Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 1 желтоқсандағы № 158 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 182 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы комиссия шешті:

      1.  Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 1 желтоқсандағы "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі және зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы" № 158 Шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 182 Шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 1 желтоқсандағы № 158 Шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінде:

      а) "Жарылыстан қорғаудың "n" түрі" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жарылыстан қорғаудың "n" түрі

27

4-баптың 1, 2 және 5-тармақтары, 1-қосымшаның IV бөлімі

МемСТ 31610.15-2014/IEC 60079-15:2010 "Жарылыс қаупі бар орталар. 15-бөлік. Жарылыстан қорғаудың "n" түрі бар жабдық

30.06.2027 дейін қолданылады

28

МемСТ 31610.15-2012/IEC 60079-15:2005 "Жарылыс қаупі бар газды орталарға арналған электр жабдығы. 15-бөлім. Қорғаудың "n" түрі бар электр жабдығының конструкциясы, оны сынау және таңбалау

30.06.2023 дейін қолданылады

281

МемСТ 31610.15-2020 (IEC 60079-15:2017) "Жарылыс қаупі бар орталар. 15-бөлік. Жарылыстан қорғаудың "n" түрі бар жабдық


      ";

      б) "Электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру

34

4-баптың 1, 2 және 5-тармақтары

МемСТ 31610.19-2014/IEC 60079-19:2010 "Жарылыс қаупі бар орталар. 19-бөлік. Электр жабдығын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру"

30.06.2027 дейін қолданылады

341

МемСТ 31610.19-2022 (IEC 60079-19:2019) "Жарылыс қаупі бар орталар. 19-бөлік. Жабдықтарды ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу және қалпына келтіру"

01.07.2023 бастап қолданылады

      ";

      в) мынадай мазмұндағы "Жабдық тораптары" бөлімімен толықтырылсын:

      "

Жабдық тораптары

82

4-баптың 1, 2 және 5-тармақтары, 1-қосымшаның IV бөлімі

МемСТ 31610.46-2020 (IEC TS 60079-46:2017) "Жарылыс қаупі бар орталар. 46-бөлік. Жабдық тораптары"


      ";

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінде:

      а) "Жарылыстан қорғаудың "n" түрі" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жарылыстан қорғаудың "n" түрі

22

5-баптың 1-тармағы

МемСТ 31610.15-2014/IEC 60079-15:2010 "Жарылыс қаупі бар орталар. 15-бөлік. Жарылыстан қорғаудың "n" түрі бар жабдық

30.06.2027 дейін қолданылады

23

МемСТ 31610.15-2012/IEC 60079-15:2005 "Жарылыс қаупі бар газды орталарға арналған электр жабдығы. 15-бөлік. Қорғаудың "n" түрі бар электр жабдығының конструкциясы, оны сынау және таңбалау

30.06.2023 дейін қолданылады

231

МемСТ 31610.15-2020 (IEC 60079-15:2017) "Жарылыс қаупі бар орталар. 15-бөлік. Жарылыстан қорғаудың "n" түрі бар жабдық


      ";

      б) "Электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру" және "Газ бен буды сыныптауға арналған заттардың сипаттамасы. Сынау әдістері және деректер" бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру

29

5-баптың 1-тармағы

МемСТ 31610.19-2014/IEC 60079-19:2010 "Жарылыс қаупі бар орталар. 19-бөлік. Электр жабдығын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру"

30.06.2027 дейін қолданылады

291

МемСТ 31610.19-2022 (IEC 60079-19:2019) "Жарылыс қаупі бар орталар. 19-бөлік. Жабдықтарды ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу және қалпына келтіру"

01.07.2023 бастап қолданылады

Газ бен буды сыныптауға арналған заттардың сипаттамасы. Сынау әдістері және деректер

30

5-баптың 1-тармағы

МемСТ 31610.1.1-2012/IEC 60079-1-1: 2002 "Жарылғыш газ ортасына арналған электр жабдықтары. 1-1-бөлік. Жарылысқа төзімді "D" қабықшалары. Қауіпсіз эксперименттік максималды алшақтықты анықтауға арналған сынақ әдісі"

31.12.2023 дейін қолданылады

31

МемСТ 31610.20-1-2016/IEC 60079-20-1:2010 "Жарылыс қаупі бар орталар. 20-1-бөлік. Газ бен буды сыныптауға арналған заттардың сипаттамасы. Сынау әдістері және деректер"


32

МемСТ Р МЭК 60079-20-1-2011 "Жарылыс қаупі бар орталар. 20-1-бөлік. Газ бен буды сыныптауға арналған заттардың сипаттамасы. Сынау әдістері және деректер"

30.06.2023 дейін қолданылады

321

МемСТ 31610.20-1-2020 (ISO/IEC 80079-20-1:2017) "Жарылыс қаупі бар орталар. 20-1-бөлік. Газ бен буды сыныптауға арналған заттардың сипаттамасы. Сынау әдістері және деректер"


      ";

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады