Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Конструкциясында қос түбі мен қабырғалары, сондай-ақ қыздыратын элементтері жоқ, медициналық мақсаттағы әртүрлі заттарды оларды кейіннен бу стерилизаторларында зарарсыздандыру, пайдалану орнына тасымалдау және стерильділікті сақтау мерзімі ішінде сақтау мақсатында орналастыруға арналған, ішіне орналастырылған заттарды температуралық өңдеу процесінде буды бұруды қамтамасыз ететін тесіктері бар коррозияға төзімді болаттан жасалған бұйым болып табылатын зарарсыздандыру қорабы (бикс) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 7326 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |