Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 наурыздағы №30 шешімімен бекітілген Зерттеу (сынау) және өлшеу қағидаларын, соның ішінде Кеден одағының "Жеке қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 019/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі мынадай мазмұндағы 991 және 992 позицияларымен толықтырылсын:
"
991 | 4.2-тармақ, 2-тармақша | MVI.МН 6309-2020 "Су және ауа орталарында поликарбонаттан жасалған бұйымдардан бөлінетін хлорбензолдың массалық концентрациясы. Газ хроматографиясы әдісімен өлшеулерді орындау әдістемесі" (аттестаттау туралы куәлік № BY 00120 29.10.2020). | 2022.01.06 бастап тиісті мемлекет-аралық стандарт әзірленгенге және оны осы тізбеге кірістіргенге дейін қолданылады |
992 | KZ.А. 01. 0602 "Массалық шоғырлану бірлігінде, полистиролдан және стирол сополимерлерінен жасалған бұйымдардағы бутадиеннің су және ауа орталарында көрсетілген миграциясы деңгейін өлшеуді орындау әдістемесі" (2020 жылғы 22.10 аттестаттау туралы куәлік № 168) | 2022.01.06 бастап тиісті мемлекет-аралық стандарт әзірленгенге және оны осы тізбеге кірістіргенге дейін қолданылады |
".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |