Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2022 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 54 шешіміне ҚОСЫМША |
Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Мынадай мазмұндағы X5 бөліммен толықтырылсын:
"X5. Кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген немесе оларды шығаруды Кодекске сәйкес кеден органдары жүзеге асырмаған, соның салдарынан кедендік баждарды, салықтарды төлемеген немесе тауарларды декларациялау кезінде кеден органдары осы тауарларды кедендік аумақта сатып алған тұлғалардың тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын сақтамағандығын анықтаған кезде ТД толтырудың ерекшеліктері
4121. Кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген немесе оларды шығаруды Кодекске сәйкес кеден органдары жүзеге асырмаған, соның салдарынан кедендік баждарды, салықтарды төлемеген немесе тауарларды декларациялау кезінде кеден органдары осы тауарларды кедендік аумақта сатып алған тұлғалардың тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын сақтамағандығын анықтаған және бұл тауарлар бұрын декларацияланбаған болса, декларант ТД 1, 3 – 5, 7, 12, 14, 16, 17, 17 (а; b), 30 – 38, 40, 41, 43 – 47, 54 және "В" бағандарын толтырады.
ТД өзге бағандары декларанттың қалауы бойынша осы Тәртіптің ІІ бөліміне сәйкес толтырылады.
4122. ТД 4, 7, 17, 17 (a; b), 30, 40 және 44 бағандары мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Тәртіптің ІІ бөліміне сәйкес толтырылады:
1) 4-баған. "Тиеу ерекшеліктері"
Баған тиеу ерекшеліктерін, тізбелерді және ақпарат болған кезде осыған ұқсас басқа да құжаттарды пайдаланған кезде толтырылады.
2) 7-баған. "Анықтамалық нөмір"
Бағанда тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сыныптауышына сәйкес "ЗӨТ" көрсетіледі;
3) 17-баған. "Жөнелтілетін ел"
Баған ақпарат болған кезде толтырылады;4) 17-баған (а; b). "Жөнелтілетін елдің коды"
Баған ақпарат болған кезде толтырылады;
5) 30-баған. "Тауарлардың тұрған жері"
Бағанда, егер осы Тәртіптің 15-тармағының 28-тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарында (кестеден кейінгі) көзделген мәліметтер болмаса, осы Тәртіптің 142 -тармағына сәйкес тауарлардың нақты тұрған жері көрсетіледі.
6) 40-баған. "Жалпы декларация/Алдыңғы құжат"
Баған ақпарат болған кезде толтырылады;
7) 44-баған. "Қосымша ақпарат/Ұсынылған құжаттар"
Баған ақпарат болған кезде осы Тәртіптің 15-тармағының 42-тармақшасына сәйкес толтырылады.
Бағанда қосымша мыналар көрсетіледі:
кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеудің тіркеу нөмірі (ақпарат болған кезде);
Беларусь Республикасында:
нысанасы сатып алынған тауарлар болып табылатын әкімшілік кедендік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік процестің басталғаны туралы және осы тауарлардың мәні болып табылатын әкімшілік кедендік құқық бұзушылықты жасаған тұлғаның анықталмағаны туралы хабарламаның нөмірі мен күні;
Ресей Федерациясында:
мыналарды қамтитын кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша шешімнің (шешімдердің) нөмірі мен күні:
тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген деп тану туралы шешім;
тауарларды (тауарларды) заңсыз өткізуге қатысқан тұлғаны, тауарларды (тауарларды) кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізетін тұлғамен бірлесіп кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы, алымдар, пайыздар мен өсімпұлдар (ақпарат болған кезде) төлеу бойынша міндеттеме алған деп тану туралы шешім;
заңсыз әкелінген тауарды (заңсыз әкелінген тауарларды) меншігіне алған немесе иеленген тұлғаны, тауарларды (тауарларды) кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізетін тұлғамен бірлесіп кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздар мен өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме алған деп тану туралы шешім (ақпарат болған кезде)".
2.43-тармақтың 4-тармақшасы "Элементтердің бәрі ақ жолақтарсыз көрсетіледі және тире "-" белгісімен бөлінеді" деген абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"6-нөмірден кейін:
Осы Тәртіптің Х5 бөлімінде көзделген ТД толтырудың ерекшеліктерін қолданған кезде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеудің тіркеу нөмірі көрсетіледі (егер мұндай мәліметтер ТД-ның 44-бағанында көрсетілмеген болса).".