Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Техникалық реттеу туралы хаттаманың 4-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 219 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) қолдану нәтижесінде ерікті негізде көрсетілген шешіммен бекітілген Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің 70-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"70 | № 10 қосымшаның 71-тармағы | МЕМСТ Р 53165-2008 (МЭК 60095-1:2006) "Автотракторлық техникаға арналған қорғасын стартерлік аккумуляторлық батареялар. Жалпы техникалық шарттар" | 31.12.2022 ж. дейін қолданылады"; |
МЕМСТ Р 53165-2020 (МЭК 60095-1:2018) "Қорғасын-қышқылды стартерлік батареялар. 1-бөлім. Жалпы талаптар және сынау әдістері" | |||
МЕМСТ 33667-2015 "Автомобиль көлігі құралдары. Аккумуляторлы батареялар мен стартерлердің шықпаларына сымдардың ұштықтары. Техникалық талаптар және сынау әдістері" |
б) халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарын қолдану және көрсетілген Шешіммен бекітілген Техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажет үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің 90-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"90 | № 10 қосымшаның 71-тармағы | МЕМСТ Р 53165-2008 (МЭК 60095-1:2006) "Автотракторлық техникаға арналған қорғасын стартерлік аккумуляторлық батареялар. Жалпы техникалық шарттар" | 31.12.2022 ж. дейін қолданылады. |
МЕМСТ Р 53165-2020 (МЭК 60095-1:2018) "Қорғасын-қышқылды стартерлік батареялар. 1-бөлім. Жалпы талаптар және сынау әдістері" | |||
МЕМСТ 33667-2015 "Автомобиль көлігі құралдары. Аккумуляторлы батареялар мен стартерлердің шықпаларына сымдардың ұштықтары. Техникалық талаптар және сынау әдістері" |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |