлено до

Extended till



/



/





күні/день/day айы/месяц/month жылы/год/уеаr


7а Кеден органының белгісі / Отметки таможенного органа / Customs office remarks


      8. Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын Калининград облысы мен Ресей Федерациясының басқа аумақтары арасындағы аумақтар арқылы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың өткізілуі туралы ақпарат / Информация о перемещении товаров, помещенных под специальную таможенную процедуру, между территорией Калининградской области и остальной частью территории Российской Федерации через территорию государства, не являющегося членом Евразийского экономического союза / Information about the movement of goods placed under the special customs procedure between the territory of Kaliningrad Region and the rest of the Russian territory through a county other than the member state of the Eurasian Economic Union

8а Тауарлардың кеткендігі туралы кеден органының белгісі / Отметки таможенного органа об убытии товаров /      8Ь. Отметки таможенного органа о прибытии товаров /

Remarks of the customs office on the departure of goods

8b Тауарлардың келгендігі туралы кеден органының белгісі / Отметки таможенного органа о прибытии товаров /

Remarks of the customs office on the departure of goods



      9. Арнайы кедендік рәсімнің қолданысының аяқталғаны туралы ақпарат / Информация о завершении действия специальной таможенной процедуры / Information about finalization of the special customs procedure




/



/






күні/день/day айы/месяц/month жылы/год/уеаr


Өтінішті ұсыну күні / Дата представления заявления / Application date

__________________________________________________________________________


Өтінішті жасаған адамның қолы, аты, тегі, лауазымы / Подпись лица, составившего заявление, имя, фамилия, должность / Applicant's signature, name, job title


9а Кеден органының белгісі / Отметки таможенного органа / Customs office remarks


КЕДЕНДІК РӘСІММЕН ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН, 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық жөніндегі жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарлар туралы МӘЛІМЕТТЕР / СВЕДЕНИЯ ОБ ИНОСТРАННЫХ ТОВАРАХ, ПРЕДНАЗНАЧЕННЫХ ДЛЯ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ПРИ ОРГАНИЗАЦИИ И ПРОВЕДЕНИИ ЧЕМПИОНАТА МИРА ПО ФУТБОЛУ FIFA 2018 ГОДА И КУБКА КОНФЕДЕРАЦИЙ FIFA 2017 ГОДА ИЛИ ПРИ ПРОВЕДЕНИИ
ТРЕНИРОВОЧНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ ПО ПОДГОТОВКЕ К НИМ, ПОМЕЩАЕМЫХ ПОД СПЕЦИАЛЬНУЮ ТАМОЖЕННУЮ ПРОЦЕДУРУ / LIST OF FOREIGN GOODS INTENDED FOR PREPARING AND STAGING THE 2018 FIFA WORLD CUP RUSSIA AND THE FIFA CONFEDERATIONS CUP RUSSIA 2017 OR FOR TEST EVENTS TO BE PLACED UNDER THE SPECIAL CUSTOMS PROCEDURE



р/с
/ п/п/
Item
number

Тауардың атауы / Наименование товара / Description of goods

Арнайы кедендік рәсіммен орналастырған кездегі тауарлардың саны (данамен, жұппен, литрмен және т.б.) / Количество товара (в штуках, парах, литрах и т.п.) при помещении под специальную таможенную процедуру / Quantity of goods (items, pairs, liters, etc.) placed under the special customs procedure

Тауардың құны, валюта атауы / Стоимость товара, наименование валюты1/ Value of goods and currency1

Арнайы кедендік рәсім аяқталған кездегі тауардың саны (данамен, жұппен, литрмен және т.б.) / Количество товара (в штуках, парах, литрах и т.п.) при завершении специальной
таможенной процедуры / Quantity of goods (items, pairs, liters, etc.) upon finalization of the special customs procedure

Ескертпе / Примечание2 / Other information2

1

2

3

4

5

6











































7. Тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырған кездегі және ол аяқталған кездегі кеден органының белгісі / Отметки таможенного органа при помещении товаров под специальную таможенную процедуру и при ее завершении / Customs office remarks upon placement of goods under the special customs procedure and upon its finalization

      _________________________________

      1Коммерциялық құжаттарға сәйкес, ал ол болмаған кезде – тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырған тұлғаның өтініші негізінде. Егер тауарлардың жиынтық құны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы бойынша 200 еуроға балама сомадан асып кетпеген жағдайда, осындай тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органы олардың құны туралы мәліметтерді көрсетпейді. В соответствии с коммерческими документами, а при их отсутствии - на основании заявления лица, помещающего товары под специальную таможенную процедуру. Сведения о стоимости товаров не указываются 8 случае, если их общая стоимость не превышает суммы, эквивалентной 200 евро по курсу валют, устанавливаемому в соответствии с законодательством государства - члена Евразийского экономического союза, таможенным органом которого осуществляется выпуск таких товаров. / In compliance with commercial documents or, if none, based on the declaration of an applicant for the special customs procedure. The information on the value of goods is not specified if the total value of goods does not exceed the equivalent of 200 euros at the cross-rate established under the law of the member state of the Eurasian Economic Union whose customs authorities perform the release of such goods.

      2 Декларанттың немесе кеден өкілінің қарауы бойынша кеден операцияларын жасау үшін көрсету қажет деп тапқан өзге де мәліметтер көрсетіледі. / По усмотрению декларанта или таможенного представителя указываются иные сведения, которые он сочтет необходимым указать для совершения таможенных операций. / То be specified if the applicant or customs broker believes that any other information is relevant for the purposes of customs operations.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 43 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы
FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға
дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға
арналған тауарларға декларацияны және шетелдік тауарларға қатысты
транзиттік декларацияны толтыру
ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген нысанға сәйкес тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсім және Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешімімен бекітілген оларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында орналастырған кезде оларды осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттары белгіленуі мүмкін тауарлардың категорияларына енгізілген, 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық жөніндегі жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарларға қатысты ұсынылатын тауарларға декларацияны (бұдан әрі – ТД) толтырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 289 шешімімен бекітілген нысанға сәйкес осындай тауарларға қатысты ұсынылатын транзиттік декларацияны (бұдан әрі – ТД) толтыру ерекшеліктерін айқындайды.

      2. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде оларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру үшін ТД Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылады.

      Тауарларды осы Тәртіпке сәйкес кедендік декларациялау кезінде электрондық құжат түріндегі ТД Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 254 шешімімен бекітілген тауарларға декларацияның және транзиттік декларацияның электрондық көшірмелерінің құрылымына және форматына сәйкес ұсынылады және осындай ТД кеден органына ұсынылатын Одақтың мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен (электрондық қолтаңбамен) қол қойылады.

      3. ТД-ның 2, 6, 8, 9, 11, 12, 16, 18 – 21, 23 – 26, 29, 30, 33 – 35, 38, 39, 41, 43, 45 – 47, "В", 48 және 52 бағандары толтырылмайды.

      4. ТД-ның 22, 31, 42 және 44 бағандары мынадай тәртіппен толтырылады:

      а) 22 баған. "Валюта және есеп-шот бойынша жалпы сома".

      Бағанның бірінші кіші бөлімінде валютаның әріптік коды көрсетіледі, онда валюталар сыныптауышына сәйкес тауарлардың құны мәлімделеді.

      Бағанның екінші кіші бөлімі толтырылмайды;

      б) 31 баған. "Жүктің орындары және тауарлардың сипаттамасы".

      1 нөмірімен тауарлардың атауы (сауда, коммерциялық немесе өзге де дәстүрлі атауы), өндіруші туралы мәліметтер (мұндай мәліметтер болған жағдайда), техникалық және коммерциялық сипаттамалары туралы мәліметтер, көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарда көрсетілген өлшеу бірліктерімен декларацияланатын тауарлардың саны туралы мәліметтерді (саны және шартты белгілері), декларанттың немесе кеден өкілінің қарауы бойынша тауар туралы кез-келген қосымша мәліметтер көрсетіледі.

      2, 3, және 5 нөмірлермен мәліметтер көрсетілмейді.

      в) 42 баған. "Тауардың бағасы".

