Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы комиссия шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 1 желтоқсандағы "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі және зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы" № 158 Шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 182 Шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 1 желтоқсандағы № 158 Шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінде:
а) "Жарылыстан қорғаудың "n" түрі" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жарылыстан қорғаудың "n" түрі | |||
27 | 4-баптың 1, 2 және 5-тармақтары, 1-қосымшаның IV бөлімі | МемСТ 31610.15-2014/IEC 60079-15:2010 "Жарылыс қаупі бар орталар. 15-бөлік. Жарылыстан қорғаудың "n" түрі бар жабдық | 30.06.2027 дейін қолданылады |
28 | МемСТ 31610.15-2012/IEC 60079-15:2005 "Жарылыс қаупі бар газды орталарға арналған электр жабдығы. 15-бөлім. Қорғаудың "n" түрі бар электр жабдығының конструкциясы, оны сынау және таңбалау | 30.06.2023 дейін қолданылады | |
281 | МемСТ 31610.15-2020 (IEC 60079-15:2017) "Жарылыс қаупі бар орталар. 15-бөлік. Жарылыстан қорғаудың "n" түрі бар жабдық |
";
б) "Электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру | |||
34 | 4-баптың 1, 2 және 5-тармақтары | МемСТ 31610.19-2014/IEC 60079-19:2010 "Жарылыс қаупі бар орталар. 19-бөлік. Электр жабдығын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру" | 30.06.2027 дейін қолданылады |
341 | МемСТ 31610.19-2022 (IEC 60079-19:2019) "Жарылыс қаупі бар орталар. 19-бөлік. Жабдықтарды ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу және қалпына келтіру" | 01.07.2023 бастап қолданылады |
";
в) мынадай мазмұндағы "Жабдық тораптары" бөлімімен толықтырылсын:
"Жабдық тораптары | |||
82 | 4-баптың 1, 2 және 5-тармақтары, 1-қосымшаның IV бөлімі | МемСТ 31610.46-2020 (IEC TS 60079-46:2017) "Жарылыс қаупі бар орталар. 46-бөлік. Жабдық тораптары" |
";
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінде:
а) "Жарылыстан қорғаудың "n" түрі" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жарылыстан қорғаудың "n" түрі | |||
22 | 5-баптың 1-тармағы | МемСТ 31610.15-2014/IEC 60079-15:2010 "Жарылыс қаупі бар орталар. 15-бөлік. Жарылыстан қорғаудың "n" түрі бар жабдық | 30.06.2027 дейін қолданылады |
23 | МемСТ 31610.15-2012/IEC 60079-15:2005 "Жарылыс қаупі бар газды орталарға арналған электр жабдығы. 15-бөлік. Қорғаудың "n" түрі бар электр жабдығының конструкциясы, оны сынау және таңбалау | 30.06.2023 дейін қолданылады | |
231 | МемСТ 31610.15-2020 (IEC 60079-15:2017) "Жарылыс қаупі бар орталар. 15-бөлік. Жарылыстан қорғаудың "n" түрі бар жабдық |
";
б) "Электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру" және "Газ бен буды сыныптауға арналған заттардың сипаттамасы. Сынау әдістері және деректер" бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру | |||
29 | 5-баптың 1-тармағы | МемСТ 31610.19-2014/IEC 60079-19:2010 "Жарылыс қаупі бар орталар. 19-бөлік. Электр жабдығын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру" | 30.06.2027 дейін қолданылады |
291 | МемСТ 31610.19-2022 (IEC 60079-19:2019) "Жарылыс қаупі бар орталар. 19-бөлік. Жабдықтарды ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу және қалпына келтіру" | 01.07.2023 бастап қолданылады | |
Газ бен буды сыныптауға арналған заттардың сипаттамасы. Сынау әдістері және деректер | |||
30 | 5-баптың 1-тармағы | МемСТ 31610.1.1-2012/IEC 60079-1-1: 2002 "Жарылғыш газ ортасына арналған электр жабдықтары. 1-1-бөлік. Жарылысқа төзімді "D" қабықшалары. Қауіпсіз эксперименттік максималды алшақтықты анықтауға арналған сынақ әдісі" | 31.12.2023 дейін қолданылады |
31 | МемСТ 31610.20-1-2016/IEC 60079-20-1:2010 "Жарылыс қаупі бар орталар. 20-1-бөлік. Газ бен буды сыныптауға арналған заттардың сипаттамасы. Сынау әдістері және деректер" | ||
32 | МемСТ Р МЭК 60079-20-1-2011 "Жарылыс қаупі бар орталар. 20-1-бөлік. Газ бен буды сыныптауға арналған заттардың сипаттамасы. Сынау әдістері және деректер" | 30.06.2023 дейін қолданылады | |
321 | МемСТ 31610.20-1-2020 (ISO/IEC 80079-20-1:2017) "Жарылыс қаупі бар орталар. 20-1-бөлік. Газ бен буды сыныптауға арналған заттардың сипаттамасы. Сынау әдістері және деректер" |
";