2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен код берудің үйлестірілген жүйесінің 7-ші басылымының негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының жаңа редакциясының қабылдануына байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.26-бөлімінің 2-кіші бөлімі мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Жанбайтын, құрамында темекі немесе қалпына келтірілген темекі бар жұтуға арналған өнім, | 2404 11 000". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |