Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 219 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 109 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Техникалық реттеу туралы хаттаманың 4-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 219 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  қолдану нәтижесінде ерікті негізде көрсетілген шешіммен бекітілген Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің 70-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"70

№ 10 қосымшаның 71-тармағы

МЕМСТ Р 53165-2008 (МЭК 60095-1:2006) "Автотракторлық техникаға арналған қорғасын стартерлік аккумуляторлық батареялар. Жалпы техникалық шарттар"

31.12.2022 ж. дейін қолданылады";

МЕМСТ Р 53165-2020 (МЭК 60095-1:2018) "Қорғасын-қышқылды стартерлік батареялар. 1-бөлім. Жалпы талаптар және сынау әдістері"


МЕМСТ 33667-2015 "Автомобиль көлігі құралдары. Аккумуляторлы батареялар мен стартерлердің шықпаларына сымдардың ұштықтары. Техникалық талаптар және сынау әдістері"


      б)  халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарын қолдану және көрсетілген Шешіммен бекітілген Техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажет үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің 90-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"90

№ 10 қосымшаның 71-тармағы

МЕМСТ Р 53165-2008 (МЭК 60095-1:2006) "Автотракторлық техникаға арналған қорғасын стартерлік аккумуляторлық батареялар. Жалпы техникалық шарттар"

31.12.2022 ж. дейін қолданылады.

МЕМСТ Р 53165-2020 (МЭК 60095-1:2018) "Қорғасын-қышқылды стартерлік батареялар. 1-бөлім. Жалпы талаптар және сынау әдістері"


МЕМСТ 33667-2015 "Автомобиль көлігі құралдары. Аккумуляторлы батареялар мен стартерлердің шықпаларына сымдардың ұштықтары. Техникалық талаптар және сынау әдістері"


      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады