Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарын қолдану мен орындау үшін және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 18 қазандағы № 144 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен бекітілген Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 3-графаның 185-позициясындағы "KZ.А.01.0602*" деген белгіленім "KZ.06.01.00197-2020*" деген белгіленіммен ауыстырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 186 – 188-позициялармен толықтырылсын:

      "

186

2-қосымша

АМИ.МН 0003-2021 *

Полиамидтерден жасалған бұйымдардан бөлінетін е-капролактамның су мен ауадағы массалық концентрациясы. Тиімділігі жоғары сұйық хроматография әдісімен өлшеу әдістемесі

29.09.2021 жылғы № BY 00221 аттестаттау туралы куәлік; 01.01.2024 жылдан бастап қолданылады

187

АМИ.МН 0002-2021 *

Парафиндерден, балауыздардан және резеңке-латекс композицияларынан жасалған бұйымдардан бөлінетін бензин(а)пиненнің су мен ауадағы массалық концентрациясы. Тиімділігі жоғары сұйық хроматография әдісімен өлшеу әдістемесі

29.09.2021 жылғы № BY 00121 аттестаттау туралы куәлік; 01.01.2024 жылдан бастап қолданылады

188

KZ.06.04.00001-2021 *

Резеңке-латекс композицияларынан жасалған бұйымдардағы ацетофенонның, сондай-ақ полистирол мен стирол сополимерлерінің су мен ауадағы массалық концентрациясының бірліктерінде көрсетілген миграциялану деңгейінің өлшемін орындау әдістемесі

21.10.2021 жылғы № 2 аттестаттау туралы куәлік; 01.01.2024 жылдан бастап қолданылады

      ".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады