Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірісі Еуразиялық экономикалық одақта қамтамасыз етілуге тиіс стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі 2024 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 23 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 3 өкімінің 1-тармағын іске асыру мақсатында, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 9-тармағының 4-тармақшасына және 10-тармағына сәйкес:

      1.Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірісі Еуразиялық экономикалық одақта қамтамасыз етілуге тиіс стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі 2024 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан
 
 

Ресей Федерациясынан

  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің
2021 жылғы 19 қарашадағы № 23 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірісі Еуразиялық экономикалық одақта қамтамасыз етілуге тиіс стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі 2024 жылға дейінгі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушы (қоса орындаушы)

Орындау мерзімі

Іске асыру нысаны

I. Ұйымдастыру іс-шаралары

1. Жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өнім жасау саласындағы өзара тиімді өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақта өндірілуі қамтамасыз етілуге тиіс медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялардың (белсенді фармацевтикалық субстанциялар) (бұдан әрі – фармацевтикалық субстанциялар) 2024 жылға дейінгі тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру мәселесін пысықтау:




а) медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанцияларды тізбеге енгізу критерийлері мен тәртібі туралы ұсыныстар дайындау

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше Одақ, мүше мемлекеттер),
Еуразиялық экономикалық комиссия
(бұдан әрі – Комиссия)

2022 жыл

ұсыныстар

б) медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанцияларды тізбеге енгізу критерийлері мен тәртібі туралы Комиссияның актісін әзірлеу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2022 жыл

Комиссия актісі*

в) тізбені қалыптастыру (мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде)

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2022 жыл

Комиссия актісі*
 

2. Одақ шеңберінде медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялар нарығына шолу жүргізу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2023 жыл

Комиссия Кеңесінде баяндама (есеп)
 

3. Мүше мемлекеттердің дәрілік препараттар мен медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялар өндірушілердің тізбелерін қалыптастыру және кейіннен жаңарту

Комиссия,
мүше мемлекеттер

тұрақты негізде,
2022 жылдан бастап
 

Одақтың ресми сайтында орналастырылған өндірушілер тізбесі (Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет мақұлдағаннан кейін)

II. Одақ шеңберінде стратегиялық маңызды дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялар өндірісін ынталандыру




4. Мүше мемлекеттердің аумақтарында дәрілік препараттар мен медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанцияларды өндіру үшін қажетті фармацевтикалық субстанцияларға және тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік-тарифтік реттеу шаралары туралы ұсыныстарды дайындау және белгіленген тәртіппен Комиссияға жіберу

мүше мемлекеттер

2022 – 2023 жылдар

ұсыныстар (Комиссия актісі* – қажет болған кезде)
 

5. Мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес міндеттемелерін ескере отырып, дәрілік препараттар мен медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанцияларды өндіру саласындағы кооперациялық жобаларды қолдау тетіктерін пайдалану туралы ұсыныстар дайындау

мүше мемлекеттер, Комиссия

2023 жыл

ұсыныстар (Комиссия актісі* – қажет болған кезде)
 


6.  Вакциналарды, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды мүше мемлекеттердің аумақтарында бірлесіп өндіруді ұйымдастыру мәселесін пысықтау

мүше мемлекеттер, Комиссия

2022 жыл

Комиссия Кеңесінде баяндама (есеп) (қажет болған кезде)

7. Мүше мемлекеттердің фармацевтика өнеркәсібі кәсіпорындарының кооперациялық тізбегін қалыптастыру туралы ұсыныстар дайындау

мүше мемлекеттер, Комиссия

2022 – 2023 жылдар

ұсыныстар (Комиссия актісі* – қажет болған кезде)
 

8. Еуразиялық даму банкінің және өзге де халықаралық ұйымдардың құралдарын пайдалана отырып, дәрілік препараттар мен медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялар өндірісі саласындағы кооперациялық жобаларды қаржыландыру туралы ұсыныстар дайындау

мүше мемлекеттер, Комиссия

2022 – 2023 жылдар

ұсыныстар (Комиссия актісі* – қажет болған кезде)
 

9. Фармацевтикалық өнімді өндіру саласында еуразиялық технологиялық платформаны қалыптастыру (бастамашылық ұсыныс болған кезде)

Комиссия мүше мемлекеттер

2022 жыл

Комиссия Кеңесінің өкімі


III. Жоспарды іске асыру

10. Осы жоспарды іске асыру нәтижелерін мониторингтеу және талдау (оның ішінде оған кіретін іс-шараларды нақтылау туралы ұсыныстар дайындау)

Комиссия, мүше мемлекеттер

жыл сайын

Комиссия Кеңесінде баяндама (Одақ органының актісі – қажет болған кезде)

      * Комиссия актісінің нысаны Комиссияның өкілеттіктері болған кезде іс-шараны іске асыру барысында айқындалатын болады.




Об утверждении плана мероприятий по повышению уровня обеспеченности государств - членов Евразийского экономического союза стратегически важными лекарственными препаратами и фармацевтическими субстанциями для медицинского применения, производство которых должно быть обеспечено в Евразийском экономическом союзе, до 2024 года

Распоряжение Евразийского Межправительственного Совета от 19 ноября 2021 года № 23.

      В целях реализации пункта 1 распоряжения Высшего Евразийского экономического совета от 21 мая 2021 г. № 3, в соответствии с подпунктом 4 пункта 9 и пунктом 10 статьи 92 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года:

      1. Утвердить прилагаемый план мероприятий по повышению уровня обеспеченности государств - членов Евразийского экономического союза стратегически важными лекарственными препаратами и фармацевтическими субстанциями для медицинского применения, производство которых должно быть обеспечено в Евразийском экономическом союзе, до 2024 года.

      2. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его принятия.


Члены Евразийского межправительственного совета:
От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации


  УТВЕРЖДЕН
распоряжением Евразийского
межправительственного совета
от 19 ноября 2021 г. № 23

ПЛАН
мероприятий по повышению уровня обеспеченности государств - членов Евразийского экономического союза стратегически важными лекарственными препаратами и фармацевтическими субстанциями для медицинского применения, производство которых должно быть обеспечено в Евразийском экономическом союзе, до 2024 года

Наименование мероприятия

Ответственный исполнитель (соисполнитель)

Срок исполнения

Форма реализации

I. Организационные мероприятия

1. Проработка вопроса формирования перечня лекарственных препаратов и фармацевтических субстанций (активных фармацевтических субстанций) (далее - фармацевтические субстанции) для медицинского применения, производство которых должно быть обеспечено в Евразийском экономическом союзе до 2024 года, с целью стимулирования взаимовыгодной промышленной кооперации в сфере создания высокотехнологичной, инновационной и конкурентоспособной фармацевтической продукции (далее - перечень):




а) подготовка предложений о критериях и порядке включения лекарственных препаратов и фармацевтических субстанций для медицинского применения в перечень

государства - члены Евразийского экономического союза (далее соответственно - государства- члены, Союз), Евразийская экономическая комиссия (далее - Комиссия)

2022 год

предложения

б) разработка акта Комиссии о критериях и порядке включения лекарственных препаратов и фармацевтических субстанций для медицинского применения в перечень

Комиссия,
государства-члены

2022 год

акт Комиссии*

в) формирование перечня (на основании предложений государств-членов)

Комиссия,
государства-члены

2022 год

акт Комиссии*

2. Проведение обзора рынка лекарственных препаратов и фармацевтических субстанций для медицинского применения в рамках Союза

Комиссия,
государства-члены

2023 год

доклад (отчет) на Совете Комиссии

3. Формирование и последующая актуализация перечней производителей лекарственных препаратов и фармацевтических субстанций для медицинского применения государств-членов

Комиссия,
государства-члены

на постоянной основе, начиная с 2022 года

перечни производителей, размещенные на официальном сайте Союза (после одобрения Консультативным комитетом по промышленности)

II. Стимулирование производства стратегически важных лекарственных препаратов и фармацевтических субстанций в рамках Союза

4. Подготовка и направление в установленном порядке в Комиссию предложений о мерах таможенно-тарифного регулирования в отношении фармацевтических субстанций и отдельных видов товаров, необходимых для производства на территориях государств-членов лекарственных препаратов и фармацевтических субстанций для медицинского применения

государства-члены

2022 - 2023 годы

предложения (акт Комиссии* - при необходимости)

5. Подготовка предложений об использовании механизмов поддержки кооперационных проектов в сфере производства лекарственных препаратов и фармацевтических субстанций для медицинского применения с учетом обязательств государств-членов в соответствии с международными договорами

государства-члены,
Комиссия

2023 год

предложения (акт Комиссии* - при необходимости)

6. Проработка вопроса организации совместного производства вакцин, в том числе против коронавирусной инфекции, на территориях государств- членов

государства-члены,
Комиссия

2022 год

доклад (отчет) на Совете Комиссии (при необходимости)

7. Подготовка предложений о формировании кооперационных цепочек предприятий фармацевтической промышленности государств-членов

государства-члены,
Комиссия

2022 - 2023 годы

предложения (акт Комиссии* - при необходимости)

8. Подготовка предложений о финансировании кооперационных проектов в сфере производства лекарственных препаратов и фармацевтических субстанций для медицинского применения с использованием инструментов Евразийского банка развития и иных международных организаций

государства-члены,
Комиссия

2022 - 2023 годы

предложения (акт Комиссии* - при необходимости)

9. Формирование евразийской технологической платформы в сфере производства фармацевтической продукции (при наличии инициативного предложения)

Комиссия
государства-члены

2022 год

распоряжение Совета Комиссии

III. Реализация плана

10. Мониторинг и анализ результатов реализации настоящего плана (в том числе подготовка предложений об уточнении входящих в него мероприятий)

Комиссия,
государства-члены

ежегодно

доклад на Совете Комиссии (акт органа Союза - при необходимости)

      Форма акта Комиссии будет определена в ходе реализации мероприятия при наличии полномочий Комиссии.