      Бағанда көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарға сәйкес тауардың құны, ал көрсетілген құжаттарда тауардың құны туралы мәліметтер жоқ болған жағдайда – ТД-ның 22 бағанының бірінші кіші бөлімінде көрсетілген, валютадағы тауардың бағаланған құны көрсетіледі;

      г) 44 баған. "Қосымша ақпарат / Ұсынылған құжаттар".

      Бағанда Тауарларға декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың 15-тармағының 42-тармақшасында айқындалған тәртіппен солардың негізінде ТД толтырылған және ТД-ның 31 бағанында көрсетілген әрбір тауар туралы мәлімделген мәліметтерді растайтын мына құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі:

      көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар;

      осы Тәртіптің 1-тармағында көрсетілген, спорттық іс-шара өткізіліп жатқан Одақтың мүше мемлекеттің тұлғасы жасағанын растайтын құжаттар немесе егер декларацияланатын тауарларға қатысты мәміле жасалған болса, оның негізінде тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (өткізілген) осындай тұлғаның атынан жасалған осындай мәміле;

      егер тауарларды арнайы арнайы кедендік рәсіммен өткізу кезінде ондай құжаттарды ұсыну талап етілсе, тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар.

      "10023" кодымен арнайы кедендік рәсімнің мәлімделген жарамдылық мерзімі көрсетіледі (ХХ.ХХ.ХХХХ – күні, айы, жылы).

      5. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде оларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру үшін ТД Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 289 шешімімен бекітілген Транзиттік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес, осы Тәртіптің 6 және 7-тармақтарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып толтырылады.

      6. ТД-ның 33 және 41 бағандары толтырылмайды.

      ТД-ның 1, 4, 22, 35, 42 және 44 бағандары мынадай тәртіппен толтырылады:

      а) 1 баған. "Декларация".

      Бағанның бірінші және кіші бөлімдері Транзиттік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулығында белгіленген тәртіппен толтырылады.

      Бағанның екінші кіші бөлімінде "ӘЧ" деген жазу жазылады.

      б) 4 баған. "Жөнелту ерекшеліктері".

      Баған ТД ретінде көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылған жағдайда толтырылады.

      Бағанда көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың жалпы саны, ал "/" бөлуші белгісі арқылы – парақтарының жалпы саны көрсетіледі;

      в) 22 баған. "Валюта және есеп-шот бойынша жалпы сома".

      Бағанның бірінші кіші бөлімінде валюталардың сыныптауышына сәйкес тауарлардың құны декларацияланатын валютаның әріптік коды көрсетіледі.

      Бағанның екінші кіші бөлімінде көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарға сәйкес тауарлардың жалпы құны, ал көрсетілген құжаттарда тауарлардың құны туралы мәліметтер болмаған кезде – тауарлардың бағаланған құны көрсетіледі;

      г) 35 баған. "Брутто салмағы (кг)".

      Егер кедендік транзиттің кедендік рәсіміне 2 тауар орналастырылған жағдайда, бірінші тауар туралы мәліметтер мәлімделген жағдайда бағанда килограммен жалпы брутто массасы көрсетіледі, қалған тауарлар үшін "0" көрсетіледі.

      Көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, ТД-ның 44 бағанында олар туралы көрсетілген мәліметтерді пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау кезінде осындай құжаттарда көрсетілген тауарлардың жалпы брутто массасы килограммен көрсетіледі;

      д) 42 баған. "Валюта және тауардың құны".

      Бағанның екінші кіші бөлімінде көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарға сәйкес тауардың құны көрсетіледі, ал көрсетілген құжаттарда тауардың құны туралы мәліметтер болмаған кезде – ТД-ның 22-бағанының бірінші кіші бөлімінде көрсетілген валютада тауардың бағаланған құны көрсетіледі;

      е) 44 баған. "Қосымша ақпарат/Ұсынылатын құжаттар/Сертификаттар мен рұқсаттар".

      Бағанның бірінші кіші бөлімі Транзиттік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленген тәртіппен толтырылады.

      Бағанның екінші кіші бөлімі толтырылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады