Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 353-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және адамдарды, багажды және қол жүгін тексеру (қарау) жүйесімен техникалық жарақтандыруға қойылатын типтік талаптар бекітілсін.
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап 6 ай өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 1 қарашадағы № 164 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және адамдарды, багажды және қол жүгін тексеру (қарау) жүйесімен техникалық жарақтандыруға қойылатын ТИПТІК ТАЛАПТАР
I. Жалпы ережелер
1. Осы типтік талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан, кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен, инженерлік, ақпараттық, телекоммуникациялық жүйелермен және оларды қамтамасыз ету құралдарымен (кедендік инфрақұрылым элементтері) жарақтандырылған жаңадан салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан ғимараттарды, құрылыстарды, үй-жайларды, ашық алаңдарды жайластыруға және адамдарды, багажды және қол жүгін тексеру (қарау) жүйесімен техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтері кеден органдарының қызметін қамтамасыз етуге байланысты олардың функционалдық мақсатының ерекшеліктері ескеріле отырып жайластырылады және мынадай аппаратура түрлерінен тұратын адамдарды, багажды және қол жүгін тексеру (қарау) жүйесімен техникалық жарақтандырылады:
а) арка типті стационарлық металл детекторы;
б) қол (портативті) металл детекторы;
в) электромагниттік сәулеленуді және (немесе) рентгендік сәулеленуді пайдалана отырып адамдардан қару және Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған заттарды стационарлық тапқыш;
г) Бір ракурстық және (немесе) көпракурстық рентгендік тексеріп қарау техникасы;
д) тексеріп қарау эндоскопы;
е) бақылау (сәйкестендіру) белгілерінен деректерды алу құрылғысы;
ж) металдарды, қорытпаларды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды қамтуын портативті талдағыш;
з) асыл тастарды портативті талдағыш;
и) құжаттардың, ақша белгілерінің және қорғалған қағаздардың түпнұсқалығын тексеретін аппаратура;
к) өлшеу шегі 150 кг дейінгі электрондық таразы;
л) өлшеу шегі 3 кг дейінгі электрондық таразы.
II. Арка типті стационарлық металл детекторы
3. Арка типті стационарлық металл детекторы (бұдан әрі осы бөлімде – аппаратура) адамдарды атыс қаруын және металл заттарды табу мақсатында тексеруге (қарауға) арналған.
4. Аппаратураның параметрлері мыналар болып табылады:
а) жалпы массасы 100 г аспайтын металл заттарға жаңылыс іске қосылуы ықтималдығы 0,05 % аспайды;
б) адамдар металл детекторы аркасы арқылы 0-ден 2,0 м/с дейін жылдамдықпен өткен кезде 2 %-дан аспайтын өткізу ықтималдығымен металл заттарды, атап айтқанда қаруды (металл заттардың массасы 1 000 г артық емес) анықтау;
в) металл детектор аркасының биіктібі бойымен кемінде 9 бақылау аймағының болуы және металл заттың орналасқан жерін ақшаулау мүмкіндігі;
г) металл затты тапқан кезде автоматты түрде жарықпен және дыбыспен белгі беруінің болуы;
д) үздіксіз жұмыс істеу уақыты – 24 сағаттан кем емес;
е) жиілігі 50 ± 1 Гц және кернеуі 220 В ± 10 % айнымалы ток желісінен қоректендіру;
ж) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуінде іркілістерді және істен шығуын тудыруға қабілетсіздік;
з) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуі кезінде туындайтын электромагниттік кедергілердің әсер етуінен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуы;
и) жүрек қызметі стимулятордарының жұмысына кері әсер етудің болмауы;
к) аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады;
л) қызмет ету мерзімі – 7 жылдан кем емес;
м) аппаратураның конструкциясы металл заттарды анықтаудың белгіленген параметрлерінің рұқсатсыз өзгеруі ықтималдығын болдырмайды.
III. Қол (портативті) металл детекторы
5. Қол (портативті) металл детекторы (бұдан әрі осы бөлімде – аппаратура) адамдарды, багажды және қол жүгін атыс қаруын және металл заттарды табу мақсатында тексеруге (қарауға) және олардың орналасқан жерлерін анықтауға арналған.
6. Аппаратураның параметрлері мыналар болып табылады:
а) 100 мм кем емес анықтау арақашықтығында 2 %-дан аспайтын өткізу ықтималдығы кезінде металл заттарды, атап айтқанда қаруды (металл заттардың массасы 1 000 г артық емес) анықтау;
б) металл затты тапқан кезде автоматты түрде жарықпен және дыбыспен белгі беруінің болуы;
в) үздіксіз жұмыс істеу уақыты – 24 сағаттан кем емес;
г) аккумулятор батареясынан және (немесе) жиілігі 50 ± 1 Гц және кернеуі 220 В ± 10 % айнымалы ток желісінен қоректендіру;
д) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуінде іркілістерді және істен шығуын тудыруға қабілетсіздік;
е) жүрек қызметі стимулятордарының жұмысына кері әсер етудің болмауы;
ж) қызмет ету мерзімі – 7 жылдан кем емес;
з) іске қосылғаннан кейін автоматты түрде баптау функциясының болуы;
и) аппаратураның қоректендіру батареясымен бірге массасы 1 000 г артық емес;
к) аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттердің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады.
IV. Электромагниттік сәулеленуді және (немесе) рентгендік сәулеленуді пайдалана отырып адамдардан қару және Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған заттарды стационарлық тапқыш
7. Электромагниттік сәулеленуді және (немесе) рентгендік сәулеленуді пайдалана отырып адамдардан қару және Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған заттарды стационарлық тапқыш (бұдан әрі осы бөлімде – аппаратура) тасымалдауға тыйым салынған қару және заттарды автоматты түрде анықтауға арналған.
8. Аппаратураның параметрлері мыналар болып табылады:
а) шынайы уақыт режимінде сағатына 100-ден 300 объектіге дейін өткізу қабілетімен кескіндерді алу;
б) бейнені әртүрлі айқындылық, контрастылық дәрежесінде көрсету және бейненің фрагменттерін бірнеше есе үлкейту режимінде көрсету функцияларының болуы;
в) қарап тексеру күні мен уақытын тіркеу және бейнелеу функциясының болуы;
г) жұмыс сағаттарының санын индикациялаудың болуы;
д) жергілікті есептеуіш желіге қосылу мүмкіндігі;
е) цифрлық түрде алынған бейнелерді жазу және кейін оларды көрсету мүмкіндігімен деректер қорында сақтау және жергілікті есептеуіш желі бойынша сыртқы тұтынушыларға беру функциясының болуы (аппаратураның бейнелер деректер қорының сыйымдылығы 1 000 бейнеден кем болмаған жағдайда);
ж) электромагниттік және (немесе) рентгендік сәулеленудің қосылғаны туралы жарықпен белгі беруінің болуы;
з) жиілігі 50 ± 1 Гц және кернеуі 220 В ± 10 % айнымалы ток желісінен қоректендіру;
и) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуінде іркілістерді және істен шығуын тудыруға қабілетсіздік;
к) қызмет ету мерзімі – 7 жылдан кем емес;
л) жүрек қызметі стимулятордарының жұмысына кері әсер етудің болмауы;
м) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкестілігі;
н) электромагниттік сәулеленуді шығару қуаты бойынша мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген электромагниттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкестілігі;
о) аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттердің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады.
V. Бір ракурстық және (немесе) көпракурстық рентгендік тексеріп қарау техникасы
9. Бір ракурстық рентгендік тексеріп қарау техникасы (стационарлық немесе жылжымалы) (бұдан әрі осы бөлімде – бір ракурстық аппаратура) тасымалдауға тыйым салынған заттарды автоматты түрде анықтау мүмкіндігімен багаждың және қол жүгінің ақ-қара түсті және (немесе) түрлі түсті бейнелерін алуға арналған.
10. Тексеру (қарау) объектісінің сипатына және мөлшеріне қарай бір ракурстық стационарлық аппаратура:
а) шағын көлемді багажды және қол жүгін тексеруге;
б) орташа көлемді багажды және қол жүгін тексеру;
в) ірі көлемді багажды және қол жүгін тексеруге арналған.
11. Бір ракурстық жылжымалы аппаратура бір ракурстық стационарлық аппаратура орнатылмаған жерлерде қолдануға арналған.
12. Бір ракурстық аппаратураның параметрлері мыналар болып табылады:
а) 1-кестеде көрсетілген мәндерден төмен емес сипаттамалар.
1-кесте
Параметрдің атауы | Болаттан өткіштік қабілеттілігі (мм) |
Рұқсат етілетін қабілеттілігі | Мыс сымтемір бойынша сезімтал-дығы (мм) | Бақылау тунелінің габариті, Е х Б (мм) | Бақылау объекті-сінің салмағы (кг) | |
Бір ракурстық стационарлық аппаратура | ||||||
Шағын көлемді багажды және қол жүгін тексеру | 24 | 0,25 | 0,15 | 400 х 600 | 100 | |
Орташа көлемді багажды және қол жүгін тексеру | 24 | 0,25 | 0,15 | 850 х 1000 | 200 | |
Ірі көлемді багажды және қол жүгін тексеру | 24 | 0,25 | 0,15 | 1 200 х 1 200 | 400 | |
Бір ракурстық жылжымалы аппаратура | ||||||
Багажды және қол жүгін тексеру | 24 | 0,25 | 0,15 | 1 000 х 1 000 | – |
б) мынадай негізгі функциялардың көмегімен багаждың және қол жүгінің ішіне талдау жүргізу:
багаждың және қол жүгінің бейнесін әртүрлі айқындылық және контрастылық дәрежесінде көрсету;
багаждың және қол жүгінің бейнелері фрагменттерін бірнеше есе үлкейту режимінде көрсету;
багажда және қол жүгінде материалдарды экрандағы бейнесін тиісті бояумен тиімді атомдық нөмірі (Zтиім) бойынша айырып тану мүмкіндігі (рентгендік сәулеленудің қосарлы энергиясы бар бір ракурстық аппаратура үшін);
алдыңғы бейнелерді қайта қарау режимі;
багаждың және қол жүгінің әрбір жерін сканерлеу күні мен уақытын тіркеу және көрсету;
багаждың және қол жүгінің қарап тексерілген жерлерінің санын көрсету (есептеуіш) және бір ракурстық аппаратураның жұмыс сағатының санын индикациялау;
багажды және қол жүгін тіке және кері бағыттарда (реверс) сканерлеу режимін қолдану;
жергілікті есептеуіш желіге қосылу мүмкіндігі;
цифрлық түрде алынған бейнелерді кейін оларды көрсету және жергілікті есептеуіш желісі бойыша сыртқы тұтынушыларға беру мүмкіндігімен жазу және сақтау функциясы (аппаратураның бейнелердің деректер қорының сыйымдылығы – 1 000 бейнеден кем емес болған жағдайда);
в) рентгендік сәклеленудің қосылғаны туралы жарықпен белгі беруінің болуы;
г) қорғаныш экранның тұтастығы бұзылған кезде рентгендік сәулеленуді өшіруді қамтамасыз ететін бұғаттаудың болуы;
д) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкестілігі;
е) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуінде іркілістерді және істен шығуын тудыруға қабілетсіздік;
ж) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуі кезінде туындайтын электромагниттік кедергілердің әсер етуінен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуы;
з) жүрек қызметі стимулятордарының жұмысына кері әсер етудің болмауы;
и) белгіленген параметрлерді рұқсатсыз өзгертуге тыйым салу функциясының болуы;
к) жиілігі 50 ± 1 Гц және кернеуі 220 В ± 10 % айнымалы ток желісінен қоректендіру;
л) қызмет ету мерзімі – 7 жылдан кем емес;
м) бір ракурстық аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттердің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады.
13. Қосөлшемді немесе көп өлшемді сканерлеу функциялары бар көпракурстық рентгендік тексеріп қарау техникасы (бұдан әрі осы бөлімде – көпракурстық аппаратура) тасымалдауға тыйым салынған заттарды автоматты түрде анықтаумен багаждың және қол жүгінің түрлі түсті бейнелерін алуға арналған.
14. Көпракурстық аппаратураның параметрлері мыналар болып табылады:
а) багажда және қол жүгінде қаруға және органикалық материалдарға жатқызылуы мүмкін күдікті заттарды автоматты түрде анықтау;
б) мынадай негізгі функциялардың көмегімен багаждың және қол жүгінің ішіне талдау жүргізу:
багажда және қол жүгінде материалдарды монитор экранындағы бейнесін тиісті бояумен тиімді атомдық нөмірі (Zтиім) бойынша айырып тану мүмкіндігі (рентгендік сәулеленудің қосарлы энергиясы бар көпракурстық аппаратура үшін);
бейнелердің фрагменттерін бірнеше есе үлкейту режимінде көрсету;
алдыңғы бейнелерді қайта қарау режимі;
багаждың және қол жүгінің әрбір жерін сканерлеу күні мен уақытын тіркеу және көрсету;
багаждың және қол жүгінің қарап тексерілген жерлерінің санын көрсету (есептеуіш) және жұмыс сағатының санын индикациялау;
багажды және қол жүгін тіке және кері бағыттарда (реверс) сканерлеу режимін қолдану;
жергілікті есептеуіш желіге қосылу мүмкіндігі;
цифрлық түрде алынған бейнелерді кейін оларды көрсету және жергілікті есептеуіш желісі бойыша сыртқы тұтынушыларға беру мүмкіндігімен жазу және сақтау (аппаратураның бейнелердің деректер қорының сыйымдылығы – 1 000 бейнеден кем емес болған жағдайда);
в) стандартты режимде рұқсат етілген қабілеттілігі – диаметрі 0,1 мм мыс сымтемірді (кедергісіз) және диаметрі 0,8 мм мыс сымтемірді (қалыңдығы 21 мм болаттан жасалған кедергіден) анықтау;
г) тереңдетілген режимде рұқсат етілген қабілеттілігі – диаметрі 0,075 мм мыс сымтемірді (кедергісіз) және диаметрі 0,5 мм мыс сымтемірді (қалыңдығы 21 мм болаттан жасалған кедергіден) анықтау;
д) ең жоғары сканерлеу жылдамдығы – сағатына 150 сканерлеуге дейін;
е) болаттан сканерлеудің шекті өткіш қабілеттілігі – 35 мм кем емес;
ж) багаж және қол жүгіне арналған тоннелінің өлшемі – 400 х 600 мм кем емес;
з) багаждың және қол жүгінің массасы – тасымалдау таспасының параметрлеріне сәйкес;
и) жиілігі 50 ± 1 Гц және кернеуі 220 В ± 10 % айнымалы ток желісінен қоректендіру;
к) үздіксіз, тәулік бойы жұмыс режимі;
л) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуінде іркілістерді және істен шығуын тудыруға қабілетсіздік;
м) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуі кезінде туындайтын электромагниттік кедергілердің әсер етуінен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуы;
н) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкестілігі;
о) жүрек қызметі стимулятордарының жұмысына кері әсер етудің болмауы;
п) қызмет ету мерзімі – 7 жылдан кем емес;
р) көпракурстық аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады.
VI. Тексеріп қарау эндоскопы
15. Тексеріп қарау эндоскопы (бұдан әрі осы бөлімде – аппаратура) көзбен бақылау қиындаған жерлерде багажды, қол жүгін ақ-қара түсті және (немесе) түрлі түсті фото- және видеобейнесін алумен тексеруге (қарауға) арналған.
16. Аппаратураның типтік жиынтықтығы мыналарды қамтиды:
а) тексеріп қарау эндоскопы;
б) ішкі электрмен қоректендіру көзі бар ақпаратты жазу және көрсету блогы;
в) қосымша электрмен қоректендіру көзі;
г) аппаратураның тораптары мен блоктарының жұмыс істеуіне арналған жалғаушы элементтер (ақпараттық шиналар) жиынтығы.
17. Аппаратураның параметрлері 2-кестеде көрсетілген мәндерден төмен емес сипаттамалар болып табылады.
2-кесте
Параметрдің атауы | Көрсеткіштің мәні |
Аппаратураның жұмыс бөлінің диаметрі | 5 – 10 мм |
Аппаратураның жұмыс бөлігінің ұзындығы | 70 – 200 см |
Габариті (Ұ х Е х Б) | 250 х 150 х 100 мм |
Аппаратураның жұмыс бөлігінің қаттылығы | икемді |
Жарық көзі | жарықтығы реттелетін жарықдиодты жарықтандыру |
Аппаратураның аккумулятормен бірге салмағы | 2 кг |
LCD монитордың өлшемі | 4 дюйм |
Бейнелерді жазу | 1 280 х 720 пиксель (JPEG) |
USB шығу | мини-USB немесе микро-USB |
Қоректену | тип ААА немесе АА |
Видео жазу | 1 280 х 720 пиксель |
Жұмыстың автономдылығы | батарея жиынтығынан 2 сағат |
18. Аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттердің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады.
19. Аппаратураның қызмет ету мерзімі – 7 жылдан кем емес.
VII. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерінен деректерды алу құрылғысы
20. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерінен деректерды алу құрылғысы (бұдан әрі осы бөлімде – аппаратура) оларға қатысты Одақ шеңберінде сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы шешім қабылданған тауарлар айналысын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тауарлардың сәйкестендіру құралдарын оқып алуға арналған.
21. Аппаратураның параметрлері мыналар болып табылады:
а) жиналған деректерді өзгертуге (түрлендіруге) жол бермеу мақсатында рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғайтын орнатылған құралдарының болуы;
б) орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс алгоритміне өзгерістер енгізу функциясының болуы;
в) RFID-белгілерден ақпаратты оқып алу функциясының болуы;
г) штрих кодтан оқып алу түрі – фотосканер;
д) пернетақта типі – сенсорлық дисплей;
е) орнатылған оперативті есте сақтау құрылғысы жадының көлемі – 2 Гб кем емес;
ж) салмағы – 1 000 г артық емес (қосымша аспалы және қосылатын жабдықсыз);
з) орнатылған жинақтағыш жадының көлемі – 16 Гб кем емес;
и) кемінде 844 х 640 пиксель ажыратымдылықпен бірөлшемді және екіөлшемді бақылау (сәйкестендіру) белгілердің орнатылған аппараттық сканерінің болуы;
к) пайдаланылатын жиілік – 865 – 868 МГц, 902 – 928 МГц;
л) сенсорлық дисплейдің диагоналы – кемінде 5,7 дюйм;
м) ажыратымдылық – кемінде 720 х 1 440 пиксель;
н) интерфейс – USB (кабель);
о) үздіксіз жұмыс істеу уақыты (батареяның қоректендіру көзін ауыстырмай) – 10 сағаттан кем емес және (немесе) кемінде 50 000 сканерлеу;
п) аппаратура 1,5 м биіктіктен бетон немесе қаттылығы соған ұқсас беткі қабатқа құлағаннан кейін жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуы;
р) аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттердің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады;
с) қызмет ету мерзімі – 5 жылдан кем емес.
VIII. Металдарды, қорытпаларды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды қамтуын портативті талдағыш
22. Металдарды, қорытпаларды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды қамтуын портативті талдағыш (бұдан әрі осы бөлімде – аппаратура) металдарды, қорытпаларды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды талдау, сәйкестендіру және анықтау, сондай-ақ алынған нәтижелерді сақтау және беру мақсатында адамдарды, багажды және қол жүгін тексеруге (қарауға) арналған.
23. Аппаратураның параметрлері мыналар болып табылады:
а) аккумулятор батареясынан және (немесе) жиілігі 50 ± 1 Гц және кернеуі 220 В ± 10 % айнымалы ток желісінен қоректендіру;
б) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуінде іркілістерді және істен шығуын тудыруға қабілетсіздік;
в) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуі кезінде туындайтын электромагниттік кедергілердің әсер етуінен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуы;
г) аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттердің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады;
д) қызмет ету мерзімі – 7 жылдан кем емес;
е) 3-кестеде көрсетілген мәндерден төмен емес сипаттамалар.
3-кесте
Параметрдің атауы | Көрсеткіштің мәні |
Металдарда және әртүрлі қорытпаларда (зергерлік, арнайы, алюминий, магний және т.б.), ұнтақтарда, сұйықтықтарда (агрессивті емес сұйықтықтардағы) және басқа кедендік бақылау объектілерінде анықталатын химиялық элементтердің атомдық нөмірлерінің (Z) диапазоны | Z = 11 ÷ 95 |
Химиялық элементтерді сандық және сапалық талдау (іздеу және сәйкестендіру) (кем емес) | 80 химиялық элемент |
Жеңіл элементтерге (натрий – кальций) талдау жүргізу | гелийлік толтыруларды, вакуумды және т.б. өлшеу аймағында құрмастан |
Элементтерді табудың шекті мәндері, үлес салмағы: |
|
Қоректендіру көзі | аккумуляторлық батарея және (немесе) айнымалы ток желісі |
Аппаратураның беткі қабатынан 0,1 м арақашықтықтағы кез келген қолжетімді нүктедегі сәулеленудің баламалы дозасының қуаты | 1,0 мкЗв/ч артық емес |
Конструктивтік жасалуы |
моноблок |
Аккумуляторлық батареяның массасы | 5 кг артық емес |
Метрологиялық сыныптау | өлшенетін физикалық шамалардың мәндерін алуға арналған өлшеу құралы |
24. Аппаратураның функциялары:
а) стандартты (үлгілік) металдарды, қорытпаларды, олардың негізінде жасалған бұйымдарды жинау, өңдеу, сақтау, мұрағаттандыру, кітапханаларын құру, металдарға, қорытпаларға және олардың негізінде жасалған бұйымдарға талдау жүргізу барысында алынған деректерді беру (2 048 канал бойынша кемінде 100 000 спектрді, сондай-ақ 5 000 эталондық спектрлер туралы деректерді сақтау);
б) эталондық емес әдісті қолданумен өлшеу нәтижелерін есептеу (өңдеу) (белгісіз объектіні талдау және нәтижелерді мониторда көрсету;
в) аппаратураны калибрлеу, жұмысқа, жұмыс режиміне дайындығы, химиялық элементтердің нақты құрамын, олардың пайыздық қамтылуын, аккумуляторлық батареялардың разрядын (заряд деңгейін) көрсете отырып объектіні сәйкестендірудің аяқталғаны туралы хабарлама берумен өзін-өзі автоматты тестілеу, рентгендік сәулеленуді қосуды индикациялау;
г) аппаратураның рентгендік сәулеленуін басқару;
д) деректер қорын кеңейту және бағдарламалың қамтамасыз етуді жаңғырту мүмкіндігі, анықтамалық ақпаратты түзету болып табылады.
IX. Асыл тастарды портативті талдағыш
25. Асыл тастарды портативті талдағыш (бұдан әрі осы бөлімде – аппаратура) асыл тастарды, олардың синтетикалық баламалары мен жасанды еліктемелерін сәйкестендіруді жүргізу мақсатында адамдарды, багажды және қол жүгін тексеруге (қарауға) арналған.
26. Аппаратураның параметрлері мыналар болып табылады:
а) аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттердің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады;
б) аппаратураның параметрлері мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс;
в) қызмет ету мерзімі – 7 жылдан кем емес;
г) есептерді қалыптастыру, деректерді жиынтықтау (өлшеу нәтижелерін қоса алғанда, сәйкестендіру хаттамаларын қалыптастыру, сақтау және басып шығару, есепті PDF форматта сақтау);
д) орнатылған деректер қорын пайдалана отырып минералдарды (асыл тастарды қоса алғанда) автоматты түрде сәйкестендіру;
е) анықтамалық ақпаратты көрсету (сәйкестендіру объектілері туралы қосымша ақпарат, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының кодтары, аппаратурамен жұмыс жөніндегі нұсқаулық);
ж) әртүрлі минералдарды (асыл тастарды қоса алғанда) жинау, өңдеу, сақтау, мұрағаттандыру, деректер қорын құру және минералдарға талдау жүргізу барысында алынған өлшеу нәтижелерін беру (өлшеудің кемінде 100 000 нәтижесін, сондай-ақ асыл тастарды қоса алғанда, минералдардың кемінде 450 эталондық үлгілері туралы деректерді сақтау);
з) деректер қорын кеңейту және анықтамалық ақпаратты түзету;
и) 4-кестеде көрсетілген мәндерден төмен емес сипаттамалар.
4-кесте
Параметрдің атауы | Көрсеткіштің мәні |
Талдау (зерттеу) әдісі | рамановский спектроскопиясы |
Сәйкестендіру ықтималдығы (кемінде, %) | 0,85 |
Жұмыс режимін белгілеу уақыты | 1 |
Диагностика уақыты (сек.) | 5 ÷ 60 |
Үздіксіз жұмыс істеу уақыты (кем емес, сағат) | 8 |
Конструктивтік жасалуы | шаң-ылғалдан қорғалған |
Шеткерідегі жабдықты қосуға арналған негізгі стандартты жалғағыштардың болуы (USB 2.0/3.0), желілік (LAN) | міндетті |
Үлгілерді кемінде үш жазықтықта ұстағыштары бар құрылғының (механизмнің) болуы | иә |
X. Құжаттардың, ақша белгілерінің және қорғалған қағаздардың түпнұсқалығын тексеретін аппаратура
27. Құжаттардың, ақша белгілерінің және қорғалған қағаздардың түпнұсқалығын тексеретін аппаратура (бұдан әрі осы бөлімде – аппаратура) паспорттарды, жүргізуші куәліктерін, техникалық және көлік құжаттарын, кету визаларын және бұзбай бақылау әдісімен жалған (бұрмалау) екенін анықтау мақсатымен мөрлерді, банкноттар мен басқа да бағалы қағаздарды және арнайы қорғанысы бар өзге құжаттарды тексеру мақсытнда адамдарды, багажды және қол жүгін тексеруге (қарауға) арналған.
28. Аппаратураның параметрлері 5-кестеде көрсетілген мәндерден төмен емес сипаттамалар болып табылады.
5-кесте
Параметрдің атауы | Көрсеткіштің мәні |
Сәулелендіру көздерінің жұмыс режимдерін басқаруға арналған пернетақтаның болуы | иә |
Фото-, видеокамераның типі | түрлі түсті |
Оптикалық (цифрлық) үлкейту | 20/1,4 |
Ажыратымдылық (кем емес, пиксель) | 1 920 х 1 080 |
Камераның функционалдық ерекшеліктері |
ақ түстің автоматты балансы, |
Бақылау объектісінің өлшемі | 210 х 300 |
Бояғыш заттардың жасырын оптикалық қасиеттерін зерттеу мүмкіндігі (ИК-люминесценция) | иә |
Функционалдық ерекшеліктері | аппаратура жүйелерін жағдайын сервистік индикациялаудың болуы |
аппаратура панелінен және басқару бағдарламасының жұмыс терезесі арқылы басқару мүмкіндігі | |
жанаспай сәйкестендіргіш | |
штрих кодтарды оқып алу және айырып тану | |
рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғау жүйесінің болуы | |
адамды ультракүлгін сәулелендірудің зиянды әсер етуінен қорғау қауіпсіздігін арттырудың техникалық шешімдерінің болуы | |
Штрих кодтарды оқып алу және айырып тану |
бірөлшемді штрих кодтарды оқып алу |
екіөлшемді штрих кодтарды (PDF417) және (немесе) мүше мемлекеттерің заңнамасымен белгіленген өзге штрих кодтарды оқып алу | |
Монитордың типі | түрлі түсті, FullHD, HDMI |
Монитордың диагоналы (кем емес, дюйм) | 19 |
Ажыратымдылық (кем емес, пиксель) | 1 920 х 1 080 |
МиниHDMI жалғастырғыш кабелі | иә |
Пернетақта | желілік, USB |
"Тінтуір" манипуляторы | желілік, USB |
Видеоақпаратты өңдеуге және редакциялауға арналған алдын ала орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы | иә |
29. Аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттердің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады.
XI. Өлшеу шегі 150 кг дейінгі электрондық таразы
30. Өлшеу шегі 150 кг дейінгі электрондық таразы (бұдан әрі осы бөлімде – аппаратура) тексеру (қарау) барысында багаждың және қол жүгінің құрамындағы тауарлардың (нәрселердің, заттардың) массасын өлшеуге арналған.
31. Аппаратураның параметрлері мыналар болып табылады:
а) өлшеу нәтижелерін мониторда көрсету;
б) нәтижелерін жергілікті есептеуіш желі бойынша беру мүмкіндігімен тауарлардың (нәрселердің, заттардың) массасын өлшеу;
в) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуі кезінде туындайтын электромагниттік кедергілердің әсер етуінен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуы;
г) аппаратураның метрологиялық сипаттамалары мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген метрологиялық талаптармен айқындалады;
д) жиілігі 50 ± 1 Гц және кернеуі 220 В ± 10 % айнымалы ток желісінен жұмыс істеу;
е) қызмет ету мерзімі – 7 жылдан кем емес;
ж) аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттердің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады.
XII. Өлшеу шегі 3 кг дейінгі электрондық таразы
32. Өлшеу шегі 3 кг дейінгі электрондық таразы (бұдан әрі осы бөлімде – аппаратура) тексеру (қарау) барысында багаждың және қол жүгінің құрамындағы тауарлардың (нәрселердің, заттардың) массасын өлшеуге арналған.
33. Аппаратураның параметрлері мыналар болып табылады:
а) өлшеу нәтижелерін мониторда көрсету;
б) нәтижелерін жергілікті есептеуіш желі бойынша беру мүмкіндігімен тауарлардың (нәрселердің, заттардың) массасын өлшеу;
в) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан өзге аппаратураның жұмыс істеуі кезінде туындайтын электромагниттік кедергілердің әсер етуінен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуы;
г) аппаратураның метрологиялық сипаттамалары мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген метрологиялық талаптармен айқындалады;
д) жиілігі 50 ± 1 Гц және кернеуі 220 В ± 10 % айнымалы ток желісінен жұмыс істеу;
е) қызмет ету мерзімі – 7 жылдан кем емес;
ж) аппаратура температурасының және ылғалдылығының жұмыс диапазоны мүше мемлекеттердің климаттық жағдайлары ескеріле отырып айқындалады.