2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімін іске асыру және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4011 50 000 1, 4013 20 000 1, 7315 11 100 1, 8714 93 000 1, 8714 94 200 1, 8714 96 100 1, 8714 96 300 1, 8714 99 500 1 және 8714 99 900 1 кодтарымен сыныпталатын велосипедтер өндірісіне арналған жиынтықтаушылардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 4011 50 000 1, 4013 20 000 1, 7315 11 100 1, 8714 93 000 1, 8714 94 200 1, 8714 96 100 1, 8714 96 300 1, 8714 99 500 1 және 8714 99 900 1 кодтары бар позициялар төртінші графада ескертпеге "46С)" сілтемесімен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 46С ескертпесімен толықтырылсын:
"46С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 50 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2025.31.03. дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |