Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 3 өкімінің 1-тармағын іске асыру мақсатында, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 9-тармағының 4-тармақшасына және 10-тармағына сәйкес:
1.Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірісі Еуразиялық экономикалық одақта қамтамасыз етілуге тиіс стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі 2024 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 23 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірісі Еуразиялық экономикалық одақта қамтамасыз етілуге тиіс стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі 2024 жылға дейінгі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Іс-шараның атауы | Жауапты орындаушы (қоса орындаушы) | Орындау мерзімі | Іске асыру нысаны | |
I. Ұйымдастыру іс-шаралары | ||||
1. Жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өнім жасау саласындағы өзара тиімді өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақта өндірілуі қамтамасыз етілуге тиіс медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялардың (белсенді фармацевтикалық субстанциялар) (бұдан әрі – фармацевтикалық субстанциялар) 2024 жылға дейінгі тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру мәселесін пысықтау: | ||||
а) медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанцияларды тізбеге енгізу критерийлері мен тәртібі туралы ұсыныстар дайындау |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше Одақ, мүше мемлекеттер), | 2022 жыл | ұсыныстар | |
б) медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанцияларды тізбеге енгізу критерийлері мен тәртібі туралы Комиссияның актісін әзірлеу |
Комиссия, | 2022 жыл | Комиссия актісі* | |
в) тізбені қалыптастыру (мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде) |
Комиссия, |
2022 жыл |
Комиссия актісі* | |
2. Одақ шеңберінде медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялар нарығына шолу жүргізу |
Комиссия, | 2023 жыл |
Комиссия Кеңесінде баяндама (есеп) | |
3. Мүше мемлекеттердің дәрілік препараттар мен медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялар өндірушілердің тізбелерін қалыптастыру және кейіннен жаңарту |
Комиссия, |
тұрақты негізде, | Одақтың ресми сайтында орналастырылған өндірушілер тізбесі (Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет мақұлдағаннан кейін) | |
II. Одақ шеңберінде стратегиялық маңызды дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялар өндірісін ынталандыру | ||||
|
мүше мемлекеттер | 2022 – 2023 жылдар |
ұсыныстар (Комиссия актісі* – қажет болған кезде) | |
5. Мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес міндеттемелерін ескере отырып, дәрілік препараттар мен медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанцияларды өндіру саласындағы кооперациялық жобаларды қолдау тетіктерін пайдалану туралы ұсыныстар дайындау | мүше мемлекеттер, Комиссия | 2023 жыл |
ұсыныстар (Комиссия актісі* – қажет болған кезде) | |
| мүше мемлекеттер, Комиссия | 2022 жыл | Комиссия Кеңесінде баяндама (есеп) (қажет болған кезде) | |
7. Мүше мемлекеттердің фармацевтика өнеркәсібі кәсіпорындарының кооперациялық тізбегін қалыптастыру туралы ұсыныстар дайындау | мүше мемлекеттер, Комиссия | 2022 – 2023 жылдар |
ұсыныстар (Комиссия актісі* – қажет болған кезде) | |
8. Еуразиялық даму банкінің және өзге де халықаралық ұйымдардың құралдарын пайдалана отырып, дәрілік препараттар мен медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялар өндірісі саласындағы кооперациялық жобаларды қаржыландыру туралы ұсыныстар дайындау | мүше мемлекеттер, Комиссия | 2022 – 2023 жылдар |
ұсыныстар (Комиссия актісі* – қажет болған кезде) | |
9. Фармацевтикалық өнімді өндіру саласында еуразиялық технологиялық платформаны қалыптастыру (бастамашылық ұсыныс болған кезде) | Комиссия мүше мемлекеттер | 2022 жыл | Комиссия Кеңесінің өкімі | |
| ||||
10. Осы жоспарды іске асыру нәтижелерін мониторингтеу және талдау (оның ішінде оған кіретін іс-шараларды нақтылау туралы ұсыныстар дайындау) | Комиссия, мүше мемлекеттер | жыл сайын | Комиссия Кеңесінде баяндама (Одақ органының актісі – қажет болған кезде) |
* Комиссия актісінің нысаны Комиссияның өкілеттіктері болған кезде іс-шараны іске асыру барысында айқындалатын болады.