Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы "Өнеркәсіп тауарын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірлесіп өндірген деп тану тәртібі туралы" № 93 шешімінің 3-тармағындағы "осы Шешім күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде" деген сөздер "қоса алғанда 2024 жылғы 13 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 93 шешімін іске асыру туралы" № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2022 жылғы 14 шілдеден кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |