Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына міндетті сәйкестікті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінің 2-тармағының "а" тармақшасын іске асыру мақсатында және 3-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
Кеден одағының "Ет және ет өнімінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 034/2013) техникалық регламенті талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы шешіммен бекітілген тізбе "Ет және ет өнімінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 034/2013) қатысты әкелінетін (әкелінген) өнімге оған қатысты көрсетілген техникалық регламентте мемлекеттік тіркеу немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізу көзделгенін ескере отырып, декларациялау нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізу көзделген әкелінетін (әкелінген) өнім үшін ғана қолданылады деп белгіленсін, техникалық реттеу шараларының сақталуын растау тиісінше Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешіміне және Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 4 қазандағы №140 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кеден одағының "Ет және ет өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 034/2013) талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің ТІЗБЕСІ
Өнім атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестікті бағалау туралы құжат (сәйкестікті бағалау туралы құжат жөніндегі мәлімет) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ет өнімі | |||
1. Шикі тоң майды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде жануарлардың ерітілген тоң майлары |
0209 10 110 0 | сәйкестік туралы декларация | |
2. Қанды қайта өңдеу өнімдері |
0511 99 859 9 | сәйкестік туралы декларация | |
3. Сүйекті қайта өңдеу өнімдері |
0506 10 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
4. Желатинді қос алғанда, құрамында коллаген бар шикізатты қайта өңдеу өнімдері |
0511 99 859 9 | сәйкестік туралы декларация | |
5. Ет және құрамында еті бар жартылай фабрикаттар мен кулинарлық бұйымдар |
0201 30 000 4 |
сәйкестік туралы декларация | |
6. Ет және еттен жасалған, құрамында еті бар өнімдер |
0210 11 110 0 | сәйкестік туралы декларация | |
7. Ет және құрамында еті бар шұжық бұйымдары |
1601 00 100 0 | сәйкестік туралы декларация | |
8. Ет және құрамында еті бар консервілер |
1602 10 009 1 | сәйкестік туралы декларация | |
9. Ет және құрамында еті бар сорпалар |
1603 00 100 0 | сәйкестік туралы декларация | |
10. Құрғақ ет өнімлері және құрамында еті бар өнімдер |
0210 11 310 0 | сәйкестік туралы декларация | |
11. Шпиктен жасалған өнімдер |
0209 10 110 0 | сәйкестік туралы декларация |
Ескертпе:
1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет,
2. Осы тізбеге дайындаушының (өндірушінің) құжаттарына сәйкес ет өнімі болып табылатын тауарлар ғана енгізіледі.
3. Кеден органдарына осы тізбеде көрсетілген КО ТР 034/2013 талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат жөніндегі мәліметтерді) ұсыну туралы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылатын ет өнімдеріне қатысты қолданылады және мына өнімдерге қатысты қолданылмайды:
а) мал сою өнімдері (оның ішінде балалар тағамы үшін ет өнімін өндіруге арналған);
б) балалар тағамына арналған ет өнімі;
в) жаңа түрдегі ет өнімі;
г) үй жағдайында және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықтарда азаматтар немесе мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар өндірген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналысқа шығаруға арналмаған сою өнімдері мен ет өнімдері;
д) сою өнімдерін пайдалана отырып немесе оның негізінде дайындалған мамандандырылған ет өнімдері (сою өнімдерін және балалар тағамына арналған ет өнімдерін қоса алғанда);
е) құс еті және оны қайта өңдеу өнімдері, сондай-ақ рецептурасында құс еті бар тамақ өнімдері
және оны қайта өңдеу өнімдері массасы бойынша басқа өнімді жануарлардың сою өнімдерінен асып түседі;
ж) азық-түлік қоспалары мен азық-түлікке биологиялық белсенді қоспалар, дәрілік заттар, мал азығы, сою өнімдерін пайдаланылана отырып немесе соның негізінде дайындалған азық-түлік мақсаттарына арналмаған өнімдер;
з) сою өнімдерін пайдалана отырып немесе соның негізінде дайындалған тамақтану (қоғамдық тамақтану) кәсіпорындарының және қызмет көрсету кезінде сатуға арналған тамақ өнімдері;
и) ет ингредиенттерінің құрамы рецептураға сәйкес 5 пайыздан аз болатын тамақ өнімдері.