Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 93 шешімінің 3-тармағына өзгеріс енгізу және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 57 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы "Өнеркәсіп тауарын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірлесіп өндірген деп тану тәртібі туралы" № 93 шешімінің 3-тармағындағы "осы Шешім күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде" деген сөздер "қоса алғанда 2024 жылғы 13 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 93 шешімін іске асыру туралы" № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2022 жылғы 14 шілдеден кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады