Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Бір корпуста кіріктірілген электр қозғалтқыш пен сорғы орналастырылған, сондай-ақ жиынтығына қарай пистолетті, жоғары қысымды шлангіні, балшық фрезасын, сорғалау түтігін қамтитын қысыммен су ағынымен әртүрлі беткі қабаттарды тазартуға арналған қысыммен жууға арналған аппарат Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8424 30 субпозициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |