Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына және 313-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағының 42-тармақшасындағы жиырмасыншы (кестеден кейінгі) абзац "сәйкестендірілген тауарлар" деген сөздерден кейін "және осы тауарға арналған декларацияның 32-графасының бірінші кіші бөлімінде көрсетілген сәйкестендірілген тауардың реттік нөмірі "/" айырым белгісі арқылы," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссиясының Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктері туралы ереженің 6-тармағының "д" тармақшасында:
а) қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
б) ", және осы тауарға арналған декларацияның 32-графасының бірінші кіші бөлімінде көрсетілген сәйкестендірілген тауардың реттік нөмірі "/" айырым белгісі арқылы;".
3. Осы Шешім 2022 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |