Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Әртүрлі материалдарда тесік бұрғылауға, сондай-ақ кіші айналымда бұранда мен бұрандалы шегені бұрауға және бұрап алуға арналған кіріктірілген электр қозғалтқышы бар айналмалы қол инструменті білдіретін аккумуляторлы бұрғы-шеге бұрағыш Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8467 21 100 0 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |