Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен бекітілген Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 3-графаның 185-позициясындағы "KZ.А.01.0602*" деген белгіленім "KZ.06.01.00197-2020*" деген белгіленіммен ауыстырылсын;
б) мынадай мазмұндағы 186 – 188-позициялармен толықтырылсын:
"
186 | 2-қосымша | АМИ.МН 0003-2021 * | Полиамидтерден жасалған бұйымдардан бөлінетін е-капролактамның су мен ауадағы массалық концентрациясы. Тиімділігі жоғары сұйық хроматография әдісімен өлшеу әдістемесі | 29.09.2021 жылғы № BY 00221 аттестаттау туралы куәлік; 01.01.2024 жылдан бастап қолданылады |
187 | АМИ.МН 0002-2021 * | Парафиндерден, балауыздардан және резеңке-латекс композицияларынан жасалған бұйымдардан бөлінетін бензин(а)пиненнің су мен ауадағы массалық концентрациясы. Тиімділігі жоғары сұйық хроматография әдісімен өлшеу әдістемесі | 29.09.2021 жылғы № BY 00121 аттестаттау туралы куәлік; 01.01.2024 жылдан бастап қолданылады | |
188 | KZ.06.04.00001-2021 * | Резеңке-латекс композицияларынан жасалған бұйымдардағы ацетофенонның, сондай-ақ полистирол мен стирол сополимерлерінің су мен ауадағы массалық концентрациясының бірліктерінде көрсетілген миграциялану деңгейінің өлшемін орындау әдістемесі | 21.10.2021 жылғы № 2 аттестаттау туралы куәлік; 01.01.2024 жылдан бастап қолданылады |
".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |