Зерттеу (сынау) және өлшеу қағидаларын, соның ішінде Кеден одағының "Жеке қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 019/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 5 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 наурыздағы №30 шешімімен бекітілген Зерттеу (сынау) және өлшеу қағидаларын, соның ішінде Кеден одағының "Жеке қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 019/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі мынадай мазмұндағы 991 және 992 позицияларымен толықтырылсын:

      "

991

4.2-тармақ, 2-тармақша

MVI.МН 6309-2020 у және ауа орталарында поликарбонаттан жасалған бұйымдардан бөлінетін хлорбензолдың массалық концентрациясы. Газ хроматографиясы әдісімен өлшеулерді орындау әдістемесі" (аттестаттау туралы куәлік № BY 00120 29.10.2020).

2022.01.06 бастап тиісті мемлекет-аралық стандарт әзірленгенге және оны осы тізбеге кірістіргенге дейін қолданылады

992

KZ.А. 01. 0602 "Массалық шоғырлану бірлігінде, полистиролдан және стирол сополимерлерінен жасалған бұйымдардағы бутадиеннің су және ауа орталарында көрсетілген миграциясы деңгейін өлшеуді орындау әдістемесі" (2020 жылғы 22.10 аттестаттау туралы куәлік № 168)

2022.01.06 бастап тиісті мемлекет-аралық стандарт әзірленгенге және оны осы тізбеге кірістіргенге дейін қолданылады

      ".

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады