2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8609 00 900 9 кодымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен белгіленген контейнерлердің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8609 00 900 9 позициядағы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "63С)" деген сілтеме "70С)" деген сілтемемен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпе мынадай мазмұндағы 70С ескертпемен толықтырылсын:
"70С) Кедендік құнның 0 (ноль) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 01.10.2022 бастап 28.02.2023 дейінгі мерзімді қоса алғанда қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемері қолданылатын тауарлардың тізбесіне және контейнерлердің жекелеген түрлеріне қатысты осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшеріне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |